Абсолютті оң скотома
394.Науқаста оң жақ жоғары қабағында кенеттен ісік пайда болды, кірпік түбі іріңдеп локальді гиперемирленген, күрт ауырсыну бар. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
теріскен
395.Науқас екі көзінің қабақтары
шеттерінің көзге салмақ түскеннен кейін, күшейетін қышуы, қызаруы, кірпік түбінің қабыршықтануына шағымданды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
блефарит
396.Жасөспірім сөзінен, сымдарды қиып отырып, көзіне бірдеңе түскен. Қарапайым әдістермен қарағанда ешнәрсе анықталған жоқ. Қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет
көз шарасы рентгенографиясын
397.Глаукоманың жедел ұстамасы кезінде алғашқы көмек ретіндегі препаратты көрсетіңіз. Әрекет ету механизмі.
пилокарпин, алдыңғы ұңғылдан нұрлы қабықтың тамырын тарта қарашықты тарылтады
398.5 жасар балада қасаң қабық синдромы күрт көрінген. Беті ісінген. Тексерген кезде - көз алмасының перикорнеалды инъекциясы, қасаң қабықтың беткелі қарауытуы. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
фликтенулездік кератит
399.Жасөспірімде көктемгі-жазғы кезде күрт дуылдап қышу мен жас ағу пайда болады. Объективті – жоғарғы қабақтың конъюнктивасында "тас төселген көшені" еске салатын емізікшелер бар. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
көктемгі катар
400.Қабылдауға келген 14 жасар қыз оң жақ қабағы үстінің ауырып, қызарып, іскені мен ыстықты сезінетіндігіне шағымданды. Объективті: қабақтың күрт ісуі, көзі жабық, ауырсыну, жоғары қабақ қызарған. Анамнезде анықталғаны - 3 күн бұрын қасын жұлған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
абсцесс
401.Әйел адам шаштаразда қасы мен кірпіктерін бояғаннан кейін, қабақ маңының күрт қыши бастауы мен ісінуіне және везикулезды бөртпелер пайда болды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |