Қорытынды нұсқау беру. Сарамандық жұмысты аяқтау нәтижесінде иүғалім жұмыс қорытыңдысын шығару мақсатымен ақырғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім сынып алдында үздік жұмыстарды көрсетіп, олардың жақсы жағы мен кемшіліктеріне жақты тоқталады, оқушылар жұмысында қалыпты
кемшіліктерді және олардың көздерін талдайды, орындалған жұмыстың нәтижелерін хабарлайды.
Технология сабақтарында жазбаша нұсқау да пайдаланылады. Мұнда оқушыларға нұсқау карталары таратылады. Онда еңбек операциясын өткізудің реті, оларды өткізудің тәсілдері, қажетті аспаптар мен материалдар көрсетіледі. Жазбаша нұсқау беруді практикалық жұмыс процесінде бір сабақта екі немесе күрделі бір еңбек операциясын жасаған кезде қолданған тиімді. Мұндай жағдайда ауызша нұсқаудан гөрі кейде оқушыларға нұсқау карталары таратылады да мұғалімнің ауызша әңгімесін жазбаша түрде еске түсіреді.
Оқыту нұсқау карталарымен жұмыс.Жазбаша нұсқау беру технология бойынша мектеп шеберханаларының жұмыс сараманына кеңінен енгізілуде. Ол технологиялық операциялардың мазмұнын, техникалық жағдайларын айқындауға, операцияларды орындауға, олардың тәсілдеріне, бір немесе бірнеше операцияларды орындаудың суреттері мен сызбаларын жасауда өзін-өзі бақылауды іске асырудың әдістеріне негізделеді. Мұндай нұсқау карталарын пайдалану оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз жұмысына талдау жасап, оны бағалауға ұмтылыс жасап отырады.
Жаттығулар. Технология сабақтарын жоспарлай келе мұғалім мүмкіндігінше оқушыларды көбірек жаттықтыруға тырысады. Жаттығу қатаң жүйелілікті талап етеді, әрбір жаңа дағдылану бұрын жинақталған білім мен үйрену жүйесіне қосылуы тиіс. Жаттығулар оқушылардың бастапқы еңбек тәсілдері мен қимылдарын меңгеру, дағдылануды қалыптастыру, еңбек қызметі мен өзін-өзі бақылауды жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, аспаптарды, құралдарды, жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылады.
Жаттығулардың көмегімен біліктілік пен дағдылану біртіндеп жинақталады, қалыптасқаннан кейін олар берік орнығады.
Білімді, біліктілік пен дағдыларды тексеру менбағалау.
Тексерудің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларының зерттелген материалды меңгеруінің сапасын анықтау және оқу туралы олардың жауапкершілігін арттыру.
Тексерудің турлері-білім, біліктілік және дағдылану. Тексерудің негізгі түрлер-ағымдағы тексеру және емтихандар.
Ағымдағы тексеру әрбір сабақта өткізіледі, ол ауызша, жазбаша, болуы мүмкін.
Емтиханда білім, біліктілік, дағдыны тексеру
мамандандырылған сипатта өтеді.
Технологияның білім саласына төмендегідей талаптар қойылады.