Кеуде клеткасының рентгеннографиясын



бет10/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Жүйелі қызыл жегі

57.Науқас әйел адам Т., 30 жаста, проксимальды фаланга аралық, алақан сүйек –фалангалық буындардың, білезік, шынтақ буындарының қабыну сипаттағы, симметриялы ауырсыну мен ісінуіне шағымданады; зақымдалған буындардың қозғалысы шектелген; таңертеңгілік құрысу 2 сағат бойы. Қарағанда: алақан сүйектер –фалангалық буындардың шамалы ульнарлы девиациясы. Қанда: эр-4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ; РФ-32,2 UI/ml (5,5 UI/ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Мүмкін болатын диагноз


Ревматоидті артрит

58.Әйел 45 жаста. 10 жыл бұрын білек, алақан сүйек –фалангалық буындардың ауырсыну, таңертеңгілік құрысу пайда болған. Объективті: алақан сүйек –фалангалық буындардың ульнарлық девиациясы. Қол басының бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген. ЖҚА: эритроциттер 4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Қанның БХА: РФ-32,2 UI / ml (5,5 UI /ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Осы ауруды емдеу үшін базистік препарат қайсысы


Метотрексат

59.Инфекциядан кейін науқаста созылмалы гломерулонефрит диагнозы қойылған. Жедел гломерулонефриттің негізгі этиологиялық факторын атаңыз


А тобындағы В- гемолитикалық стрептококк

60.45 жастағы әйел адам оң жақ бел аймағының ауырсынуына, зәр шығаруының жиілеуіне (түнде 2-3 ретке дейін), кешкі уақыттағы субфебрильді температураға шағымданды. 20 жасында зәр шығару жолдарының инфекциясымен ауырған. Бүйректің УДЗ-де: оң жақ бүйректің тостағаншасы, түбекшесі кеңейген. Зәр шығару жолдарының инфекциясының өршуін нақтылау үшін ең тиімді әдіс


Зәрдің бактериологиялық себіндісі

61.38 жастағы әйел адам 10 жыл бойы суықта саусақтарының ағарып ауырсынуын байқаған. Соңғы жылдары үдей түскен, қол басы ұсақ буындарының және білектерінің артрит белгілері, қатты тағамды жұтынудың қиындауы пайда болған. Қан талдауында: ЭТЖ - 40 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз


Жүйелік склеродермия

62.Науқас 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет