Кез келген өзара тең ∆t уақыт аралықтарында υ жылдамдығы бірдей ∆υ шамаға өзгеріп отыратын қозғалыстың түрі



Дата22.05.2023
өлшемі24,95 Kb.
#95761

1Кез келген өзара тең ∆t уақыт аралықтарында υ жылдамдығы бірдей ∆υ шамаға өзгеріп отыратын қозғалыстың түрі
Қисық сызықты қозғалыс
Шеңбер бойымен қозғалыс
Бір қалыпсыз қозғалыс
Бір қалыпты айнымалы қозғалыс
Дұрыс жауап жоқ.
2Қисық сызықты қозғалыстағы нүктенің толық үдеуі неге тең
Жылдамдық квадратының радиусқа қатынасына
жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысына
орын ауыстырудың уақыт бойынша алынған екінші ретті туындысына
тангенциал және нормаль үдеулердің қосындысына
жылдамдықтар айырымының уақытқа қатынасына.
3Белгі бір уақыт ішінде жасалған айналым немесе бұрылу бұрышының уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысы ... деп аталады
Бұрыштық жылдамдық
сызықтық жылдамдық
орташа жылдамдық
лездік жылдамдық
бұрыштық үдеу
4Дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді. Бұл қай заң?
Ньютонның 3-ші заңы
Ньютонның 1-ші заңы
Ньютонның 2-ші заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Гук заңы.
5Ілгерлемелі қозғалыстың динамикалық теңдеуі:
F = dp/dt
F = -F
F = ma
Fdt = dp
P = mυ.
6Егер материалдық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, нүктеге әр күш басқаларынан тәуелсіз өзіндік үдеу береді. Бұл қандай принцип?
суперпозиция
тәуелсіздік
орын ауыстыру
көбейту
Дұрыс жауап жоқ.
7Өлшемі дененің жүретін жолымен салыстырғанда ескеруге болмайтын, яғни массасы қарастырылып отырған жағдайда ескерілмейді
жылдамдық
масса
инертті масса
элементар масса
Материалдық нүкте
8Дененің бастапқы және ақырғы орнын қосатын бағытталған кесінді қалай аталады.
орын ауыстыру
траектория
үдеу
жылдамдық
еркін жүру жолы.
9Материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым.
Кинематика
Динамика
Статика
Оптика
Механика
10Атқарылған жұмыс қозғалыс траекториясының пішінінен тәуелсіз, тек дененің бастапқы және соңғы орындарына байланысты анықталса, әсер етуші күш ... деп аталады.
консервативті емес
консервативтік
серпінділік
ауырлық
үйкеліс
11Жер бетінен белгілі бір биіктіктен түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясының формуласы
W = mgh
W = mυ^2/2
W = kx^2/2
W = pc
W = mc
12Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының қандай шамаларға тәуелді
серіппенің ұзаруының квадратына
серіпенің қатаңдығына
серіппенің ұзаруына
өткізгіштің ұзындығына
биіктікке.
13 Толық механикалық энергияның сақталу заңы?
W=Wk + Wp
W = mgh
W = F·h
W = P·h
барлық жауап дұрыс.
14Оқшауланған жүйедегі бөлшектердің толық импульсі кез келген механикалық қозғалыс үшін тұрақты шама болады, бұл қандай заң
энергияның сақталу заңы
импульстің сақталу заңы
импульс моментінің сақталу заңы
зарядтың сақталу заңы
дұрыс жауап жоқ.
15Мына формула x''+2σx'+ω0^2x=0 қандай тербеліске арналған теңдеу ...
өшетін тербелістің диференциал теңдеуі
еркін тербелістің диференциал теңдеуі
еріксіз тербелістің диференциал теңдеуі
гармониялық тербелістің диференциал теңдеуі
автотербеліс теңдеуі
16Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған дене қандай қозғалыстар жасайды?
ілгерлемелі және айналмалы
қисық сызықты
айналмалы
түзу сызықты
ілгерлемелі
17Күш моментін анықтау формуласы қайсысы
M = J·ε
M = [r·F]
M = dL/dt
A = Mdφ
L = cosnt
18Cұйық қабаттары қозғалғанда пайда болатын ішкі үйкеліс күші қалай аталады.
ағын
ағыс
стационар
тұтқырлық
турбулентті.
19Кез келген оське қатысты инерция моменті берілген оське паралель және дененің массалар центрі арқылы өтетін оське қатысты инерция моменті мен дененің массасының осьтер арасындағы ара қашықтығының квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең. Бұл тұжырымды жасаған кім?
Штейнер
Ньютон
Архимед
Паскаль
Стокс
20Нүкте қозғалысының тепе-теңдік қалпынан ауытқу шамасының синусоида немесе косинусоида бойымен периодты түрде қайталанатын қозғалыс түрі:
еркін тербеліс
еріксіз тербеліс
гармониялық тербеліс
механикалық тербеліс
электромагниттік тербеліс.
21Егер жібінің ұзындығын 9 есе ұзартса,онда математикалық маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді?
3 есе артады
3 есе кемиді
9 есе артады
9 есе кемиді
өзгермейді.
22 Тербеліс бағыты толқынның тарау бағытымен сәйкес келсе, ол қандай толқын болады?
қума;
көлденең;
еріксіз;
еркін;
перпендикуляр.
23Бірқалыпты үдемелі қозғалысты сипаттайтын негізгі физикалық шама:
орын ауыстыру,
Жылдамдық,
уақыт.
үдеу,
Барлық жауаптар дұрыс.
24Сұйық ішімен қозғалған шарға сұйық тарапынан әсер ететін тұтқырлық күшін 1851 жылы анықтаған ағылшын ғалымы?
Дж. Стокс;
Пуазейль;
Д. Бернулли;
И. Ньютон;
Кулон.
25Көлбеу жазықтық үшін энергияның сақталу заңы
Ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстардың кинетикалық энергияларының қосындысымен;
кинетикалық және потенциалдық энергия қосындысымен;
механикалық энергиялармен;
ішкі энергия мен кинетикалық энергиялар қосындысымен;
Дұрыс жауап жоқ.
26Тербелісті сипаттайтын ең негізгі физикалық шама:
амплитуда
жиілік
период
тербеліс фазасы
бастапқы фаза
27Сұйықтар мен газдардың қозғалысы кезінде пайда болатын ішкі үйкеліс күші қандай коэффициентке тәуелді
тығыздық
жылдамдық
тұтқырлық
масса
көлем.
28Сыртқы периодтық күш әсерінен пайда болатын тербелістер
Еркін
Еріксіз
Гармоникалық
Өшетін
Шеңбер бойымен қозғалыс.
29Тыныштықта тұрған автомобиль 0,6 м/с^2 үдеумен қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?

10 с
100 с
0,5 с
1000 с
5 с
30Нүкте қозғалысының теңдеуі: х=4-6t+t^3. Оның 0,5 с уақыттағы үдеуі қандай болады?

3 м/с^2
1 м/с^2
2 м/с^2
0
4 м/с^2
31Егер темір жол вагонының буфер пружинасын 1см қысу үшін үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см қысу үшін қандай күш қажет?

200 кН
150 кН
120 кН
170 кН
100 кН
32Материалдық нүктенің қозғалысы х=5+8t+4t^2 теңдеумен сипатталады. Егер дене массасы 1 кг болса, онда қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен кейінгі нүктенің импульсі.

16 Нс
0,4 Нс
5 Нс
4 Нс
8 Нс.
33Егер дененің кинетикалық энергиясын 4 есе арттырса оның импульсі :

4 есе артады
өзгермейді
16 есе артады
4 есе кемиді
2 есе кемиді
34Менделеев - Клапейрон теңдеуi қандай газ күйiн сипаттайды?
идеал газ;
сұйық;
нақты газ;
плазма;
сиретiлген газ.
35Термодинамиканың бiрiншi заңы:
ΔQ=ΔU+ΔA;
ΔQ=ΔU-ΔA;
ΔQ= ΔA;
ΔQ=ΔU;
ΔQ=SΔT.
36Адиабаталық процесс кезiндегi газ күйiнiң теңдеуi:
PV^γ=const

PV=0;

PV=m/M*RT


PV=const;
P·V^2= const.
37Цилиндрдегі массасы 2 кг сутегі газының температурасы 20^0С. Егер де оны изобаралық процесте 120^0С–қа қыздырсақ, қандай термодинамикалық жұмыс жасалады. Сутегінің мольдік массасы 0,002кг/моль.
≈4,8МДж.
≈40Мдж
8,2кДж.
50мДж.
≈3,1МДж.
38Егер массасы 6кг, көлемі 5м^3, қысымы 200кПа газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табыңдар.
6 км/с
15 км/с
660 м/с
700 м/с.
750 м/с.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет