жүктіліктің 35-36 аптасы.
197.Преэклампсияның ауыр дәрежесі
Науқас әйел 23 жаста, бала кезінде туберкулезбен ауырған. Туберкулез диспансерінде «Д» есепте тұрмайды. Кейде ішінің ауырсынуы мазалайды. Тұрмыста 2 жыл, жүктілік болмаған және одан сақтанбаған. Алғашқы етеккірі 13 жастан, соңғы 3 жылда қысқа және аз мөлшерде, бірақ 28 күндік циклы сақталған. Арнайы гинекологиялық зерттеу кезінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Осы пациенттің диагнозын қай зерттеу әдісі нақтылайды
гистеросальпингография
198.32 жастағы әйел, 2 апта бұрын мерзіміне жеткен қыз бала босанған. Нәресте бірден кеудесіне жатқызылған. Босанғаннан кейінгі ерте кезең ерекшеліксіз өткен. 4 тәулікте баласымен үйіне шығарылған. Қазіргі сәтте дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, денесінің қалтырауына шағымданады. Жалпы жағдайы ағзаның улану есебінен орташа ауырлықта. Сүт бездері үстіндегі тері жабыны ыстық, пальпациялау кезінде қатты, ауырсынады. Үрпілерінен сүт бөлінуде. Жыныс жолдарынан мардымсыз, сірлі бөлінулер. Қынаптық зерттеу кезінде жатыры қалыпты өлшемде, ауырсынусыз, қозғалмалы, жатыр мойнының сыртқы аңқасы саусақ ұшын өткізеді. Ең ықтимал диагноз қайсысы
лактостаз
199.26 жастағы науқас әйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына және ісінуіне, ішінің кебуіне, тітіркенгіштікке, терлегіштікке шағымданып келді. 3 жылдан бері ауырады. Аталған симптомдар етеккір циклінің екінші фазасында пайда болып, кезекті етеккір келіп кеткеннен кейін тоқтайды. Жылдан жылға симптомдардың ауырлығы жоғарылаған жоқ. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Осы жағдайда етеккір алды синдромының қай түрі болуы мүмкін
Ісінулі
200.Әйел ағзасындағы нейроэндокринді бұзылыстарды клиникалық дұрыс бағалау және осыған сәйкесінше, олардың патогенетикалық терапиясының принциптері мен әдістерін анықтау үшін, репродуктивті жүйенің бесзвенолы реттелуін білу керек – бұл
бас ми қыртысы, гипоталамус, аденогипофиз, аналық бездер, нысана мүшелері мен тіндері
201.Әйелдер кеңесінің учаскелік дәрігеріне етеккірінің тежелуіне (соңғысы 7 апта бұрын болған), лоқсуға және таңертеңгілік кейде бір рет болатын құсуға, иістерді жаратпайтындығына шағымданған әйел келді. Өзін жүктімін деп санайды, жүктілігі қалаусыз. Соматикалық дені сау. Анамнезінде 3 босану (балалары тірі) және 2 медициналық түсік болған. Гинекологиялық және венерологиялық аурулары болмаған. Қынаптық зерттеу кезінде анықталды: қынап шырышы айқын көгерген, жатыр мойны қалыптасқан, сыртқы аңқасы жабық. Жатыр денесі гиперантефлексияда, жұмсақтау, бірақ пальпациялау кезінде тығыздалады, жүктіліктің 7 аптасына дейін ұлғайған. Бөлінділері сірлі. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай
Достарыңызбен бөлісу: |