Кеуде клеткасының рентгеннографиясын


ұйқы артериясында пульстің пайда болуы+



бет68/68
Дата27.02.2023
өлшемі229,2 Kb.
#70223
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
гос экзамен

ұйқы артериясында пульстің пайда болуы+

718. Науқас 45 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, салмағының төмендеуі, тыныштықта және аздаған физикалық жүктеме кезіңде аралас типтеті еңтігуге, оң жақ кеуде бөлімінде ауырсыну, сарғыш түсті тұтқұр қиын бөлінетін қақырықты жөтелге. Анамнезіңде –асқазаннын антральді бөліміндегі c-r байланысты 3 жыл бұрын ота жасалынған. Кәзіргі жағдайынын нашарлауы 4-5 ай, дәрігерге бармаған. Өзі қақырық түсіретін дәрі қабылдаған, нәтижесіз. Тексергенде – мұрын-ерін ұшбұрыш аздаған цианозы. Т – 37,1. Аяқтардын балтырдын ортанғы 1/3 дейін ісінуі. Кеуде клеткасы цилиндр тәпізді. Тыныс алғанда оң жақ қалып қояды. Перкуторлы оң жақта ортаңғы бөлік проекциясында тұйықталу. Аускультация – ортаңғы бөлімінде тыныс айқын әлсіреген, бірен-сараң ылғалды сырылдар. Өкпе экскурсиясы оң жақтан төмендеген. ТАЖ– 28 минутына. АҚ – 100/70 мм.с.б. ЖЖЖ – 96 минутына. Бірінші көмек көрсетініз:


Оксигенотерапия

719 .Әйел адам 39 жаста. Шағымдары – дем шығарудын қыйындауымен еңтігу, ұстама тәрізді құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Анамнезіңде –жұмысында дәретханаға кірген кезде тұрмыстық химия иісінен еңтігу дамыған. Жедел жәрдем келгенге дейін ешқандай дәрі -дәрмек қолданбаған. Тексергенде: ортопноэ, мұрын –ерің ұшбұрышының цианозы, мұрыннан шырышты бөліністер. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Перкуссияда – қорабты дыбыс. Өкпе экскурсиясы төмендеген. Аускультацияда – қатқыл тыныс фонында көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ – 32 минутына. АҚ – 120/80 мм.сын.бағ. ЖЖЖ – 102 минутына. Ары қарай жүргізу тактикасы:


участкелік дәрігер, пульмонолог, аллергологқа қаралу

720. Пациент 72 жаста. Шағымдары: еңтігу, дем шығарудың қиындауымен, тұтқұр қиын бөлінетін қақырықты жөтел, басынын айналуы, кеуденің артындағы дискомфорт. Анамнезіңде: ЖИА, Күштемелі стенокардия, ПИМ, АГ, бронхит, астма, тағайындалған емді ситуациялық қабылдайды. Жағдайының нашарлауын салқын тиюмен байланыстырады. Дәрігерге қаралмаған. Вентолин 2 доза қабылдаған, жақсарусыз. Тексергенде: мұрын-ерің ұшбұрыш цианозы. Ортопноэ. Тобықтардын аздаған ісінуі. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Тыныс алуға қосымша бұлшықет қатысады. Перкуссияда- жоғарғы бөліктерде корабты, астынғы бөлімдерде тұйықталуы естіледі. Өкпе экскурсиясы төмендеген. Аускультацияда –тынысы қатқыл, төменгі аймақта әлсіреген, жоғарғы бөлімдерде құрғақ, бірен-саран ылғалды сырыл төменгі бөлімдерде. ТАЖ – 36 минутына. АҚ – 150/100 мм.сын.бағ. ЖЖЖ – 90 минутына. Осы науқасқа қарсы көрсетілген:


Наркотикалық анальгетиктер

721. Санасы жоқ. Клонико-тоникалық тырысулар, көз қарашығының кеңейюі және олардың жарыққа реакциясы жоқ, дақты цианоз. Тахипнояның (ТАЖ 40 және одан көп) брадипноэға (ТАЖ 8-10 1 мин.) өте жылдам ауысуы байқалады. АҚ төмендеуі, ЖЖЖ >140 1 мин., Жыбыр аритмиясы болуы мүмкін, Рa 02 - 50 мм сын. бағ. дейін төмендеген, РаС02 -80—90 мм сын. бағ. дейін жоғарлауы. Жоғарыда көосетілген клиникалық көрініс ЖТЖ –ң қай кезеңіне тәң:


III

722. Қыз бала 20 жаста. Жол көлік апатына түскен. Оң жақ иықтын ауырсынуына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Санасы анық. Өкпесіңде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ, ТАЖ 20 мин. Жүрек тоңдары анық, ритм дұрыс, ЖЖЖ- 96 мин. АҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бетіңде сырылған жаралар бар. Оң жақ иық аймағы деформацияланған, ісінген, қозғалыс шектелген, иықтын жоғарғы 1/3 бөлігінде айқын ауырсыну және сықыр анықталады. Ауруханаға дейіңгі кезеңде рациональды медициналық көмек:


жаңсыздандыру, сынық иммобилизациясы, ауруханаға транспортировка

723. Ер адам, 43 жаста. Төс астында ауырсынуға, қатты терлеуге, ентігуге шағымданады. Анамнезде: осындай ауырсыну бірінші рет, нитроглицерин ауырсынуын баспаған. ЖМК шақырды. Объективті: жағдайы ауыр. Тері қабаты ақшыл, ылғалды. Ерінде көгеру. Жастықсыз жатыр. Дем алу беткей, сырыл жоқ. ТАЖ- минутына 28 рет. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес. ЖЖЖ минутына 100-110 соққы. Пульсі жай минутына -110 соққы, экстрасистола. АҚ 80/40 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр қабырға астынан +3 см шығып тұр. Кіші дәрет жоқ. ЭКГ-да: III, aVF, V5-V6 тіркемелерде ST көтерілген. QRS комплексінің кезектен тыс өзгерістері байқалады. Миокардтың қай бөлігі зақымдалған


сол жақ қабырғаның артқы бүйір қабырғасынан

724. Ер адам, 52 жаста. Шағымдары: Жүрек аймағында ыңғайсыздық сезімі, ауырсыну таралмайды, жүректің соғуының жиілеуі, ауа жетіспеуі сезімі. Анамнезде: жоғарыда аталған шағымдар психикалық күйзелістен кейін, 2 сағаттан кейін басталды. Өздігінен верапамил 40 мг таблеткасын ішкен, жақсару жоқ. Жедел медициналық көмек шақырған. Объективті: есі анық, қозу үстінде. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде тыныс везикулярлы, сырыл жоқ. ТАЖ-22 соғыс 1 минутта. Жүрек тондары әлсіріген, ырғағы дұрыс. Пульс 180 соғыс 1 мин., ырғақты, жай соғады. АҚ 100/70 сын.бағ. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, қарыншалық тахикардия, ЖЖЖ – 180 минутына. Осы жағдайда қандай дәріні таңдайсыз


Лидокаин

725. Әйел, 42 жаста. Тұншығуға, ентігуге, шыдатпайтын терінің қышуына, кенеттен қатты әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезде: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын жоғары ернін ара шаққан. Объективті жағдайы өте ауыр, есі шатасқан. Тері қабаты қызарған, жабысқақ терімен көмкерілген. Көз қабағының, еріннің ісінуі. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 30 соғыс 1 мин. Жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. ЖЖЖ- 140 соғыс 1 мин. АҚ 40/0 мм сн. бағ. Науқастың іші өзгеріссіз. Науқаста қандай жағдай және сіздің тактиканыз


Анафилактикалық шок, реанимациялық бөлімшесіне тасымалдау

726. Өкпеден қан кетуге тәң белгі:


ал қызыл түсті көпіршікті қақырықтың бөлінуі

727. Ер адам слесарь, 32 жаста. 1 сағат бұрын темір ұнтақтарымен оң жақ көздің жарақатын алған. Жарақатталған көздің бірден көру күші жойылды. Тексеру барысында оң жақ көздің формалы көруінің жоқтығы анықталды, бірақ науқас жарықты көреді және оның бағытын дұрыс көрсетеді. Мөлдір қабықтық синдромы айқын. Көз алмасы конъюктивасының жарқын аралас инъекциясы байқалады. 3 сағаттан кейін лимбадан 4 мм жерде мөлдір қабықтың 2/4 мм өлшемді жыртылған жарасы анықталды, аймағы ісінген. Олардың арасында күңгірт-сұр түсті аморфты тін қысылған. Алдыңғы камерасы жоқ. Нұрлы қабық күңгірт-сұр түсті, жараға жақындаған. Көз пальпация кезінде ауырсынады. Сіздің болжамды диагнозыңыз


