геморрагиялық васкулит
316.Бала 6 жаста. Шағымы: тізе, табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен, бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті
асқазан ішектен қан кетуімен
317.4 жасар бала ауруханада полисегментарлы пенвмониямен жатыр. 6 – шы күні баланың жалпы жағдайы нашарлады, әлсіздік, ентігу, тахиаритмия, жүректің көлденең шекарасының ұлғаюы, жүрек үндерінің әсіресе 1 тонның күшеюі, функционалдық, систолалық шудын пайда болуы анықталады. Осы баланың жағдайының нашарлауы немен байланысты
миокардитпен
318.7 жасар қыз бала. Шағымдары: ұстамалы жөтел, ысқырықты тыныс алу. Жанұяда – анасында қайталамалы бөртпелер. 1 - 4 жасында мамыр айында қаладан тыс жерде балада ұстамалы ентігу пайда болады. Қалаға келгенде, өз бетімен басылды.Осы ұстамасы шоколадтан кейін пайда болады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа, терісі бозғылт, тынысы ысқырықты, алыстан естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. ТЖ - 1 мин. - 28 рет. Өкпесінде перкуторлы дыбыс, «қорап» тәрізді. Аускультацияда бүкіл өкпесінде құрғақ сырылдар. Қан анализінде: э. – 14 %, рентгенограммада өкпенің – суреті күшейген, ошақтар жоқ. Диагноз қойылған – бронх демікпесі. Обструктивті синдромның негізгі механизмі қандай
бронхоспазм
319.Науқастың сырқаты жедел басталды, дене қызуы кенеттен 40 0С дейін көтеріліп, басының қатты ауыруына, қайталап құсуына, қолының саусақтарының буындарының ауырсынуына шағымданды. Объективті анықталғаны: аяқ-қолдарында және жамбасында пішіні дұрыс емес жұлдызша тәрізді ортасы некроздалған геморрагиялық бөртпелер пайда болды, олар басқанда жоғалып кетпейді. Менингеальдік белгілер оң. Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет
люмбальдік пункция
320.Қызбасы бар сәбиде БЖАИЖ бағдарламасы бойынша міндетті түрде не тексеру керек
Достарыңызбен бөлісу: |