#1
*!29 жастағы әйел жүктіліктің 10-12 аптасында әйелдер кеңесіне есепке тұрды. Жүктілігі бірінші, есепші болып жұмыс істейді. Әмбебап-прогрессивті моделге сәйкес, бұл әйелге қанша рет босануға дейінгі патронаж жүргізілуі қажет?
* 2 медбикелік
* 1 дәрігерлік, 1 медбикелік
* 2 дәрігерлік, 1 медбикелік
* 2 дәрігерлік, 2 медбикелік
* 1 дәрігерлік, 2 медбикелік
#2
*!Емханаға әйелдер кеңесінен актив берілді: 29 жастағы жүкті әйел, 1 жүктілік, 10-12 апта, есепші болып жұмыс істейді Әмбебап прогрессивті модель бойынша қай мерзімде 2 босануға дейінгі күтім жасалады?
*36-38 апта
*34-36 апта
*30-32 апта
*22-24 апта
*28-30 апта
#3
*!7 күндік балаға, алғашқы дәрігерлік патронаж болды. Бала 3100гр салмақпен,бойы 52см, мерзімінде туылды. Апгар шкаласы бойынша 8-10 ұпай. Төсті бірден алды. Қарап тексергенде терісі таза, қалыпты түсте. Бала жақсы емеді, белсенді.Физиологиялық рефлекстер шақырылады, бұлшықет тонусы қанағаттанарлық. Бала табиғи тамақтануда. Кіндік жарасы таза. Өкпеде тыныс пуэрильді. Жүрек тондары ритмді, анық. Іші жұмсақ. Үлкен дәреті сары, ботқа тәрізді. Тұқым қуалайтын аурулар жоқ. Отбасы толық емес, анасы ата-анасымен тұрады, жұмыссыз. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық емес: жертөлелі бөлмеде тұрады.
Бұл жаңа туылған нәрестеге қандай қауіп тобы ЕҢ ықтимал?
* ОЖЖ патологиясының даму қаупі
* Жатырішілік инфицирлену қаупі
* Ағзалар мен жүйелердің туа біткен ақауларының даму қаупі
* Трофикалық бұзылыстардың даму қаупі
* Фондық патологияның даму қаупі
#4
*!10 айлық бала емханада профилактикалық қарап тексеруде. Неврологта «Перинатальды энцефалопатия» диагнозымен «Д» есепте тұрады. Жеке кесте бойынша вакцинацияланған. ЖРВИ-мен жиі ауырады. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай.
Бұл балаға қандай денсаулық тобы ЕҢ ықтимал?
*I
*IIА
*IIБ
*III
*IV
#5
*! Учаскелік дәрігер бірінші патронажға келді. Баланың анасы 4-ші күні тері жамылғыларының иктериялығын байқаған. Анамнезінен: 3100гр салмақпен, бойы 52см, мерзімінде туылды. Апгар шкаласы бойынша 8-10 ұпай. Төсті бірден алды. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, жақсы емеді. Тері қатпарлары таза, шамалы иктериялы. Кіндік жарасы таза. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр 1 см қабырға доғасының шетінде. Үлкен дәреті сары түсті. Б/х қан анализінде: билирубин 105 мкмоль/л, АЛТ-24 ммоль/л, АСТ-18ммоль /л.
Ең ықтимал алдын-ала диагноз қандай?
*Жильбер cиндромы
*Жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық сарғаюы
*Конъюгационная
*Физиологиялық сарғаю
*Өт шығару жолдарының атрезиясы
#6
*!Балаға 4 күн. Мерзімде босанды, салмағы-3300гр, ұзындығы-52см. 3 күнде дене салмағының жоғалуы-3100 гр. Бірінші жүктілік, бірінші босану. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық. Жақсы, белсенді сорады. Тері қызғылт, бет терісінде ақшыл-сары кішкентай түйіндер бар. Кіндікте ерекшеліктер жоқ. Іші жұмсақ. Нәжіс пен зәр шығару бұзылмаған.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Транзиторлы гипербилирубинемия
* Уытты эритема, гипотрофия
* Дене салмағының физиологиялық кемуі, Милия
* Гипотрофия, терінің іріңді инфекциясы
* Жаңа туылғандардың пемфигусы
#7
*! Мезгілінде туылған 20 күндік ұл, салмағы 3300 г, бойы 52 см, 1 жүктіліктен, 1 босанудан. Бірден айқайлады, Апгар шкаласы бойынша 8-10 балл. Ол емшек сүтімен тамақтанады.
Табиғи тамақтандыратын, мерзімінде туылған нәрестенің, ақуызға деген қажеттілік қандай?
* Тәулігіне 1,5-2г / кг
* Тәулігіне 2,25-3,5 г / кг
* Тәулігіне 3,6-4Г / кг
* Тәулігіне 4,5-5 Г / кг
* Тәулігіне 5-5, 5 Г / кг
#8
*!6 айлық қыз, анасы қосымша тамақ енгізу мәселесі бойынша жүгінді. Баланың дене салмағы 3700 г, денесінің ұзындығы 53 см. Тексеру кезінде: тері түсі қалыпты, барқыт тәрізді. Мүшелер мен жүйелердің патологиясы анықталған жоқ. Ол емшек сүтімен тамақтанады. Белсенді емеді. Психомоторлы дамуы жасына сай.
Қандай қосымша тағамдарды бірінші енгізу керек?
* Жеміс шырыны
* Жеміс пюресі
* Көкөніс пюресі
* Жұмыртқаның сарысы
* Сүзбе
#9
*!Емханада 3 жасар бала кешенді тереңдетілген медициналық тексеруден өтті: дені сау. Жалпы клиникалық зертханалық анализдер қалыпты. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сай.
Келесі тереңдетілген скрининг үшін ең ықтимал жас қандай?
* 2 жас
* 6 жас
* 5 жас
* 9 жас
*10 жас
#10
*!3 жасар бала кешенді медициналық тексеруден өтті: дені сау. Физикалық және нейропсихикалық даму жасына сәйкес келеді.
Бұл бала үшін қандай зертханалық зерттеулер жүргізу керек?
* ЖҚА, ЖЗА, нәжісті құртқа тексергу
* ЖҚА, ЖЗА, қан тобын анықтау
* ЖҚА, ЖЗА, қанның биохимиялық көрсеткіштері
* ЖҚА, ЖЗА, копрограмма
* ЖҚА, ЖЗА, энтеробиозға жағынды
#11
*! ЖТД қабылдауында 3 айлық бала. Жоспарлы проф.тексеруде. Физикалық және нейропсихикалық даму жасына сәйкес келеді. Нәрестелік кезең ерекшеліктерсіз өтті. Ол емшек сүтімен тамақтанадыруда. Бала мерзімінде дүниеге келді, салмағы 3300 г, бойы 52 см. Екпе күнтізбесіне сай вакцинацияның қай схемасы ЕҢ ықтимал?
* БЦЖ, ВГВ1
*АбКДС1, ИПВ1, ВГВ2
* АбКДС3, ИПВ3, Нів3
*АбКДС2, Нів2, ИПВ2
* RV1 АКДС
#12
*! Бала 11 айлық рахит, II дәрежелі, жеделеу сатысы диагнозымен спецификалық терапия алған. Осы кезеңде ол 500ЕД дозада D дәруменінінің профилактикалық дозасын алып жүр. Балаға 12 айлығында профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес полиомиелитке, пневмонияға, қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы вакцинация жоспарланған.
Мақсатқа сай вакцинацияны жүргізу қай уақытта ЕҢ қолайлы?
* Күнтізбеге сәйкес
* 2 аптадан кейін
* 3 аптадан кейін
* 1 айдан кейін
* 2 айдан кейін
#13
*!Қыз 5 жаста. Тәбеті нашарлауына, тез шаршауға, жүрек соғысына шағымданады, ЖРВИ мен жиі ауырады. Тексеру кезінде: теріс бозғылт және құрғақ, қабыршақтанған, тырнақ пен шаштың сынуы және жұқалануы, тілі орташа атрофияға ұшыраған. Жүрек үні тұйықталған.
Қанның жалпы талдауы: эр – 1, 8х1012/л, Нв – 65г/л, ЦП – 0,65, ретикулоциттер – 5,5%, лейк – 8, 7х109/л, эозинофилдер – 5%, п./я - 3%, с\я – 41%, лимфоциттер – 44%, моноциттер – 7%, анизоцитоз, пойкилоцитоз, полихромазия, СОЭ-10 мм/сағ..
Ең ықтимал диагноз қандай?
* 2-дәрежелі гемолитикалық анемия
* Темір тапшылығы анемиясы, 3-ші дәрежелі
* Ақуыз тапшылығы анемиясы, 3-ші дәрежелі
* Гипопластикалық анемия, 1-дәрежелі
* В12 витамин тапшылықты анемия, 2-ші дәрежелі
#14
*!Ұл бала 8 айлық. Аралас тамақтандыруда. Жеміс шырындары мен көкөніс пюресін жемейді. Маңдай және төбе сүйегі төмпешігі айқындалған. Үлкен еңбегі 4,0х3,5 см, шеттері жұмсақ, бастың артқы жағы тегістелген, шаш жоқ. Терлейді, терісі жабысқақ және қышқыл иісі бар. Тістері жоқ. Кеуде торы: төменгі аппертурасы майысқан, қабырғасы «таспиқ» тәрізді. Кеуде куысының: төменгі апертурасы жайылған, қабырларында «моншақтар». Бұлшықет гипотониясы. Б/Х қан талдауы: Са – 1,3 ммоль/л, Р. - 0,6 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 4,1 ммоль/л.
Ең ықтимал диагноз қандай ?
* Рахит I, бастапқы кезең
* Рахит ІІІ, жеделдеу кезең
* Рахит, қалдық құбылыстар
* Рахит II, қызу кезеңі
* Рахит, реконвалесценция кезеңі
#15
*!Қыз бала, 10 жаста. Шағымдары: температурасы 39,5°, мұрынынан су ағуы, тамағы ауруына, орташа бас ауруы, екі көздің қызаруы. 3-ші күн ауырады. Объективті: жағдайы ауыр, беті орташа гиперемияланған, айқын конъюнктивит, ринит. Жұтқыншақ: жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы ашық гиперемия, түйіршіктер байқалады. Бадамша бездері үлкейген; жүрек үні тұйықталған; өкпеде қатаң тыныс . Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз; бауыр ұлғаймаған. Нәжіс, зәр шығару ерекшеліктері жоқ.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Риносинтициалды инфекция
* ЖРВИ
* Парагрипп
* Аденовирустық инфекция
* Энтеровирустық инфекция
#16
*!7 жастағы қыз, жөтелге, мұрнынан су ағуына, бас ауруына, температураның 41-қа дейін көтерілуне, екі рет мұрыннан қан кетуіне шағымданды. Ауырғанына 2-ші күн. Эпид. анамнез: бала тұмаумен ауыратын науқаспен байланыста болды. Тексеру кезінде: дене температурасы -39,3 С, бала белсенді емес, тітіркенгенгіш, кеуденің, аяқтың терісінде тері астындағы ұсақ қан кетулер байқалады. Жұтқыншақта- жайылған гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер көрінеді. Өкпеде қатаң тыныс, сырыл жоқ, ТЖ- мин 34 рет, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-мин 114 рет. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Нәжіс пен диурез бұзылмаған.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Тұмау, ауыр түрі. Геморрагиялық синдром
* Тұмау, ауыр түрі. Менингит
* Парагрипп орташа ауыр түрі.
* Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
* ЖРВИ. Геморрагиялық васкулит
#17
*!Қыз бала 7 жаста, 3-ші күні ауырады, аурудың басталуы джедел ене температурасының 38 ° C-қа дейін көтерілуінен, тыныс алудың қиындауынан, "үрген" жөтелден,қарлыққан дауыстың естілуінен басталды. Объективті: орташа ауырлық жағдайы. Терісі бозғылт. Периоральды цианоз, Тынығудағы инспираторлық ентігу ТЖ-мин 36 рет. Өкпеде қатты тыныс, жүрек соғу жиілігі-мин 110 рет, ырғақты.
Ең ықтимал алдын-ала диагноз қандай?
* Жедел фарингит
* Жедел трахеит
* Жедел ларингит
* Жедел бронхит
* Жедел пневмония
#18
*!Қыз бала 10 жаста. Жедел ауырып қалды, құрғақ жабысқақ жөтел болды. Аускультацияда қатаң тыныс, шашыраңқы симметриялы құрғпқ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ минутына 24 рет. Перкуторлы: айқын өкпелік дыбыс.
Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал?
* Жедел бронхит
* Жедел бронхиолит
* Жедел пневмония
* Жедел плеврит
* ЖРВИ, жедел фарингит
#19
*!Ұл бала 8 жаста, ЖРВИ-мен ауырған. 7-ші күні температурасы 400С-қа дейін қайта көтерілді, жөтел мен ентігу пайда болды. ТЖ минутына 48 рет, тері жабындылары бозарған, мұрын қанаттары керілген. Мұрынерін үшбұрышының цианозы. Сол жақтан өкпенің төменгі бөлімдерінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жердегі тыныстың әлсіреуі, майда көпіршікті сырылдар. ЖҚА: лейкоциты – 14х109/л, СОЭ-38 мм/час. КҚА рентгенограммамында – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ошақты
Пациентте қандай диагноз ең ықтимал?
* Жедел обструктивті бронхит
* Ауруханадан тыспневмония
* Жедел бронхиолит
* Бронхиальді демікпе
* Жедел бронхит
#20
*!Ұл бала 10 жаста. Ауырғанына 7-күн болды. Температурасы 39С көтерілуі, жөтел, әлсіздік, мазасыздық байқалады. Қарап тексергенде: жпғдайы ауыр, температурасы 38,5С, өнімді емес жөтел. Тері жабындылары бозғылт,ауызмұрын үшбұрышының цианозы. Өкпеде жергілікті сол жақ жауырын бұрышынан төмен жерде өкпелік дыбыстың қысқаруы, сол жерде тыныс әлсіздігі фонында майда көпіршікті ылғалды сырылдар бар.
Қандай алдын-ала диагноз ең ықтимал?
* Экссудативнті плеврит
* Облитерлеуші бронхиолит
* Жедел пневмония
* Жедел бронхиолит
* Жедел бронхит
#21
*! Қыз бала 10 жаста. Айына 3-4 рет болатын ауыр тұншығу ұстамаларына шағымданады. Баланың жағдайы орташа ауырлықта. ТЖ минутына 26 рет, периоральды цианоз. Кеуде торы бөшкетәрізді формада, тыныс алу актысіне қабырғааралық бұлшықеттер қатысады. Перкуторлы-қорапты дыбыс. Аускультативті қатаң тыныс, ысқырықты жайылмалы сырылдар. межреберных мышц в акте дыхания. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясының үстінде II-тонның акценті. Сыртқы тыныс функцияларын зерттеу – форсирленген тыныс щығару көлемі қалыптыдан 40%-ға төмендеген.
Қандай диагноз ең ықтимал?
* Бронхиальды демікпе, интермиттирлеуші ағымы.
* Бронхиальды демікпе, персистирлеуші ағымы, жеңіл дәрежеде.
* Бронхиальды демікпе, персистирлеуші ағымы, орташа ауырлықтағы дәрежесі.
* Бронхиальды демікпе, персистирлеуші ағымы, ауыр дәрежесі.
* Бронхиальды демікпе, астматическалық статус
#22
*!Жасөспірім 14 жаста. Дәрігердің қабылдауына ұзақ уақыттан бергі жөтелге (6 ай көлеміндегі), кезеңді түрде дамитын дистанционды сырылға шағымданып келді. Мұрын бітелуі.Дене температурасы қалыпты. Анасы поллинозбен зардап шегеді. Бронхиальді демікпе диагнозы қойылды. Бұл диагнозды қоюда қандай әдіс ең ақпаратты?
*Спирография
*Рентгенография легких
*Бронхография
*Бронхоскопия
*Пикфлоуметрия
#23
*!12 жастағы ұл, физикалық күштеме кезіндегі ентігуге, бас айналу, есінен тануга, физикалық күштеме кезінде пайда болатын және тыныштық жағдайында жоғалып кететін төс артындағы ауырсынуға, жүрек соғысына шағымданады. Объективті: жүрек тондары өзгермеген, төстің сол жақ жиегінде және жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ - да: сол жақ қарынша миокардының гипертрофиясы, V3-V6 тіркемелерінде Т тісшесі терең теріс , қарыншалық экстрасистолалар.
Қандай зерттеу әдісі неғұрлым орынды болып тұр?
*Электрокардиография
*Эхокардиография
*Тредмил- тест
*Чрезпищеводная ЭхоКГ
*Коронарография
#24
*!6 айлық бала, анасының шағымдары: шамалы бозару, селқостық. Анамнезден баланың 2 толық жүктіліктен, 2 мерзімді босанудан, салмағы 3400 г, денесінің ұзындығы 54 см. Жаңа туылған кезең ерекшеліктерсіз өтті. Емшек сүтімен қоректенді. Объективті: Мүшелер патологиясыз, Пульс-150 рет соққы минутына. ЭКГ ұсынған.
Жаңа туған нәрестеде және нәрестелерде ЭОС қандай ауытқулар болу мүмкін?
* Қалыпты
* Солға
* Оңға
* Тік
* Көлденең
#25
*! Қыз бала 1 ай,туа біткен жүрек ақауымен есепте кардиологта тұрады. Ол ентігу, цианоздың күшеюі шағымдармен келді, бала мазасыз бола бастады, содан кейін мазасыздық әлсіздікке жол берді, құрысулар пайда болды.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Қолқа коарктациясы
* Қолқа сағасының стенозы
* Тетрада Фалло, гипоксиялық шабуыл
* Магистральды тамырлардың транспозициясы
* Жүрекшеаралық қалқалар ақауы
#26
*! Бала 1 жаста. Тексеру кезінде мыналар анықталды: перкуторлы - жүрек өлшемінің солға және оңға ұлғаюы, аускультативті - төстің сол жақ шеті бойымен өрескел систолалық шу, максимум III-IV қабырға аралықта естіледі, өкпе артериясындағы II тонның екпіні. ЭКГ-да - жүректің екі қарыншасының гипертрофиясы. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, жүректің оң және сол жақ бөліктеріне байланысты бұрыштағы жүрек көлемінің ұлғаюы.
Аталған диагноздардың қайсысы ықтимал?
*Жүрекшеаралық қалқалар ақауы (ДМПП)
*Қарыншааралық қалқалар ақауы (ДМЖП)
*Ашық артериальды өзек (ОАП)
*Фалло тетрадасы
*Аорты стенозы
#27
*!Қыз 6 жаста, бас ауруы, ентігу, жүрек соғысына шағымданады. Екі апта бұрын энтеровирустық инфекциямен ауырған. Объективті: баланың жағдайы ауыр, айқын бозару, жүрек көлемінің ұлғаюы, тахикардия 130 рет/мин, галоп ырғағы, жүрек тондары тұйықталған, өкпеде ылғалды сырылдар, бауыр 2 см. ЭКГ-да: ST сегментінің және Т тісшесінің өзгеруі, аритмия.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Инфекциялық эндокардит
* Ревматикалық жүрек ауруы
* Ревматикалық емес кардит
* Гипертрофиялық кардиомиопатия
* Туа біткен кардит
#28
*!Бала 12 жаста,айқын ентігуге, іштің ұлғаюына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Тексеру кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозарған, ерін цианозы, физикалық дамудың едәуір артта қалуы, өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс; жүрек тондары әлсіреген, Боткин нүктесінде эпицентрі бар систолалық шу естіледі. Асцит. Алдын ала диагноз қойылды: дилатационды кардиомиопатия.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу ең ақпаратты?
*Электрокардиография
*Рентгенография
*Эхокардиография
*Компьютерная томография
*Магнитно-резонансная томография
#29
*!Бала 12 жаста. Шағымдары: бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек ауруы, ысу сезімі. 3 ай бойы ауырады. Тұқым қуалаушылық: әкесінде гипертония бар, гиперстеник. Алақандар мен аяқтардың жоғары ылғалдылығы. АҚ 135/85 мм.сын.бағ. Пульс минутына 96 рет. Өкпеде везикулярлық тыныс. Тыныс алу жиілігі минутына 20 рет. Жүрек үні тұйықталған. Жүректің шекаралары – жасына сай. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз.
Қандай алдын-ала диагноз ықтимал?
* Артериялық гипертензия
* Артериялық гипотензия
* Қайталама кардиопатия
* Вегетативтік-тамырлық дистония
* Функционалдық кардиопатия
#30
*!14 жастағы ұл, жиі бас ауруына, көбіне таңертең,тез шаршауға, селқостыққа, назардың төмендеуіне шағымданады. Астеникалық дене бітім, денесі бозғылт. АҚ 90/50 мм.сын.бағ, жүрек соғу жиілігі 68 рет мин, жүрек үні тұйықталған. Жүректің шекаралары – жасына сай. Басқа мүшелері - ерекшеліксіз.
Қандай алдын-ала диагноз ықтимал?
* Артериялық гипертензия
* Артериялық гипотензия
* Қайталама кардиопатия
* Вегетативтік-тамырлық дистония
* Функционалдық кардиопатия
#31
*!15 жастағы жасөспірім, жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында. Жүрек айнуы, қыжылға, қышқыл кекіруге, тамақтанғаннан кейін бірден пайда болатын төстің артындағы және эпигастрий аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданды. Кей кездері түнде жөтел ұстамасы пайда болады. Бұл шағымдар соңғы 2 ай ішінде алаңдатады.
Қандай алдын-ала диагноз ықтимал?
* Жедел холецистит
* Жедел панкреатит
* Созылмалы колит
* Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы
* Созылмалы эзофагит
#32
*!16 жастағы жсаөспірім, жалпы тәжірибелік дәрігердің қабылдауында. Жүрек айнуы, қыжылға, қышқыл кекіруге, тамақтанғаннан кейін бірден пайда болатын төстің артындағы және эпигастрий аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданды. Кей кездері түнде жөтел ұстамасы пайда болады. Бұл шағымдар соңғы 2 ай ішінде алаңдатады.
Қандай зеттеу әдісі ең ақпаратты?
* Дуоденальді зондтау
* Іш қуысы ағзаларын УДЗ
* Фракциялық асқазанды тексеру
* Қарыншаішілік рН-метрия
* Эзофагастродуоденоскопия
#33
*!13 жастағы қыз, тәбеттің төмендеуіне, оң жақ қабығаастында түнгі ауырсынуға, оң жақ иыққа ауырсынудың берілуіне шағымданады. Сөздерінен: мектепте нашар тамақтанады, құрғақ тағаммен тамақтанады, жиі газдалған сусындарды-коланы, фаст фудты,чипсыларды пайдаланады. Пальпация кезінде пилородуоденальды аймақта өткір ауырсыну, Мендельдің оң симптомы, іштің алдыңғы қабырғасы бұлшық еттерінің қалыпты кернеуі анықталды.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Созылмалы гастродуоденит
* Созылмалы холецистит
* Созылмалы колит
* Жедел панкреатит
* Он екі елі ішектің ойық жарасы
#34
*!Әкесімен 13 жасар баласы учаскелік дәрігерге эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуына, құсуға шағымданып келді. Жоғарыда аталған шағымдарға 2 ай болды . Ауырсыну тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан кейін пайда болады. Объективті: тіл ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде іш жұмсақ, бұлшықет кернеуі жоқ. Эпигастрия аймағында ауырсыну.
Зерттеудің қай әдісі ең ақпараттандырады?
* Іш қуысы ағзаларын УДЗ
* Фиброгастродуоденоскопия
* Фракциялық асқазанды тексеру
* Қарыншаішілік рН-метрия
* Дуоденальды зондтау
#35
*!15 жастағы жасөспірім ЖТД қабылдауына майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырғаастындағы қарқынды ауырсынуға шағымданды, сонымен қатар жеңілдік әкелмейтін құсу шағымданып келді. Объективті: тіл ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде оң жақ қабырғаастында ауырсыну. Кера, Мерфи симптомдары оң.
Қандай алдын-ала диагноз ықтимал?
* Созылмалы холецистит
* Жедел панкреатит
* Асқазанның ойық жара ауруы
* Созылмалы колит
* Жедел гастрит
#36
*!емханада 13 жастағы қыз қабылдауда, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырғаастындағы ауырсыну, ащы, қуырылған тағамдарды қабылдағаннан кейін жүрек айнуына, кейде құсуға шағымданды. УДЗ-дан кейін диагнозы: созылмалы холецистит. Қанның биохимиялық талдауы тағайындалды.
Ультрадыбыстық диагностикада қандай негізгі критерийлер болуы мүмкін?
* Тастардың болуы
* Өт тоқырауының белгілері
* Өт қабының деформациясы
* Өт қабының мөлшерін ұлғайуы
* Өт қабының қабырғасының қалыңдауы
#37
*!Ұл бала 12 жаста, шағымдары: жүрек айнуға, тамақ қалдықтарымен көпретті құсуға, жедел ұстаматәрізді оң қабырғаастындағы ауру сезіміне, оң жауырынға беріледі. Мұндай ұстама 7 ай бұрын болған. Тексеру: іштің пальпациясында іштің оң жартысындағы бұлшықеттердің регидттілігі, ауырсыну байқалады. Көпіршік белгілері оң. УДЗ - де: өт қабының қабырғалары 6 мм-ге дейін , мойын аймағында акустикалық көлеңке беретін 10-12 мм-ге дейін гиперэхогендік түзілім анықталады.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Жедел панкреатит
* Калькулезды холецистит
* Асқазанның ойық жара ауруы
* Созылмалы колит
* Жедел гастрит
#38
*!13 жастағы ұл. Сол жақ қабырғаастындағы жиі ұстаматәрізді белдемелі сипаттағы, арқасына берілетін ауырсыну сезіміне шағымданады. Бұл шағымдар 2 жылдан бері мазалайды.. Ауырсыну көпретті рет құсумен бірге жүреді. Майлы немесе көп тамақтанғаннан кейінн қоздырылады.Бала, қырымен тізесін ішіне қарай жинап жатыр. Тілі ақ жабынмен қапталған. Іші кепкен, эпигастрий аймағында, Шоффар аймағында, Дежарден, Майо - Робсон нүктелерінде өткір ауырсыну.
Ең ықтимал алдын-ала диагноз қандай?
* Калькулезды холецистит
* Созылмалы панкреатит
*Асқазанның ойық жара ауруы
* Созылмалы колит
* Жедел гастрит
#39
*!14 жастағы бала емханада ЖТД-дің қабылдауында жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, іш қатуға шағымданады.Кезеңді түрде ұстаматәрізді ауырсыну мазалайды. Тексеру кезінде: тілі дымқыл, сәл ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында орташа ауырсыну, ішек бойымен шу байқалады. Жиі іш қатулар болады. Іш қуысы ағзаларының УДЗ патологиясыз, ЖҚА, ЖЗА, копрограмма қалыпты, ирригография, ректороманоскопияда ерекшеліксіз.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Созылмалы колит
* Созылмалы энтерит
* Жедел аппендицит
* Тітіркенген ішек синдромы
* Жіті ішек инфекциясы
#40
*!13 жастағы ұл, іштің төменгі бөлігіндегі және сол жақ жартысындағы ауырсынуға шағымданады, нәжіс аз мөлшерде, сұйық, кейде қанмен, дефекация кезінде ауырсыну, іш кебуіне шағымданды. Қатты әлсіздік, шаршаудың жоғарылауы алаңдатады. 2 жыл бойы ауырады. Объективті: терісі таза, бозғылт. Тілі дымқыл, ақ жабындымен жабылған, тері астындағы май тіндері нашар дамыған. Іші жұмсақ, тоқ ішек бойымен орташа ауырады. Диагноз: Бейспецификалық жаралы колит, өршу стадиясында диагнозы қойылды.
Биохимиялық қан анализінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
*Гипербилирубинемия
*Гипонатрийемия
*Гиперпротеинемия
*Гипокалиемия
*Гипопротеинемия
#41
*! Ұл, 4 жаста. Температураның 39,7 С дейін көтерілуіне, іштің және белінің ауырсынуына шағымданды. Тері сарғыш реңкпен бозғылт. Гепатоспленомегалия. Зәр мен нәжіс қара қоңыр түсті. Эритроциттер-2,5 х 1012/л, Hb -62 г/л, ЦПК - 1,0; лейкоциттер 15,0 х 109/л; СОЭ - 55 мм / сағ, ретикулоциттер - 252‰. Тромбоциттер-220 х 109/л. анизоцитоз. "Аутоиммунды гемолитикалық анемия" алдын-ала қойылған диагноз.
Диагнозды қай зерттеу сенімді түрде растайды?
* Қара зәр және нәжіс
* Ретикулоциттер саны
* Осмотикалық төзімділік көрсеткіші
* Оң Кумбс сынамасы
* Қандағы сфероциттерді анықтау
#42
*!3 жастағы ұл, 2,5 жаста ЖРВИ-мен ауырды, мұрыннан жиі қан ағады, теріде көгеру пайда болады. Жалпы қан анализінде: Эр.- 1, 1х1012/л, лейк.- 1, 0х109/л, п/я - 1%, с/я -8%, лимфоциттер - 82%, моноциттер - 9%, СОЭ– 54 мм/сағ. тромбоциттер– 14х109/л. Бауыр және көкбауыр, лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қандай алдын-ала диагноз қою мүмкін?
* Гемолитикалық анемия
* Апластикалық анемия
* Постгеморрагиялық анемия
* В12-тапшылықты анемия
* Ақуыз тапшылығы анемиясы
#43
*!Қыз бала 4 жаста. Ата-анасы дәрігерге, ауырсыну сезімімен зәр шығару, іштің ауыруы шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: таңертең ауырып қалды. Өткерген аурулары: ЖРВИ. Тексеру кезінде: тері таза, қалыпты түсті. Тыныс везикулярлы. ТЖ - 16 мин. Жүрек үні айқын. PS 70 мин. Іші жұмсақ, қасаға аймағында ауырады. Зәр шығару жиі, ауырады. Нәжісі қалыпты.
Қандай мақсатқа сай аспаптық тексерулер ең бірінші көрсетілген?
* Экскреторлық урография
* Іш қуысының КТ
* Бүйрек пен қуықтың УДЗ
* Іш қуысы мүшелерінің МРТ
* Цистоскопия
#44
*!Бала 4 жаста. Зәр шығару кезінде, іштің ауыруына шағымданады. Ауырғанына 2 күн. Тексеру кезінде: тері таза, қарапайым түсті. Жүректің үні айқын. RS 70 мин. Іші жұмсақ, жамбас аймағында ауыру сезім. Зәр шығару тез, ауыру сезімімен. ЖҚА: Нв 122г/л, Эр - 4,5 10, Лейк - 5,6 *10, СОЭ сағатына 5 мм. ЖЗА: ул. салмағы 1014, мөлдір, ақуыз жоқ, микроскопия: лейкоциттер 8-10 в к/а, эритроциттер 1-2, жаңа, эпителий жоқ. Бүйрек пен қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі: патологиясыз.
Қай диагноз ең сенімді?
* Жедел пиелонефрит
* Жедел гломерулонефрит
* Жедел цистит
* Өткір панкреатит
* Созылмалы цистит
#45
*!10 жастағы қыз. Әлсіздік, шаршау, шамалы ісінуіне шағымданады. Обьективті: астеникалық. Тері бозғылт. Беті пастозды. Аяқтардағы орташа ісіну. Жүрек үні тұйықталған. РЅ 88 мин. Іші жұмсақ. Бауыр мен көкбауыр үлкейген жоқ. АҚ 140 / 95 мм.сын.бағ. ЖҚА тексеру кезінде: Нв 89 г/ л, СОЭ 65 мм/сағ., холестерин 4,0 ммоль /л, ЖЗА: ақуыз 1,3 г/л, эритроциттер 25-30 п/з.
Қандай диагноз ықтимал?
* Пиелонефрит
* Гломерулонефрит, нефротикалық түрі
* Гломерулонефрит, нефрит формасы
* Оқшауланған зәр синдромы
* Жылдам үдемелі гломерулонефрит
#46
*!Қыз 12 жаста. Дәрігерге бет пен аяқтың ісінуі, бас ауруы, әлсіздік, шаршау шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: 10 ай бойы ауырады. Уақытша жақсартумен, динамикада антибиотиктердің 2 курсын алды. Өткен аурулар: жиі баспа. Тексеру кезінде: тері бозғылт, құрғақ. Беті пастозды, тобығы ісіген. АҚ 135/95 мм.сын.бағ., жүрек үндері тұйықталған. РЅ 88 мин. Іші жұмсақ, бүйректің проекциясы аймағында ауырады. Зәр шығару сирек, ауыртпалықсыз. Нәжіс қалыпты.
Қандай диагноз ықтимал?
* Жедел пиелонефрит
* Жедел гломерулонефрит
* Созылмалы гломерулонефрит
* Созылмалы цистит
* Зәр шығару жолдарының инфекциясы
#47
*!Қыз 12 жаста. Дәрігерге бел аймағындағы ауырсыну, температураның 37,5 С дейін көтерілуі, шаршау, әлсіздік, бас ауруына, суықтаудан кейінгі іштің ауыруы шағымдармен жүгінді. Тексеру кезінде: t-ra 38C, терісі таза, ісіну. Жүректің үні айқын. RS 70 мин. Іші жұмсақ, "ұрғылау" симптомы екі жағынанда оң. Зәр шығару жиілеген. Зәр бұлынғыр, сары түсті. ЖҚА: Нв-122г/л, Эр-4,5 х1012/л; Лейк-12,6 х109/Л; Нейтф. с/ж - 57, п / ж-8, Лимф - 25, Эоз-2, Мон-8; СОЭ - сағатына 25 мм. Зәр анализінде: уд. салмағы 1014, бұлыңғыр, ақуызы--., жалпақ эпителий-5-7, лейкоциттер 10-12, эритроциттер 1-2, жаңа. Бүйрек пен қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі: патологиясыз.
Қай диагноз ең сенімді?
* Жедел пиелонефрит
* Созылмалы пиелонефрит
* Жедел гломерулонефрит
* Созылмалы гломерулонефрит
*Тубулопатия
#48
*!Балаға 10 ай. Учаскелік дәрігер баланың психикалық және физикалық дамудың кешігуіне, соңғы 3 айда салмақ жоғалтуына назар аударды, температурасы 37.5 с. Сурдологта мына диагнозбен байқыланады: туа біткен құлақ мүкістігі. Тексеру кезінде тері бозғылт, құрғақ болады. Тері тургоры азайған. Рахит розары мен білезіктер түріндегі сүйек өзгерістері. Жүрек үні тұйықталған. RS 78 мин. Іші гипотоникалық. Жиі зәр шығарады. Қан анализінде: хлоридтер 80 ммоль / л, метаболикалық ацидоз. Зәр анализінде: уд. салмағы 1003, реакция қышқыл, калий 95 ммоль / тәул. Рентген: остеопороз, сан және асықты жілік сүйектерінің қисықтығы.
Қай диагноз ең сенімді?
*Созылмалы гломерулонефрит
*Оқшауланған зәр синдромы
*Рахит ауыр дәрежелі
*Фосфат-диабет
*Гистиоцитоз
#49
*! 3 жастағы қыз. Шағымдары:сирек зәр шығару, әлсіздік, тамақтанудан бас тарту, "ет жұғындысы"түсті зәр. Тексеру кезінде: сана-сезім сопорозды . Терісі бозғылт, сарғыш түсті, құрғақ. Тынысы қатаң ,25-ке дейін. Жүрек үні тұйықталған. Жүрек соғу жиілігі-минутына 110. Іші жұмсақ. ОАК: Нв - 86 г/л, эр.-3, 0х1012г/л, лейкоциттер-8х109 / л креатинин-200 мкмоль/л, несепнәр-16 ммоль/л, калий 7,5 ммоль / л. Қандай диагноз ықтимал?
* Жедел пиелонефрит
* Созылмалы пиелонефрит
* Жедел цистит
* Созылмалы цистит
* Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
#50
*!Бала 11 жаста. Ата-анасы дәрігерге баласындағы ісіну, бас ауруы, әлсіздік және жүрек айнуына туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: 2 апта бұрын іріңді баспамен ауырған. Өмір тарихы: жасына сәйкес өсіп, дамыған. Қарау кезінде: Ақ 155/95 мм рт.ст. тері бозарған. Беті пастозды, аяқта ісінулер байқалады. Жүрек үні тұйықталған. РЅ 88 мин. іші жұмсақ. Зәр шығару сирек. Үлкен дәреті қалыпты.
Қандай диагностикалық зерттеу қажет?
* Магнитті резонансты бейнелеу
* Компьютерлік томография
* Бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі
* Шолу рентгенологиялық тексеру
* Экскреторлық урография
#51
*!Қыз бала 11 жаста. Анасының айтуынша, ұйқышылдық, тез шаршау, мектептегі үлгерімнің төмендеуі туралы шағымдары бар. Тексеру кезінде тері жабындылары құрғақ, бозғылт, қолдары мен аяқтары суық. Шаш пен тырнақтың сынғыштығы, тырнақтарында көлденең сызықтар жұқа, шаш түтіккен. Пульс минутына 56 ырғағы дұрыс. АҚ 80/45 мм. сын. Тістері кариесті. Майтабан. Іш қату. Зертханалық деректер: TТГ 100МЕ/л, св T4 -0,4МЕ/л.
Ең ықтимал диагноз қандай?
*Аутоиммунный тиреодит
*Гипотиреоз
*Эндемический зоб
*Феохромоцитома
*Болезнь Грейвса
#52
*!Қыз бала 14 жаста. Тітіркену, терлеу, салмақ жоғалту, жүрек соғысы, ұйқының бұзылуы туралы шағымданады. Тексеру кезінде терісі бозғылт, қолдары мен аяқтар ылғалды болады.Тәбеті жоғарылаған. Экзофтальм, Штельваг симптомы оң, қол саусақтардың треморы байқалады. Пульс минутына 96, ырғағы дұрыс. АҚ 130/50 мм.сын. жүрек үні қатты, жүрек ұшында систолалық шу. Зертханалық деректер: ТТГ 0,1 мМЕд/л, св Т4 15МЕ/л жоғарылаған.
Ең ықтимал диагноз қандай?
*Диффузно-токсикалық зоб
*Гипотиреоз
*Эндемилфқ зоб
*Феохромоцитома
*Аутоиммунды тиреоидит
#53
*! Бала 8 жаста. Мектептегі бастан өткізген стресстен кейін, баланың анасы шөлдеу, жиі зәр шығару, құсу туралы шағымдармен жүгінді. Объективті: бала селқос, бозғылт. Тері жамылғысы құрғақ. Куссмауль тынысы, аузынан ацетонның иісі шығады. Жүрек үні тұйықталған. Іші жұмсақ. Қан анализінде: глюкоза 26 ммоль / л. Зәр анализінде - ацетон.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Аш қарынға гликемия бұзылуы
* Ацетонемиялық синдром
* Қант диабеті, 1 тип
* Қант диабеті, 2 тип
* Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
#54
*! Қыз бала 15 жаста. Профилактикалық тексеру кезінде аш қарынға гликемия деңгейінің тиісінше 8,2 және 7,9 ммоль/л дейін екі рет жоғарылауы анықталды. Қыздың артық салмағы бар, ИМТ 22.
Қандай алдын-ала диагноз болуы мүмкін?
* Конституциялық семіздік
* Аш қарынға гликемияның бұзылуы
* Қант диабеті, 1 тип
* Қант диабеті, 2 тип
* Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы
#55
*! Ұл бала 10 жаста. Шағымдары 40°C-қа дейінгі гипертермия, бір ай бұрын жедел стрептококкты тонзиллитке шалдыққан. Тексеру кезінде: тері орташа бозарған, жүрек соғу жиілігі минутына 92, төгілген жүрек соғысы байқалады, жүректің ұшында үрмелі систолалық шу естіледі.. Жедел ревматикалық қызба диагнозы қойылған.
АСЛ-О көрсеткіші қандай болуы мүмкін?
* >20 бірлік / мл
* >50 бірлік / мл
* >80 бірлік / мл
* >100 бірлік / мл
* >150 бірлік / мл
#56
*! 12 жастағы қыз 6 жылдан бері ювенильді ревматоидты артритпен Д-есепте тұрады. Ауру жиі қайталанумен, процестің дамуымен және артикулярлық синдромның жоғарылауымен жүреді.
Бұл аурудың ең кеш белгісі қандай?
* Буындардағы тұрақты сықыр
* Таңертеңгі құрысу
* Буындардың ісінуі
* Анкилоздалу
* Буындар деформациясы
#57
*! Ұл бала 10 жаста, 39,5 ºС қызбаға,, айқын миалгия, құрысу сезіміне және арқа бұлшықет әлсіздігі туралы шағымдар жасайды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, бетінде эритема,шынтақ буыны мен білезік буынында"күлгін көзілдірік"симптомы . Пальпация кезінде аяқтың проксимальды бөліктерінде ауырсыну және бұлшықет күшінің төмендеуі байқалады. ОАК: НВ 75Г/л, лейкоциттер-8,7х109 г/л, СОЭ-55М/сағ. Б/х: жалпы ақуыз-62Г/л, креатинин-135моль/л, КФК-240моль/л, альдолаза-8,5 ед/л.
Ең ықтимал диагноз қандай?
* Жүйелі склеродермия
* Дерматополимиозит
* Жүйелі қызыл жегі
* Ревматоидты артрит
* Түйіндік полиартериит
#58
*! 7 жастағы ұл, күн сәулесінің ұзақ әсерінен кейін температура 39ºС-қа дейін көтерілді, миалгия, таңертеңгілік саусақ буындардағы құрысу сезімі. Жағдайы орташа ауыр, "көбелек"түріндегі бет эритемасы. Жүрек соғу жиілігі минутына 96 соққы, жүрек үні тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу. Іші жұмсақ, бауыр бұғана ортаңғы сызық бойымен қабырға астынан 2 см шығып тұр. Алдын ала диагноз: жүйелі қызыл жегі.
Бұл диагнозды қою кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең маңызды болып табылады?
* Лейкоцитоз
* ANF және le жасушалары
* Жоғары СОЭ
* Нейтрофилез
* Лимфоцитоз
#59
*! 5 жастағы баллада есінің шатасуы, кеуде қуысының тартылуы,тыныс алу жиілігі минутына 48. БАБЖ бағдарламасы бойынша ең дұрыс диагноз қойыңыз?
* Астмоидты тыныс
* Ауыр пневмония
* Жедел бронхит
* ЖРВИ
* Обструктивті бронхит
#60
*! Қабылдауда анасы 3 жастағы баласымен,3-ші күн дене температурасының 38.5°С көтеріуіне, жөтелге шағымданып келді.Қарап тексергенде: кеуде қуысының тартылуы, тыныс алу жиілігі минутына 46 рет. БАБЖ бағдарламасы бойынша ең дұрыс диагноз қойыңыз?
* Пневмония
* Ауыр пневмония
* ЖРВИ
* Жедел бронхит
* Обструктивті бронхит
#61
!Бала 5 жаста,анасымен қабылдау бөліміне 3-күн бойы t 39°С көтерілуіне, құсуға шағымданып келді.Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Қарап тексеру кезіндегі жағдайы ауыр.Тексеруде балада желке бұлшық етінің ригидтілігі.
Диагноздардың қайсысы БАБЖ-ға сәйкес келеді?
* Жедел менингит
* Этиологиясы белгісіз қызба
* ЖРВИ. Нейротоксикоз
* Мүмкін бактериялық инфекция
* Өте ауыр фебрильді ауру
#62
*!Бала 1 жаста. Жалпы тәжірибелік дәрігер үйге шақыртылды. Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Анасының айтуы бойынша шағымдары: 7 күн бойы ыстығының 37,3 пен 38,5 дейін көтерілуі, ата – анасы парацетамолмен ыстығын төмендетеді, бірақ ол қайтадан көтеріледі. Қандай диагноз БАБЖ-ға сәйкес келеді?:
* Іш сүзегі
* Ұзаққа созылған қызба
* Қызылша инфекциясы
* Асқынбаған қызба
* Мүмкін бактериялық инфекция
#63
Ұл бала 8 айлық. 3 күннен бері күніне 4 реттен көп сұйық нәжіске шағымданады. Диареяға шағымданады. Анамнезінен: баланың салмағы 7500 гр. Объективті: бала летаргиялық, көздері төмен түскен , суды нашар ішеді, тері қатпарлары өте баяу орнына келеді,, нәжісте қан байқалады.
Қандай диагноз БАБЖ бағдарламасына сәйкес келеді?:
* Ауыр сусыздану
* Орташа сусыздану
* Жеңіл сусыздану
* Ауыр ұзаққа созылған диарея
* Дизентерия
#64
*! Қыз бала 6 айлық, анасымен қабылдауда. 2 күнен бергі тәулігіне 3 реттен көп сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезінде: жасына сай өсіп-дамып келеді, екпесін күнтізбе бойынша алған. Баланың салмағы 7200 гр. Объективті: бала енжар, суды ашкөздікпен ішеді, көздері төмен түскен , тері қатпарлары бір секундта жазылады.. Қандай диагноз БАБЖ бағдарламасына сәйкес келеді?
* Ауыр дегидратация
* орташа дегидратация
* дегидратация жоқ
* ауыр ұзаққа созылған диарея
* Дизентерия
#65
*!5 айлық ұл бала. Салмағы-3100 г, бойы -54 см. қазіргі уақытта баланың салмағы-6500 г.әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Жасанды тамақтандыруға 3 айында көшкен. Тексеру кезінде: бала селқос, терісі бозарған, құрғақ, бұлшықеттік гипотония, алақаны бозғылт түсті.
Қандай диагноз БАБЖ бағдарламасына сәйкес келеді?:
* Тамақтанудың ауыр бұзылуы
* төмен салмақ
* ауыр анемия
* Анемия
* Төмен салмақ / анемия жоқ
#66
*!Бала 7 айлық. Салмағы-3200 г, денесінің ұзындығы-52см. Қазіргі уақытта баланың массасы-7300, мазасыз ұйқыға, себепсіз жылағыштыққа шағымданады. Тек емшек сүтімен тамақтанады. Объективті: терісі құрғақ, бозарған, іш пен дененің тері асты май қабаты жұқарған. Тері серпімділігі мен эластикалығы төмендеген.Бақылап отырып бергенде 90мл сүт емді.
Қандай диагноз БАБЖ бағдарламасына сәйкес келеді?:
* Тамақтанудың ауыр бұзылуы
* төмен салмақ
* ауыр анемия
* Анемия
* Төмен салмақ / анемия жоқ
#67
*!Патронаждық медбикемен үйге босануға дейінгі патронаж жасалды. Жүкті әйел 30 жаста, жүктіліктің 34 аптасында, әйелдер кеңесінде есепте тұрады. Мектепте жұмыс істейді. Дені сау.
Достарыңызбен бөлісу: |