оң жақ көздің нұрлы қабығының түсуімен мөлдір қабығының енуші жарақаты

728. Ер адамға шықырту түсті, 46 жаста. Жүрек аймағының ауырсынуынан, ауа жетпеу сезімінен түннің ортасында оянып кеткен. ЭКГ-да өзгерістер жоқ. Анамнезіңде: бұрын осындай ұстамалар болған, көмекке ешкімге жүгінбеген. Нитроглицерин қабылдаған, нәтиже болмаған. Келесі ауырсыну ұстамасы дамыған кезде қандай препарат қолданғаны дұрысырақ:


нифедипин

729. Ер адам, 19 жаста. Жағдайының өте ауыр болғанына байланысты шағымданбайды. 5 мин бұрын өзіне қол жұмсау әрекеті үстінде арқаннан шешіліп алынған. Қарағанда: жағдайы ауыр, есі жоқ. Кенет тыныс, тырысулар. АҚ 100/70 мм.сын. бағ. Пульс- минутына 120 рет. ТАЖ- минутына 14 рет. Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы қандай


ауа өткізгіш енгізу, тырысуға қарсы препараттар енгізу, стационарға жеткізу

730. Кіші жастағы балаларда ларингостеноздың дамуының себептері:


тыныс алу орталығының жетілмеуі

731. Әйел адам, 34 жаста, жүктілігі 38-39 апта – үшінші жүктілік,үшінші босану.Аяқ астынан ырғақты әрі қарқынды сипаттағы толғақ басталды. Жақсы босану әрекеті негізінде, босанушы әйелде ұрық маңы су кетуі байқалды. Босанушы әйелді босану үйіне жеткізу жайында шешім қыбылданды. Тасымалдау кезінде ЖМК көлігінде босанушыда күшену басталды. Осы жағдайдағы ЖМК бригадасының тактикасы


Көлікті тоқтатып, босандыруға кірісу

732. 35 жастағы әйел адам. Басының ауырсынуына, басынын айналуына, бір ретті құсуға, естең тануға шағымданады. 3-4 сағат бұрын биіктіктен құлағаннан кейін осы жағдай дамыған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық жағдайда. Санасы шатысқан. Ромберг позасында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасын жасай алмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ТАЖ 20 мин. Жүрек тоңдары анық, ритм дұрыс, ЖЖЖ 86мин. АҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Осы жағдайдағы шұғыл көмек көлемі:


Дегидратационды терапия

733. Бала 6 жаста. Шағымдары: оң жақ құлағының ауырсынуына. Анасының айтуы бойынша жарты сағат бұрын ойнап жүргенде құлап құм жәшігінің шетіне соғып алған. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Санасы айқын. Неврологиялық статус патологиясыз. Оң жақ құлағының есту түтігінен аздаған қан бөліністері бар. Осы жағдайда ауруханаға дейіңгі кезеңдегі көмекке жатады:


есту түтігін құрғақ стерильді дәкелік турундамен тампонада
734. Науқас 76 жаста. Шағымдары: іштің жоғарғы бөлігінде белдемелі қатты ауырсыну. Майлы тағам қабылдаған соң кенет ауырсыну пайда болған. Ауырсыну қатты, көп реттік жеңілдік әкелмейтін құсық, әлсіздік, көп көлемді тершеңдікпен көрінуде. Анамнезінде: ӨТА(ЖКБ), ЖИА. АГ. Объективті: жағдайы ауыр, суық тер басқан, дене температурасы 37,2. Пульс минутына 125 соққы, ырғақсыз, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Тынысы қалыпты. Тілі құрғақ, ақ жағындымен жабылған. Пальпациялағанда аздап іші кепкен, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Болжамды диагноз
жедел панкреатит

735. Жедел жәрдем бригадасы 1,5 жастағы балаға шақыртылды. Анасының айтуына қарағанда ауруы жедел басталған, дене температурасы 38,2 ºС ге дейін жоғарлаған, аздаған катаральды өзгерістер байқалады. Түнгі уақытта даусы өзгере бастаған, «ит үрген тәрізді» жөтел, тыныс алуы шулы. ТАЖ минутына 42 рет, ЖЖЖ минутына 140рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз


ЖРВИ. Жедел ларинготрахеит. Көмей тарылуы І дәреже

736. Ер адам, 45 жаста. Шырышты-іріңді қақырығы бар жөтелге, ентігуге, ілсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 30 жыл бойы темекі шегеді. 12-15 жыл бойы таңертеңгілік құрғақ жөтел мазалайды. Тексерістен өтпеген, ем қабылдамаған. Жоғарыда айтылған шағымдары сол күні, ұзақ уақыт тоңып қалғаннан кейін байқалған. Қарау барысында: мұрын-ерін үшбұрышында көгеру. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ – 26 тыныс мин. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды үлкен көпіршікті сырылдар. Перкуссияда қорапты реңі бар өкпелік дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз


