Кесте өнері - қолданбалы қолөнер түрінің бірі. «Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас,
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар баһра ала алмас»
Абай. Кесте және оның түрлері. Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтердің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары, қалыңдық пен күйеудің, батырлар мен сауыққойлардың бас киімі, белбеу, киімнің жаға-жеңдері мен балақтары әр түрлі жамылғыштар мен кежімдер және басқа да осы сияқты жол-жорық, үй-іші мүліктері кесте өрнегімен жиі безендірілетін. Халық салтында мүндай өрнектеудің кейбіреулері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Оның себебі әдемі ұнасымды кесте ою-өрнегінің барлық түріне бірдей қолдануға тиімді. Міне, осы сияқты бізбен, машинамен және иенмен көркемдеп тігілген кестені әшекейлеп кестелеу (художественная вышивка) деп атайды. Өнер қазынасының сарқылмас мұхиты халық «адам өнерімен әсем, аң жүнімен әсем» деп келіп, «кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп қорытқан. Кесте өнері осы айтылғандай нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу.
Біз кестедөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Шым кесте түс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады.
Әредік кестедематериалдың әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы,перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.