Кеуде клеткасының рентгеннографиясын


Мидың самай бөлігінің отогендік абсцессімен асқынған созылмалы отиттің өршуі



бет66/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Мидың самай бөлігінің отогендік абсцессімен асқынған созылмалы отиттің өршуі.

423.Науқас К, 23 жаста мұрынның бітелуіне, естудің төмендеуіне, құлағындағы шуға шағымданады. Анамнезінде 1 апта бұрын ЖРВИ- мен ауырған. Қарағанда: АD- AS Mt- әлсіз күлгін, балғашық сабы қан тамырларының инъекциясы байқалады. СС - 4м, мұрынның шырышты қабаты қызарған, ісіңген, кілегейлі-іріңді бөлінділер бар. Қандай диагноз:


2 жақты туботимпанит

424.Науқас дәрігерге оң құлағының қатты ауыратындғына шағымданып келді. Анамнезінен ЖРА-дан кейін жедел ауырған. Құлағындағы ауру түнде аяқ астынан пайда болып, жұтқыншақ пен басқа берілген. Ауру сезімі шыдатпайтындай болған. Отоскопияда: AD-AS- есту жолдары бос, Mt- сол жақта сұр түсті, оң жақта дабыл жарғағы айқын қызарған,ісінген. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты ісіңкі, жалпы мұрын жолында кілегейлі-іріңді бөлінділер бар. Диагноз қойыңыз:


Жедел ортанғы отит

425.Науқас С., 45 жаста, ЛОР бөліміне дауыстың қарлығуы, тамақтың жыбырлауы, тамағында қышу сезімінің болуы шағымдарымен жүгінді. Анамнезінде 25 жыл темекі шегуші. Жұту ауыртпалықсыз, ауызды ашу бос. Тікелей емес ларингоскопия кезінде: алмұрт тәрізді синусы бос симметриялы, көмей үсті қозғалмалы. Көмей қуысы бос, фонация кезінде ортаңғы үштен бір бөлігінде дауыс саңылауының жеткіліксіздігі байқалады. Шырышты қабаттың ожау тәрізді шеміршек аралық кеңістігінде конус тәрізді тығыз өсінділер бар. Диагноз қойыңыз:


Пахидермиялық ларингит

426.Науқас емхананың ЛОР-дәрігеріне мұрын жарақатынан кейін пайда болған кезеңді бітелумен шағымданып келді. Науқас тән шағымдар берді: оң жаққа жатса мұрынның оң жағы бітеледі немесе сол жаққа жатса сол жақ бөлігі бітеледі. Риноскопияда: мұрын пердесі оң жаққа қисайған, мұрын жолы тарылған, төменгі мұрын кеуілжірі ұлғайған, шырышты қабаты бозғылт-күлгін.


Вазамоторлы ринит,мұрын пердесінің қисаюы

427. Науқас 45 жаста ЛОР-бөлімшеге дауысының қарлығуына, тамағындағы қышу және Ашу сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде 25 жылғы стажбен темекі шегуші. Жұтыну ауру сезімсіз, ауызының ашылуы еркін. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустар бос, симметриялы, көмей қақпашығы қозғалмалы. Көмейдің қуысы бос, фонацияда дауыс саңылауының үштен ортаңғысында жеңіл қосылмайды. Диагноз қой:


Пахидермиялық ларингит.

428. Науқас С. ЛОР бөліміне жүгінді: жұтылу қиындауы, сұйық тағаммен тұншығу. Науқастың айтуынша, ол үшінші күн тамақ ішпейді, дене температурасы 39,5 градус, терісі ылғалды, дауысы дірілдейді, тынысы еркін, аузын ашу бос. Жұтқыншаққа қараған кезде төгілген гиперемия, бадамша бездер орташа ісінген, борпылдақ. Тікелей емес ларингоскопияда алмұрт тәрізді синустар сілекеймен толтырылған, тіл-көмекей кеңістігі тарылған, көмекей қалыңдатылған, инфильтрацияланған, қозғалғыштығы шектеулі, көмейдің қуысы қиындықпен көрінеді, бос. Дауыс қатпарлары жабылады. Диагноз қойыңыз:


Көмекей абсцессі

429. 25 жастағы науқас әйел дәрігерге жиі баспамен ауыратындығына, субфибрилитетке, кезеңді артралгияға шағымданып келді. Қарап тексергенде аранда: бадамша бездер тыртықты өзгерген, доғашықпен қосылған, ротация кезінде қозғалыссыз, алдыңғы–таңдай доғашықтары ісіңген, қызарған, лакунада казеозды тығындар бар. Жақ бұрышында ұлғайған лимфа түйіндері пальпацияланады.Диагноз қойыңыз:


Созылмалы тонзиллиттің декомпенсацияланған сатысы.

430. Науқас әйел оң құлағындағы самайға берілетін қатты ауру сезіміне, мұрынның бітелуіне, бастың ауруына, ыстығының жоғарылағандығына шағымданады. Анамнезінде – ауырғанына 2 күн болған. Аурудың басталуын мұрнынан су ағумен байланыстырады. Отоскопияда: AD-есту жолдары бос, терісі өзгермеген, Mt- қызарған, ісіңген, томпайған. Есту оң құлағында төмендеген СС-2м, Вебер сынамасында дыбыс оңға бағыталған. Диагноз қойыңыз:


Оң жақты жедел ортаңғы отит.

431. Науқас сол құлақтың қатты ауыратындығына, оның самайға және шекеге берілетіндігіне, шайнаған кезде үдейе түсетіндігіне, ыстығының 37,7°С-ге дейін көтерілгендігіне шағымданады. Отоскопияда: AS- есту жолының алдыңғы қабырғасында конус тәрізді төмпешік анықталады. Оның үстіндегі тері қызарған. Түзілістің ортасында- ірің бар, есту жолы тарылған. Құлақ қалқаншысының алдындағы лимфа түйіні ұлғайған. Диагноз қойыңыз:


Сыртқы есту жолының алдыңғы қабырғасының шиқаны.

432. Қандай ауруға тән: мұрын арқылы тыныс қиындаған, мерзімді мұрыннан қан кету, жабық маңқалық, саусақ арқылы зерттеу, артқы риноскопия кезінде тегіс беткеймен ісік тәрізді түзіліс анықталады.


мұрын-жұтқыншақ ангиофибромасы

433. Стационарға естуінің төмендеуі және оң құлақтан жағымсыз иіспен іріңнің ағуы шағымдарымен 45 жастағы науқас келді. Анамнезінде 20 жыл бойы оң құлақтан мерзімді түрде іріңнің ағуы, уақытылы емделмеді. Отоскопия: сыртқы есту жолында жағымсыз иіспен іріңді бөліністер, дабыл пердесінің шеткі дефектісі, ақ түстес ұнтақ секілді массалар. Диагнозды қойыңыз:


созылмалы іріңді эпитимпонит, холестатомамен асқынған

434. Науқас қабылдау бөлімшесіне құлағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Өзін 3 күн ауру деп есептейді, ЖРВИ- белгілері пайда болғаннан кейін. Отоскопияда: AS- есту жолы бос, Mt- сол жақтан сұр түсті, AD- сүйекті бөлігінде есту жолы томпайған буллезді түзілістің әсерінен тарылған, ол геморрагиялық заттан тұрады және есту жолының артқы қабырғасында орналасып, дабыл жарғағына өткен. Диагноз қойыңыз:


Буллезді отит.

435. Қыз бала 10 жаста, қабылдау бөлімшесіне тамағындағы ауру сезіміне, температураның жоғарылауына,әлсізідікке шағымданып түсті. Анамнезінен 3 күн бұрын ауырды. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты, дене температурасы 40°С, терісі ылғалды. Фарингоскопияда: жұтқыншақтың шырышты қабаты гиперемияланған, бадамша бездер ақ жабындымен жабылған, мойын лимфа түйіндері жақ асты және жақ бұрышы аймағында ұлғайған. Шап және қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Қан анализінде: лейкоциттер- 13*10^9 г/л Сегментоядролы нейтрофильдер- 23% Таяқшаядролы- 0% Лимфоциттер- 50% Эозонофилдер- 0% Моноциттер- 26%. Диагноз қой:


Моноцитарлы баспа.

436. Науқас жөтелу, қарлығу, дене қызуының жоғарлауы, яғни екі күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін пайда болғанына шағымданады. Бүгін бұл белгілері күшейе түскен. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағатанарлық температурасы 37,5С. Жұтқыншақ пен мұрын қуысының қабыну өзгерістері байқалмайды. Ларингоскопия: көмейдің шырышты қабаты қызарған. Дыбыс қатпарлары алқызыл, кішкене инфильтрацияланған, дыбыс саңылауы тыныс алу үшін кең. Басқа ЛОР мүшелері өзгеріссіз. Диагнозы қандай?


жедел катаральды ларингит

437. Науқас Г, дәрігерге сол жақ құлағының бітелуіне, естудің төмендеуіне, құлақтағы шуға, судың құйылу сезіміне, аутофонияға шағымданып келді. Отоскопияда: AD-AS-есту жолдары бос, Mt-оң жақта сұр түсті. Риноскопияда: мұрынның шырышты қабаты сәл субатрофияланған, мұрын пердесі төменгі мұрын жолы деңгейінде айдарша тәрізді оңға қисайған. Диагноз қойыңыз:


Жедел ортанғы отит

438. Науқас 32 жаста, темекі шегеді, бір жыл бойында дауысының қарлығуына шағымданады. Суыққа шалдыққан кейін тек қана сыбырлап сөйлейді. Қарағанда жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Мұрын қуысында, жұтқыншақта өзгерістер жоқ. Ларингоскопия: көмейдің кілегей қабаты қызарған, аздап ісінген, дауыс қатпарлары қызарған, қалыңдаған, дауыс саңылауы тыныс алуға жеткілікті. Диагноз?


созылмалы гипертрофиялық ларингит

439. Науқас С. 25 жаста ЛОР-аурухананың қабылдау бөлімшесіне тамағындағы ауру сезіміне, жұтынудың қиындығына шағымданып келді. Анамнезінде 5 жыл бұрын тонзиллэктомия жасалған. Қарап тексергенде сілекей ағу көрінеді, тілдің сыртқа шығарылуы ауру сезімді. Тілдің артқы үштен бір бөлігін қасықпен басқанда ауру синдромы шыдатпайтындай көбейнді. Араңда жайылған гиперемия. Көмей-жұтқыншақты қарап тексергенде тіл түбінің проекциясында сұр-сары түсті бірлі-жарым нүктелік түзілістер бар. Диагноз қой:


Тілдік баспа.

440. 25 жастағы науқас ЛОР- стационардың қабылдау бөлімшесіне келіп тамағындағы ауру сезіміне, гипертермияға, әлсіздікке шағымданды. Науқастың сөзінен жедел ауырғандығы, оны суық шырын ішкенмен байланыстырғандығы анықталды. Анамнезінде: жиі баспамен ауырады. Фарингоскопияда: аран ассиметриялы, артқы таңдай- жұтқыншақ доғашығында айқын ісік бар, сол жағындағы бадамша без ішке және алдыға ығысқан. Диагноз қойыңыз:


Сол жақты артқы паратонзиллит.

441. Науқас ЛОР-стационарға мұрынмен тыныс алуының қиындауына, әлсіздікке шағымданып келді. Алдыңғы риноскопияда солғын сұр, қозғалысты түзілістер анықталды, жалпы мұрын жолында іріңді бөлінділер бар. Диагноз қойыңыз:


Полипозды риносинусит.

442. ЛОР дәрігеріне 25 жастағы науқас басының ауыратындығына, әлсіздікке, мұрнының бітелетіндігіне, іріңнің ағатындығына шағымданып келді. Оның айтуынша суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Тексергенде мұрынның шырышты қабаты қызарған, аздап ісіңген, жалпы мұрын жолында ірің бар. Рентгенограммада гаймор қуысының жиекті гиперплазиясымен қатар сұйықтық деңгейі аңғарылады. Диагноз қойыңыз.


Екі жақты созылмалы гаймориттің өршуі

443. Науқас С ЛОР-бөлімшеге шағымданып келді: жұтынудың қиындауына, сұйық тағаммен шашалуға. Науқастың сөзінен 3-ші күн тамақ ішпеді, дене температурасы 39,5 °С , терісі ылғалды, дауысы қарлыққан, тынысы ауызының ашылуы еркін. Қарап тексергенде: араңда жайылған гиперемия, бадамша бездер сәл ісіңкі, борпылдақ. Тура емес ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустар сөлге толы, тіл-көмей қақпашығы аумағы тарылған, көмей қақпашығы қалыңдаған, инфильтрацияланған, қозғалысы шектелген, көмейдің қуысы қиындықпен көрінеді, бос. Дауыс қатпары қосылады. Диагноз қой:


Көмей қақпашығының абсцессі.

444. Отолариногологқа құлағының қатты қышитындығына, оқтын-оқтын ауру сезіміне болатындығына шағымданып науқас келді. Анамнезінде сыртқы диффузды отиттің бірнеше рет өршуі болған. Отоскопияда AD-AS- сыртқы есту жолдары құрғақ эпидермис пластинкаларымен толы, кейбір жерде бірге қосылып кеткен. Оларды алған соң Mt- сұр түсті, сыртынан сәл жүнмен қапталған сияқты. Диагнозы:


Саңырауқұлақты сыртқы отит

445. Науқаста проф.тексеру кезінде таңдай бадамша бездерінің бетінде тығыз тығындар анықталды. Тілдің түбірін қарап тексергенде тіл бадамша бездерінің проекциясы аймағында осы сияқты түзілістер көрінді. Тығындар конус тәрізді, шырышты қабаттың үстінен томпайып тұрады, қиындықпен алынады. Диагноз қой:


Фарингомикоз.

446. Созылмалы іріңді отитпен ауыратын науқаста сол жағынан басының ауыруына, оның басты оң жағына бұрғанда көбеюіне шағымданады. Дене қызуы 38°С, брадикардия. Науқас өзіне таныс заттарды атай алмайды. Қандай диагноз?


мидың самай бөлігінің іріңдігі

447. Науқас әйел құлағындағы ауру сезіміне, кілегейлі-іріңді бөлінділерге шағымданады. Естудің төмендеуін байқамайды. Жағдайы қанағаттанарлық, ыстығы субфебрилді. Ауру 1 апта бұрын пайда болды, құлықты шпилькамен алып, жарақаттағанымен байланыстырады. Өздігінен үйінде емделген, пайдасы болмаған. Отоскопияда: AD-AS-есту жолдары тарылған, кілегейлі-іріңді бөлінділерге толы, тазартқаннан кейін тек жіңішке оймышпен қарағанда Mt- оң жақта сұр, лай, сол жақта - әлсіз күлгін. Диагноз қойыңыз:


2 жақты сыртқы диффузды отит.

448. Науқас 20 жаста қабылдау бөлімшесіне тамағындағы жұтынған және сөйлеген кезде көбейетін ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Дене температурасы 38°С, жақ асты және иек асты аймағында ісіну бар. Иек асты аймағын пальпациялағанда мойынның алдыңғы және сол жақ бүйір беттеріне таралатын инфильтрат анықталады, тері гиперемияланған. Ауыздың ашылуы қиын, ихорозды иіс шығады, тіл көтеріңкі. Қарап тексергенде араң гиперемияланған, ауыз қуысы түбінің жұмсақ тіндерінің тығыздалуы анықталады. Кариозды тістің экстракциясынан кейін жедел ауырды.Диагноз қой:


Ауыз қуысы түбінің флегмонасы

449. 16 жасар науқаста мұрын арқылы тыныс алудың болмауы, мұрын бітелуі сезімі және оң жақта естудің төмендеуі шағымдарымен келді. 2 жыл бұрын алғаш рет мұрынның бітелуі және мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы белгілерін байқады. Объективті: оң жақта мұрын қуысының артқы бөлімдерінде ашық қызыл түсті түзіліс анықталады. Мұрын арқылы тыныс алу оң жақта анықталмайды. Мұрын-жұтқыншақ қуысында танау тесігі тегіс тығыз түзіліспен толығымен жабылған. Рентгенограммада мұрын-жұтқыншақ қуысын, сына тәрізді қуысты толығымен жабатын және мұрын қуысына таралған жұмсақ тінді түзіліс қараюы анықталады. Түзілісті қоршаған сүйек беттері анық шеттерімен. Сіздің диагнозыңыз?


Мұрынжұтқыншақтың қатерлі ісігі

450. 23 жастағы науқас үйде дәрігерге қоңырау шалып, дене қызуының 4 күн бойы 38oС дейін жоғарылауына, сары-жасыл түсті қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданды. Ауруды салқын тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, тыныс алу жиілігі 20 минут, оң жақта скапула бұрышынан төмен перкуторлы дыбыстың күңгірттік ошағы, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар бар. Бұл науқасқа қандай емдеу әдісі тиімді?


Азитромицин 0,5 х1 р / д ішке 5 күн.

451. 59 жастағы әйел науқас II типті ИНҚД ауырады, жиі жүрек соғысына, бас ауруына, бас айналуына, оң жақ аяғының ауырсынуына шағымданды. Қарап тексергенде: тахикардия, АҚ 85/50 мм, тромбофлебит құбылыстары - гликемия 55 ммоль / л. Кетоацидоз жоқ. Лейкоцитоз. Гиперазотемия. Прекома жағдайындағы науқаста кетон денелерінің болмауын қалай түсіндіруге болады?


инсулиннің эндогендік секрециясын
сақтау сохранение эндогенной секреции инсулина

452. Әйел, 68 жас, басының ауырсуына, көз алдында жыпылықтап қарауытуына, ұйқының бұзылысына шағымданады.Бірінші рет 6 жыл бұрын АҚ 160/100 мм.сын.бағ дейін жоғарылауы байқалды.Жүрек-қантамырлар аурулары бойынша тұқымқуалаушылық белгісі бар, гиподинамия Дене массасының индексі-31 кг.Жүрек тондары тұйықталған, аортада 2 тон акценті. АҚ 175/105 мм сын.бағ.Пульс 68\мин, кернеулі.Б\х- дислипопротеинемия. ЖҚА,ЖЗА- ауытқусыз.Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал


Артериалды гипертензия II ст, қауіп 3

453. 37 жастағы науқас бронх демікпесі бойынша отбасылық дәрігердің есебінде тұр. Ұстама аптасына 1-2 рет, демікпенің түнгі белгілері айына 2-3 рет жиі болып тұрады. Фенотеролмен ингаляцияны үнемі қолданады.Төменде көретілген ағым нұсқаларының қайсысы ықтимал


тұрақты бронх демікпесінің жеңіл ағымы

454. Жедел жәрдем бөліміне 22 жастағы науқас ұйқышылдық, қатты әлсіздік, салмақ жоғалту, шөлдеу және зәр шығарудың жиілеуіне шағымданып түсті. Жоғарыда аталған белгілер соңғы 2-3 аптада мазалайды. Объективті: санасы шатасқан, терісі құрғақ, тері жамылғыларының тургоры төмендеген, бұлшықет гипотониясы байқалады. Тынысы жиілеген (минутына 20-ға дейін), шулы, АҚ 90/60 мм сн.бғ., ЖЖЖ = минутына 98. Аузынан ацетонның иісі шығады. Болжамды диагнозды көрсетіңіз


Алғаш анықталған қант диабеті. кетоацидотикалық прекома

455. Науқас П., 40 жаста, 10 жылдан бері гипотиреозбен ауырады. Ол ұзақ уақыт бойы 125 мкг тәуліктік дозада қалқанша безінің дәрі-дәрмектерін қабылдап келеді. Науқаста тері жамылғыларының құрғауы, іш қату, динамикада есте сақтау қабілетінің нашарлауы, ұйқышылдық бар. Талдауларда: тиреотропты гормон деңгейінің жоғарылауы. Дәрігердің тәсілінде нені өзгерту керек


Тиреоидты препараттардың мөлшерін ұлғайту

456. Әйел 42 жаста, әлсіздікке, басының ауырсынуына, белдің оң жақ бөлігінің ауырсынуы, дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауы, қалтырауға шағымданып келді.Суықтанудан кейін ауыра бастаған.Қарау кезінде: терісі-таза, бозарған, ыстық. Температура 38°С, пульс 88\ мин, АҚ 140/80, 145/85 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, несепағар жүру жолымен ауырсыну бар.Зәр шығаруы ауырсынулы.Зәр анализі: лайлы бұлыңғыр, тығыздығы 1017, ақуыз 0,066 г\л, лейкоциттер мен бактериялар көру алаңында өте көп, оксалаттар.Қандай ем тактикасы ең ықтимал?


Цефтриаксон

457. 40 жастағы науқас диетадағы қателіктерден кейін, оң жақ қабырға астының шаншып ауырсынуына, дене қызуының 37-ге дейін жоғарылауына, әлсіздік, тез шаршаңғыштыққа шағымданады. Ұстамалар 3 жыл ішінде болған. Тексеру кезінде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғылары бозарған, тамақтануы жоғарылаған. Тілі сары жабынмен жабылған. Тыныс алу және қанайналым мүшелері патологиясыз. АҚ 110/70 мм с.б. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырға асты бұлшықеттері тырысқан, Кера, Ортнер симптомы оң. Бауыр шетінде. Нәжіс іш қатуға бейім. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Сіздің болжамды диагнозыңыз


Созылмалы холецистит, асқыну кезеңі

458. Науқас 68 жаста, 2 жыл бұрын миокард инфарктісін басынан өткерді. Соңғы 6 айда төс артындағы ауырсынулар, орташа физикалық күш түскенде жүректің шалыс соғуы, демікпе күшейген, кешке қарай аяқтары ісінеді. АҚ 140/90 мм сн.бғ деңгейінде, ЖЖЖ минутына 84 рет. ЭКГ-да - тыртық сатысында алдыңғы қабырғада трансмуралды инфаркт, қарыншалық экстрасистолия. Науқас аспирин (100 мг), коринфар ретард (20 мг), периндоприл (5 мг), мезгіл-мезгілімен фуросемид қабылдайды. Емдеуге түзету жүргізіңіз:


коринфарды алып тастау, бета-блокаторларды тағайындау, периндоприл дозасын 10 мг дейін арттыру, минералокортикоидты рецепторлардың антагонистерін (спиронолактон 50 мг) тағайындау. Қажет болса ұзаққа созылатын (пролонгированные) нитраттар тағайындау

459. Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы бар 32 жастағы әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі-бүйір бөлімдерінде дыбыссыз дымқыл сырылдар; қолтық асты аймағына өрескел пансистолалық шу; тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталды. Бірінші кезекте препараттардың қай тобын тағайындаған дұрыс?


Диуретиктер

460. 64 жастағы науқас жалпы тәжірибе дәрігерін бас айналу, әлсіздік, қолының дірілдеуі, көз алдында жыпылықтау шағымдарымен үйге шақырды. Ол II типті қант диабетімен ауырады, соған байланысты глибенкламид (маниннил) қабылдайды. Науқастың үйінде сіз шұғыл әдіспен қандағы қант деңгейін анықтайсыз 3,1 ммоль / л және шағымдар басталғанға дейін екі күн бұрын оның тізе буынындағы ауырсынуды басу үшін аспирин қабылдай бастағанын білесіз. Бұл жағдайда жедел жәрдем қызметінінің шараларынан басқа сіздің ұсыныстарыңызда мыналар болуы керек:


Глибенкламидтің мөлшерін төмендету (артритті емдеу кезеңінде)

461. Бірнеше жыл бұрын анықталған, гипертрофиялық кардиомиопатиясы бар науқаста естен танушылық сәттері пайда болған.6 ай бұрын жасалған ЭКГ-сымен салыстырғанда қазіргі ЭКГда динамика пайда болмады.Тағайындау керек


ЭКГ-ның тәуліктік мониторингі

462. Артық салмақты 50 жастағы әйелде екі рет аш қарынға глюкоза деңгейінің 6,9 және 7,2 ммоль / л дейін жоғарылағаны анықталды. Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?


2 типті қант диабеті

463. Науқас Д., 28 жаста, жүректің соғуына, тез жүргенде ентігуге шағымданады. Ревматологта есепте тұрады. Объективті: күшейген, сол жаққа ауытқыған ұшарбас түрткісі; жүректің митральды конфигурациясы; үстінгі I тонының әлсіреуі; қолтық аймағына таралған ұшында голосистолалық шу. Сіздің болжамды диагнозыңыз


Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі. СЖЖI

464. Қалқанша безінің субтотальды резекциясы операциясынан кейін науқаста аяғында құрысулар, Хвостек симптомы, Труссо симптомы пайда болды. Науқаста қандай асқынулар дамыды


Гипопаратиреоз

465. Науқас 38 жаста. Дене қызуының 38,4 ° С-қа дейін жоғарылауына, қақырықты аз мөлшерде шығаратын жөтелге, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымдар соңғы 24 сағат ішінде пайда болды. Жауырынның төменгі бұрышында өкпенің оң жағында тыныс алу шуларының қарқындылығы әлсіреген, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар аймағы шектелген. ТАЖ минутына 24 рет, ЖЖЖ - минутына 102, АҚ 110/70 мм сн.бғ Қан талдауында - лейкоциттер 16х109 / л дейін. Төменде аталған зерттеулердің қайсысын бірінші кезекте жасау керек?


Кеуде қуысының рентгенографиясы

466. Әйел,69 жас, басының ауырсынуына, әсіресе шүйде аймағындағы, құлақтағы шуылға, жүрек аймағындағы шаншып ауру, тобықтарының ісінуіне шағымданады.10 жыл көлемінде АҚ 160/100 мм.сын.бағ дейін жоғарылағанын байқады.Бойы- 164, салмағы- 82 кг. Жүрек тондары тұйықталған, аортада 2 тон акценті. АҚ 180\115 мм.сын.бағ. Пульс 88\мин.Төмендегі жағдайлардың қайсыса берілген науқаста пайда болуы мүмкін


Миокард инфарктісі, милық инсульт, жүрек жеткіліксіздігі

467. Науқас А., 20 жаста, дәрігерге айтарлықтай салмақ жоғалту, ауыздың құрғауы, шөлдеу, жиі зәр шығару, жүрек айну, тәбеттің нашарлауы шағымдарымен жүгінді. Объективті: терісі құрғақ, алақандары мен табандары сарғыш реңкпен, фурункулез. Зәр анализінде: қант - 3, 5% және ацетонурия (++) бар екені анықталды. Болжамды диагноз қандай


І типті қант диабеті, декомпенсация, кетоацидоз

468. 49 жастағы ер адам, диетадағы қателіктерден кейін пайда болған іштің ауырсынуына, тәулігіне 6 ретке дейін құсуға шағымданады,. Анамнезінен іштің ауыруы мезгіл-мезгілімен мазалайтыны белгілі болды, оның қарқындылығы біртіндеп күшейеді. Диета ұстамаған. Қаралмаған. Қарап тексергенде тіл ақ жабындымен жабылған. Жүрек жағынан, өкпеден - патология анықталмады. АҚ 130/80 мм с.б. Пальпация кезінде іші ауырады, эпигастралды аймағында, Мейо-Робсон нүктесінде ауырсыну. Бауыр қабырға доғасының бойымен. Нәжісі ботқа тәрізді, күніне 4 рет. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз


Асқыну сатысындағы созылмалы панкреатит

469. Науқас М., 44 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, аузындағы ащы дәмге, қыжылдауға, жүрек айнуына, дене қызуының 37,5 С дейін көтерілуіне, іш қатуға шағымданады. Аталған шағымдары соңғы 5 жыл ішінде мезгіл-мезгілімен мазалайды. Қарап тексергенде: науқастың тамақтануы жоғары. Объективті: терісі қалыпты түсті, іші мен артынан сызаттар іздері бар. Жүрек жағынан, өкпеден - патология анықталмады. АҚ - 130/80 мм с.б. Өнер. Ылғал тіл, тамырымен сары гүлденумен жабылған. Пальпация кезінде іші жұмсақ, оң жақ гипохондрияда ауырады, Мерфи симптомы оң. Бауыр шетінде. 2 күн бойы нәжісі болған жоқ. Алдын ала диагноз қойыңыз


Асқыну сатысындағы созылмалы холецистит. Гипертониялық тип бойынша өт шығару жолдарының дискинезиясы

470. Тұншығу ұстамасы бар науқастың қақырығында эозинофилия, Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиральдары анықталды. Болжамды диагноз:


бронх демікпесі

471. Инсулинге тәуелді қант диабеті бар науқас К ес-түссіз, көз қарашықтары кеңейген. Көз алмасының тонусы жоғарылаған. Дене қызуы қалыпты. Тері жамылғылары ылғалды. Ацетонның иісі жоқ. Өкпесінде везикулярлы тыныс бар, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 20. Жүрек тондары бітелген, ырғағы дұрыс емес минутына 90 рет. АҚ - 90/60 мм сн.бғ. (+) Бабинский симптомы. Шұғыл-зерттеу (глюкотест) өткізілді. Симптомдық кешеннің себебін көрсетіңіз.


Гипогликемиялық кома

472. 48 жастағы науқас бірінші рет ауруханаға әлсіздік, шөлдеу, тері қышымасы шағымдарымен түсті. Жағдайының нашарлауы 1,5 ай ішінде байқалады. ЖРВИ-ден кейін шөлдеу күрт күшейіп, тәбеті бұзылды, іштің ауруы пайда болды. Объективті: тері жамылғылары бозарған, терісі және көз алмалары құрғақ. Бетсүйек доғасы, иек, маңдай аймағында гиперемия. Субфебрильді температура. АҚ - 90/50 мм сн.бғ. Диурез төмендеген. ТАЖ минутына- 28 рет. Куссмаул тынысы, ацетонның иісі бар. Бар симптомдардың себебі және науқаста жедел зерттеудің нәтижесі (глюкотест) неде?


Кетоацидотты кома

473. 39 жастағы науқас емханаға таңертеңгілік дене қозғалысының тежелуіне, қол және аяқ буындарының ауырсынуына, ісінуге, қозғалыстың шектелуіне, әсіресе фалангаралық, білек және тізе буындарына шағымдармен келді. Объективті: қолдың буынаралық, білезік буындары ісінген, қалыңдаған, деформацияланған. Сүйек аралық бұлшықеттердің атрофиясы. Ішкі органдар жағынан ерекшеліктері жоқ. Ан қандағы- лейкоциттер 14∙10 9∕л, нейтрофилез, соэ – 42мм/сағ; фибриноген-7г/л. СРБ+++ р-я. Волева роуза 1:64∙ R-гр 1 тұзды буындар - буынаралық остеопороз. Дәрігердің әрі қарайғы тәсілі


ревматологиялық бөлімге жатқызу

474. Науқас 28 жас, бел аймағындағы ауырсынуға, дене қызуының 390С жоғарылауына, қалтырау, тершеңдікке, шөлдеу, температура күн ішінде қалтыраумен жүретін өте жоғары көрсеткңштен субфебрильдіге дейін ауысады.Жағдайы орташа ауырлық дәрежеде.Терісі ылғалды.Өкпеде везикулярлы тыныс.Жүрек тондары тұйық, ритмді, ЖЖЖ 110\мин, АҚ 90\60 мм.сын,бағ.Пальпацияда екі бүйректе де ауырсыну бар.Зәр анализінде лейкоциттер өте көп.Қан анализінде лейкоциттер 15*10 12\л солға ығысумен. 139\мин дейін тахикардия пайда болды, АҚ түсіп кетті, зәр көлемі кенет төмендеп кетті, теріде геморрагиялар пайда болды.Болжамды диагноз?


Жіті пиелонефрит

475. Науқас 28 жас, бел аймағы мен іштің оң жақ бөлігінде қатты ауырсыну сезімі шап аймағына және оң жақ санға иррадиация береді.Зәр шығаруға жиі бару сезімі болады. 1 жыл бұрын дәл осындай ұстама болды.Жедел жәрдем шақыртты, укол жасады, ауырсыну сезімі жоғалды, бірақ бұл ұстамадан кейін зәрдің түсі қызыл болды.Обьективті: температура 36,40С.Жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежелі.Науқас мазасыз, аурысыну сезімін жеңілдету үшін ыңғайлы поза іздейді.Тыныс алу және жүрек-қантамырлар жүйесі бойынша патология жоқ.Пульс 76\мин, ритмді.АҚ 120\60мм.сын.бағ.Іші жұмсақ, пальпацияда оң жақ бөлігінде ауырсынады.Пастернацский симптомы оң жақтан-оң.Болжамды диганоз


Зәр-тас ауруы, бүйректік колика ұстамасы

476. 34 жастағы науқас тамақтанғаннан кейін жатқан кезде пайда болатын шамалы қақырықты жөтелге шағымданады, дене күйін өзгерткен кезде азаяды. Дифференциалды диагностика үшін қандай диагностикалық зерттеу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет