Оқу құралымен және қосымша құралдармен жұмыс. Оқушылар едәуір ақпаратты әр түрлі кітап көздерінен-анықтама әдебиеттен, оқу құралдарынан, сән журналдарынан т.б. алады. Кітап көздерімен жұмыс арқылы оқушылар білім жүйесін меңгеріп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
Арнайы құралдармен жұмыс істеудің әдістемесі оларды қандай мақсатпен қолдануға, тың білім алуға ма, әлде оларды тиянақтау мен қайталауға ма /қорытындылау/ байланысты.
Нұсқау беру.Технологиядан сабақ берудің тиімді әдістеінің бірі-нұсқау беру, яғни сарамандық жұмысты беру үшін негізгі техникалық біліммен таныстыру, оны орындаудың тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Нұсқау берудің нәтижесінде оқушыға
тақырыптар, жұмыстың мақсаты мен тәсілдері түсінікті болуға тиіс. Мұғалім нұсқау беру барысында оқушыларға оны орындауда кететін қалыпты қателіктер, еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы, өз іс-қимылдарын-қай жерде, қашан және нені бақылау керектігі жайыңда әңгімелейді. Мұғалім оқушылардан бұл іс-әрекеттерді және тәсілдерді қайталауды сұрайды, оларды неғүрлым тиімді орындау үшін нұсқаулар береді, қателіктерді талдайды. Жұмыс барысында кіріспе, ағымдағы нұсқау беру және қорытынды нұсқау беру деп бөлінеді.
Кіріспе нұсқау беру.Кіріспе нұсқау берудің көлемі мен мазмұны оқушылар танысуға тиісті материалдың тың болуына, еңбек тапсырмасын орындаудың қызметіне байланысты. Мұғалім тақырыпты, сарамандық жұмыстың мақсатын хабарлайды, жаңа материалды талдайды, одан кейін жұмыстың ретімен, әрбір еңбек операциясын орындаудың қажетті тәсілдерімен, қолданылатын аспаптармен және басқа құрал-жабдықтармен таныстырады.
Технология бахдарламасы оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімі мен үйренген шеберлігіне негізделген. Осыны ескере келе, мұғалім нұсқау берудің толықтығы мен қысқалығы туралы мәселені де шешеді. Егер оқушыларға жұмыстың тәсілдері белгісіз болса, шеберлік пен дағдылар жоқ болса, онда нұсқау беру толық болуға тиіс.
Ағымдағы нұсқау беру.Ағымдағы нұсқау беру оқушылардың жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, аралап шығу процесінде қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім аралауды белгілі бір жүйелілікпен алдынала жоспарлауы мүмкін немесе әр оқушының жұмысын бақылайды. Аралап шығу мақсатты, кешенді болады.
Мақсатты варианттар барлық оқушылар жаппай жұмыстың бір түрін орындағанда атқарылады. Ал кешенді аралап шығу тәсілдердің орындалу дұрыстығын ғана емес, сонымен қатар технологиялық реттілігін, операцияны орындаудың сапасын, өз еңбегін жоспарлай білуін және өзін-өзі бақылауды, өзара бақылауды т.б. жүзеге асырылуын қадағалауды да жүргізеді.
Ағымдағы нұсқау беру процесінде мұғалім оқушылардың қателерін тауып, түзейді,қатені қалай түзеуді және алдағы жұмыста оған жол бермеуді түсіндіреді. Сөйтіп ағымдағы нұсқау беру жеке және ұжымды болуы мүмкін.