Протонды помпа ингибиторы +ампициллин + кларитромицин
41.Науқас Р., 21 жаста, кіндік маңындағы күші әртүрлі сипаттағы ауырсынуға, ауырсыну үлкен дәреттен соң жойылатын, кезеңді түрде диареяның іш қатумен алмасуына, ішінің кебуіне шағымданады. Қарағанда: тоқ ішектің барлық бөлімдерінде ауырсынады. Нв-123 г/л, лейкоциттер – 8,0х109/л., ЭТЖ 14 мм/сағ. Рентгенологиялық зерттеуде: дискинезия белгілері; колоноскопияда: спазмға бейімділік бар. Берліген емдік шаралардың қайсысын тағайындаған жөн
Диета, күйзелісті төмендету, пробиотиктер
42.35 жастағы әйелді бетінің жіне аяқтарының ісінуі мазалайды. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Жалпы қан анализінде: Нв-76 г/л, эриттроцит-2,6 х1012/л, лейкоцит – 3,4 х109/л, тромбоцит - 158 х109/л, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауы: жалпы ақуыз - 46 г/л, альбуминдер - 28%. Зәр талдауында: ақуыз-14,3 г/л, эпителий 6-7 к/а, эритроцит – 0-2 к/а. Гломерулонефритті емдеудің төрт компонентті терапиясы тағайындалады. Препараттардың қандай комбинациясы төрт компонентті терапияға сәйкес келеді
Цитостатиктер + кортикостероидтар + антиагреганттар + антикоагулянттар
43.Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде тағайындалатын ең тиімді препарат
Амоксициллин
44.57 жастағы ер адам оң жақ табанының І-ші бақайында кенеттен пайда болған ауырсынуға және көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, ұстағанда ыстық; буын қозғалсының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін жоғарылауына, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: сол жақ құлақ қалқанында және сол жақ шынтақ буынының ішкі бетінде тофустар байқалады. Подаграның жедел ұстамасын басу үшін қолданылады
Колхицин
45.Науқас К., 50 жаста жүрген кезде күшейетін тізе буындарының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлық тіндердің тығыздалуы, крепитация. Дистальды фалангааралық буындарының аймағында тығыз түйіндер байқалады. ЖҚА: эр - 4,2х1012/л, лейк - 5,6х109/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ, СРА – теріс. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін
Остеоартрит
46.Науқас О., 52 жаста, оң жақ шынтақ буынында кенеттен пайда болған ауырсынуға, қабынған буынының көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, жанасқанда ыстық, ісінуге, қозғалысының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Ауру тарихынан: соңғы 2 жыл ішінде өзін сырқатпын деп санайды, сол кезде сол жақ табаның I-ші бақайының ауырсынуы, ісінуі және қызару пайда болған, бір айдан кейін осы белгілер сол жақ тізе буынында байқалған. Мұмкін болатын диагноз
Достарыңызбен бөлісу: |