Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ“ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.[1]
Ақ Жол – Қазақстанның қоғамдық-саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпал еткен газет.
1920 — 25 жылдары Ташкентте Түркістан Компартиясы ОК мен ТүркАКСР-ы ОАК-нің органы, 1925 — 26 жылдары Шымкентте БК(б)П Сырдария губкомының органы ретінде шығарылды. Алғашқы редакторы — С.Қожанов. Кейін газетті шығарушы, редакторлардың ішінде Н.Төреқұлов, С.Оспанов, И.Тоқтыбаев т.б. болды. Оның жұмысына М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, І.Жансүгіров, А.Байтұрсынов, Б.Сүлеев, Т.Шонанов т.б. қазақ зиялыларының үлкен шоғыры араласқан.
Басылым беттерінде Алаш қозғалысының қайраткерлері қазақ халқының мүддесіне қатысты тақырыптарды қозғап, құнды мақалалар жариялады. Газеттің саяси-идеялық бағыты құрылтайшыларына ұнамады. Оның жұмысына көп кедергілер жасалды. Коммунистер “қызыл” деген сөзі бар атауды алмай, газеттің “Ақ жол” атануының өзінен күдікті мән іздеді. Осыған орай С.Қожанов “Ақ жол” біздің ақ батамыз, ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін қазақ-қырғыз жұрты ақылымен біліп, жүрегімен сезеді” деп жазды (1921, №115, 7 желтоқсан). 1925 жылы 29 мамырда И.В.Сталин РК(б)П Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған “Қазақ баспасөзі туралы” хатында “ Ақ жол” мен “ақгвардияшыл эмигрант” М.Шоқай арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазып, партияда жоқ интеллигенттерді коммунистік басылымға жолатпауды талап етті. Сталиннің хаты ескі интеллигенцияны қуғындауға жол ашып, 20-жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда жарық көрген ұлттық басылымдарға үлкен соққы болып тиді және жариялық пен демократиялық атаулыны әміршіл-әкімшіл жүйемен ауыстыруға негіз берді. “ Ақ жол” газеті халық алдындағы борышын адал орындаған, ұлттың рухын көтеретін басылымдардың бірі болды.[1] Қазақ зиялалары туралы сөзді ХIХғасырда өмір сүрген қазақ тың ағартушыларынан бастаған дұрыс. Өйткені, олар өздерінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі мәдениет көздерінен сусындай отырып өрбіткен іс-әрекеттерін әлеуметтік саяси дамудың принциптеріне,үрдістеріне сай екшеп отырған.Өз заманының керемет саясаткерлері, этногроф-ғалым ш.Уалиханов қазақ елінің саяси өміріндегі кейбір мәселелерінің шешімі ұлттық-этникалық жетілуде екенін пайымдаған. Ш.Уалиханов “Сот реформасы жайында хат” атты саяси тұрғыда жазылған еңбегінде қазақтың ел билеу тәжірибесінде маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызады: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билеу институтын;халықтық сайлауды әділетті өткізу. Жетілмеген саяси жүйенің қозғаушы күші сол халықтың белсенділігін,білімділігін арттыруда екеніне де баса назар аударды. Бұл идеяны өзінің шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады.
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе- олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін байлардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп,бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.Жалпы ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санад Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат -мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек деп есептеді. Ы.Алтынсарин көтерген бастама өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын.Өйткені саяси күреске,тәуелсіздік алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендігін түсінген іс-әрекет еді.Ол адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылтып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып ,шын мәнәнде алға жылжитын,прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт жөнінде” деген еңбегіндехалқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті.Бірақ оны өз ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп оған қарсы шықты.
А. Құнанбаевтың “Қара сөздері” түркі халықтарының даналығының бір биігі болатын. Өз халқының әлеуметтік, саяси жағдайына жаны ашыған көрге ақын өз шығармашылығында көп мәселені шешуді мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды.Еркіндіктің қайнар көзі халықтың дүниетанымында екеніне назар аударды.А. Құнанбаев 41-қара сөзінде ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту үшін мықты үкімет халықты білімге, ғалымға, өнерге, еңбекке тартуға міндетті екенін айтады.Сонымен қатар , үкімет билік басындағы адамның материялдық жағдайының жақсы болғанын қалады.Өйткені, бұл тұжырым биліктегі адам күнделікті күйкі тірліктің мәселелері деңгейінде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.Сол кездегітарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп,кәсіпті,сауданы меңгеруге кеңес берген- Абай.Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да бірінші ұсынған -ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
3
Достарыңызбен бөлісу: |