созылмалы обструкциялық бронхиттің асқынуы

737. Қыз бала 2 жаста. Анамнезінен турниктан құлаған. Қысқа уақытқа естен тану байқалған жəне 1 реттік құсу. АҚ 65/20 мм.сб, ЖЖЖ-140,ТАЖ-38,Т-36,7. Бұлшықеттік тонус жоғарлаған.Тері жамылғысы бозарған. Аускультацияда өкпеде патология жоқ, жүрек тоны анық. Шүйде аймағында 3х4 см гематома анықталады. Коньюктивальды рефлекс анықталмайды, құсу рефлексі сақталған. Оң жақ көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы төмендеген.Окулацефальды рефлекс оң. Брудзинский, Кернинг рефлекстері теріс. Бабинский рефлексі сол жақта оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз


бас миынын соғылуы, неврологиялық бөлімшесіне тасымалдау

738. 38 жастағы ер кісі. Жедел жәрдем шақыру себебі: автокөлік қағып кеткен. Есін жоғалтпаған. Жамбастың оң жақ жартысының өте қатты ауырсынуынан өз еркімен тұрып жүре алмаған.Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, жамбастың оң жақ жартысының ауырсынуына байланысты. Тері жамылғылары қалыпты түстес, оң жақ мықын сүйек аймағында және оң жақ қасаға үстінде тері астылық қан құйылулар бар Ps– минутына 96 соққы, толуы қанағаттанарлық, АҚ 130/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, лонның үстінде ауырсыну бар. Іші жұмсақ, қасаға үстінде ауырсыну. Перитонеальді симптомдары теріс. Кіші дәретке бармаған.Тасымалдау түрін көрсетіңіз


Арқасымен жатқызып, аяғын тізе буынында бүгіп қатты зеңбілде тасымалдау

739. Аяқтағы жарадан қан кету кезіңдегі бірінші ретті жүргізілетің көмек:


қан тоқтатқыш жгут салу

740. Ер адам, 35-жаста. Жедел жәрдем шақыру себебі,мұздан тайып құлап, қасағасымен соғылып жарақаттанған, жарақаттанған жері қатты ауырсынып мазалайды. Қарау кезінде, қасаға аймағының оң жағында ісіну және бірден қатты ауырсыну байқалады. Болжам диагнозыңыз


Қасаға сүйегінің сынуы

741. Жас әйелде ауыр түрдегі анафилактикалық шок кезіңде кеңірдектің айқын ісінуі байқалады. Науқасты ауруханаға тірі жеткізу үшін ең бірінші орында не жасауымыз керек:


коникотомияны жүргізу

742. Науқас 48 жаста. Шағымдары – аздаған физикалық күш түскенде аралас типті еңтігу, құрғақ жөтел, температура 38,8. Жоғарлауы. Анамнез – 2-і апта көлемінде ауырады, салқын тиюден кейін. Дәрігерге бармаған. Өзі емделген. Тексергенде: тері жамылғысы бозарған, мұрын-ерін ұшбұрыш цианозы. Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді. Тыныс алғанда сол жақ қалып қояды. Перкуторлы сол жақтан төменгі бөлікте тұйықталу. Аускультация –тынысы қатқыл, алдыңғы бетте бірен-саран құрғақ сырылдар, сол жақта төменгі бөлікте тыныс естілмейді. ТАЖ – 24 минутына. АҚ – 110/70 мм.с.б. ЖЖЖ – 94минутына. Басқа мүшелер мен жүйелерде патология жоқ. Бірінші көмек көрсетініз:


Оксигенотерапия, антипиретиктер

743. Зақымдалушы адамда көптік жарақаттар:оң жақ сан сүйегінің және екі жақтық балтыр сүйектерінің сыныуы. Сүйек сынығының орналасу орнына байланысты, шамамен қан жоғалту көлемі


2000 мл

744. Ер адам, 46 жаста. Тез жаяу жүрсе, төс маңында қысып және қақсап ауырсынуға шағымданады. Анамнезде: 5 жыл бойы ЖИА-мен ауырады, 5-6 апта бұрын (жедел коронарлы синдром) ЖКС-мен ауырған. Объективті: жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. АҚ 130/90 сын.бағ. ЖЖЖ және пульс – 86 соғ. минутына. ЭКГ-да ырғағы дұрыс, синусты, дұрыс орналасқан ЖОС-і. I, aVL, V1-V2 тіркемелерінде патологиялық тісше Q және теріс T тісшесі. Бұл ауруда инфарктың қандай сатысы


жеделдеу

745. Ер адам, 28 жаста. Сол жақ қолындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: Сол жақ йық үстінен ағаш кесіндісімен соққы алды. Объективті: сыртқы алақан беткейінде сол жақ йық үстінің төменгі 3/1 бөлігінде теріастылық гематома байқалады. Жарақаттанған жерді пальпациялағанда ауырсынады. Сүйектік жалғамаларда сықыр анықталады. Жүктеме кезінде йық үсті осінде жарақаттанған жерде ауырсыну пайда болады. Пронация және супинация қиындаған, бұл қозғалыстарды жасауға тырысқанда жылдам ауырсынуға алып келеді. Йық үстінің дистальды бөлігі және саусақтары пронация қалпында орналасқан. Сіздің болжам диагнозыңыз


сол жақ кәрі жілік сүйегінің төменгі 3/1 бөлігінде диафизінің сынуы

746. Аспазшы жаңа ғана пісірілген ботқаны өз үстіне төкті. Ауырсынудан айғайлап, мазасызданып қозу үстінде. Объективті: шалбарында тізеден табанға дейін теріде және сол жақ иықта жабысқан сұйық ботқа, кейбір жерлері қызарған, ісінген, мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. Жарылған көпіршіктердің түбі – алқызыл, жылтыр, ауырсынады, кейбір жерлерінде құрғақ ақ дақтары бар. АҚ 110/75 сын. бағ, пульс 86 минутына, ырғақты. Термиялық күюдің қандай дә


ΙΙΙ А дәреже

747. Ер адам, 36 жаста. Туыстарының айтуынша 4 күн бойы ауырады, 7сағат бұрын еңтігу, жедел қалтырау, әлсіздік күшейген және кеуде қуысы ауырған, жедел дене температурасы 35,70 С төмендеген. Обьективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген, ТАЖ – 30мин, цианоз, жіп тәрізді пульс, минутына 104, АҚ – 60/40 мм.сын.бағ. 748. Өкпеде тынысы қатқыл, барлық өкпе алаңында ылғалды сырылдар. Жүрек тоңдары тұйықталған, ЖЖЖ – 104 минутына. Диурез төмендеген. Жағдайының нашарлауы неңін дамуымен байланысты:


Инфекционды – токсикалық шок

749.ЛОР бөлімшесінің қабылдау бөлмесіне мұрнымен тыныс алуының нашарлағандығына, мұрынның кіреберісінің ісіңгендігіне және ауыратындығына, дене қызуының 38° көтерілгендігіне шағымданған 25 жастағы науқас жеткізілді. Науқастың айтуынша 2 жеті бұрын спорт ойыны кезінде қолы тиіп сыртқы мұрын жарақаттанған. Қан кетпеген. Мұрын бітелген, бәрақ әсер етпеген. Соңғы 2-3 күнде мұрны «ісіп», ауырып, ыстығы 38,5° көтерілген. Алдыңғы риноскопияда мұрын пердесінің шеміршекті бөлігі симметриялы түрде ұлғайған, шырышты қабаты шым қызыл. Диагноз қойыңыз.


Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы

750.
Науқас құлақ қалқаны аймағындағы ауырсыну шағымдармен қабылдау бөлмесіне жүгінді. Ыстық күйдіру сезімі, температура көтерілуі мен әлсіздік белгілері. Аурудың басталуына бес күн бұрын науқас кездейсоқ құлақ қалқанын түйреуішпен тырнап алды. Қабылдау бөліміне барудан үш күн бұрын құлақ қалқаны терісінің қызаруы пайда болды, ол үлкейіп, ісіп, бас ауруы пайда болды. Науқастың жағдайы біртіндеп нашарлады, температура пайда болды. Қарап тексергенде құлақ қалқанының тері кенет қызарған, инфильтрацияланған. Процесс құлақ маңы аймағына, сыртқы есту жолының терісіне таралады. Гиперемияланған аймақтар демаркация сызығымен қоршалған. Сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ, дабыл пердесі өзгермеген. Диагноз қойыңыз:


Құлақ қалқаны терісінің тілмелік зақымдануы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет