|
Кез келген өзара тең ∆t уақыт аралықтарында υ жылдамдығы бірдей ∆υ шамаға өзгеріп отыратын қозғалыстың түрі
|
бет | 1/2 | Дата | 17.01.2023 | өлшемі | 46,81 Kb. | | #61586 |
| Байланысты: Физика экзамен
Кез келген өзара тең ∆t уақыт аралықтарында υ жылдамдығы бірдей ∆υ шамаға өзгеріп отыратын қозғалыстың түрі
Шеңбер бойымен қозғалыс
Бір қалыпсыз қозғалыс
Қисық сызықты қозғалыс
Бір қалыпты айнымалы қозғалыс
Дұрыс жауап жоқ.
Қисық сызықты қозғалыстағы нүктенің толық үдеуі неге тең
жылдамдықтың уақыт бойынша алынған туындысына
орын ауыстырудың уақыт бойынша алынған екінші ретті туындысына
тангенциал және нормаль үдеулердің қосындысына
Жылдамдық квадратының радиусқа қатынасына
жылдамдықтар айырымының уақытқа қатынасына.
3Белгі бір уақыт ішінде жасалған айналым немесе бұрылу бұрышының уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысы ... деп аталады
сызықтық жылдамдық
орташа жылдамдық
лездік жылдамдық
Бұрыштық жылдамдық
бұрыштық үдеу
Дененің алған үдеуі әсер етуші күшке тура пропорционал, дене массасына кері пропорционал және әсер етуші күштің бағыты бойынша өзгереді. Бұл қай заң?
Ньютонның 1-ші заңы
Ньютонның 2-ші заңы
Ньютонның 3-ші заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Гук заңы.
Ілгерлемелі қозғалыстың динамикалық теңдеуі:
F = -F
F = ma
Fdt = dp
P = mυ.
F = dp/dt
Егер материалдық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, нүктеге әр күш басқаларынан тәуелсіз өзіндік үдеу береді. Бұл қандай принцип?
суперпозиция
тәуелсіздік
орын ауыстыру
көбейту
Дұрыс жауап жоқ.
Өлшемі дененің жүретін жолымен салыстырғанда ескеруге болмайтын, яғни массасы қарастырылып отырған жағдайда ескерілмейді
масса
инертті масса
элементар масса
материалдық нүкте
жылдамдық
Дененің бастапқы және ақырғы орнын қосатын бағытталған кесінді қалай аталады.
траектория
үдеу
орын ауыстыру
жылдамдық
еркін жүру жолы.
Материя қозғалысының ең қарапайым формасын, яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылым.
Динамика
Статика
Оптика
Кинематика
Механика
Атқарылған жұмыс қозғалыс траекториясының пішінінен тәуелсіз, тек дененің бастапқы және соңғы орындарына байланысты анықталса, әсер етуші күш ... деп аталады.
консервативтік емес
консервативтік
серпінділік
ауырлық
үйкеліс
Жер бетінен белгілі бір биіктіктен түсіп келе жатқан дененің потенциалдық энергиясының формуласы
W = mυ^2/2
W = kx^2/2
W = mgh
W = pc
W = mc
Серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясының қандай шамаларға тәуелді
серіпенің қатаңдығына
серіппенің ұзаруына
серіппенің ұзаруының квадратына
өткізгіштің ұзындығына
биіктікке.
Толық механикалық энергияның сақталу заңы?
W = mgh
W = F·h
W = P·h
W=Wk + Wp
барлық жауап дұрыс.
Оқшауланған жүйедегі бөлшектердің толық импульсі кез келген механикалық қозғалыс үшін тұрақты шама болады, бұл қандай заң
энергияның сақталу заңы
импульс моментінің сақталу заңы
зарядтың сақталу заңы
импульстің сақталу заңы
дұрыс жауап жоқ.
Мына формула x''+2δx'+ω0^2·x=0 қандай тербеліске арналған теңдеу ...
еркін тербелістің диференциал теңдеуі
еріксіз тербелістің диференциал теңдеуі
гармониялық тербелістің диференциал теңдеуі
өшетін тербелістің диференциал теңдеуі
автотербеліс теңдеуі
Көлбеу жазықтық бойымен қозғалған дене қандай қозғалыстар жасайды?
қисық сызықты
айналмалы
түзу сызықты
ілгерлемелі және айналмалы
ілгерлемелі
Күш моментін анықтау формуласы қайсысы
M = J·ε
M = dL/dt
A = Mdφ
M = [r·F]
L = cosnt
Cұйық қабаттары қозғалғанда пайда болатын ішкі үйкеліс күші қалай аталады.
ағыс
тұтқырлық
стационар
ағын
турбулентті.
Кез келген оське қатысты инерция моменті берілген оське паралель және дененің массалар центрі арқылы өтетін оське қатысты инерция моменті мен дененің массасының осьтер арасындағы ара қашықтығының квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең. Бұл тұжырымды жасаған кім?
Ньютон
Штейнер
Архимед
Паскаль
Стокс
Нүкте қозғалысының тепе-теңдік қалпынан ауытқу шамасының синусоида немесе косинусоида бойымен периодты түрде қайталанатын қозғалыс түрі:
еріксіз тербеліс
еркін тербеліс
гармониялық тербеліс
механикалық тербеліс
электромагниттік тербеліс.
Егер жібінің ұзындығын 9 есе ұзартса,онда математикалық маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді?
3 есе кемиді
3 есе артады
9 есе артады
9 есе кемиді
өзгермейді.
Тербеліс бағыты толқынның тарау бағытымен сәйкес келсе, ол қандай толқын болады?
еріксіз;
еркін;
қума;
көлденең;
перпендикуляр.
Бірқалыпты үдемелі қозғалысты сипаттайтын негізгі физикалық шама:
Жылдамдық,
уақыт.
орын ауыстыру,
үдеу,
Барлық жауаптар дұрыс.
Сұйық ішімен қозғалған шарға сұйық тарапынан әсер ететін тұтқырлық күшін 1851 жылы анықтаған ағылшын ғалымы?
Пуазейль;
Д. Бернулли;
И. Ньютон;
Кулон.
Дж. Стокс;
Көлбеу жазықтық үшін энергияның сақталу заңы
кинетикалық және потенциалдық энергия қосындысымен;
механикалық энергиялармен;
ішкі энергия мен кинетикалық энергиялар қосындысымен;
Ілгерлемелі және айналмалы қозғалыстардың кинетикалық энергияларының қосындысымен;
Дұрыс жауап жоқ.
Тербелісті сипаттайтын ең негізгі физикалық шама:
амплитуда
жиілік
период
тербеліс фазасы
бастапқы фаза
Сұйықтар мен газдардың қозғалысы кезінде пайда болатын ішкі үйкеліс күші қандай коэффициентке тәуелді
жылдамдық
тығыздық
масса
көлем.
тұтқырлық
Сыртқы периодтық күш әсерінен пайда болатын тербелістер
Еркін
Еріксіз
Гармоникалық
Өшетін
Шеңбер бойымен қозғалыс.
29Тыныштықта тұрған автомобиль 0,6 м/с^2 үдеумен қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
100 с
0,5 с
1000 с
5 с
10 с
Нүкте қозғалысының теңдеуі: х=4-6t+t^3. Оның 0,5 с уақыттағы үдеуі қандай болады?
1 м/с^2
2 м/с^2
3 м/с^2
0
4 м/с^2
Егер темір жол вагонының буфер пружинасын 1см қысу үшін үшін 30 кН күш қажет болса, оны 4 см қысу үшін қандай күш қажет?
200 кН
170 кН
100 кН
120 кН
150 кН
Материалдық нүктенің қозғалысы х=5+8t+4t^2 теңдеумен сипатталады. Егер дене массасы 1 кг болса, онда қозғалыс басталғаннан 1 с өткеннен кейінгі нүктенің импульсі.
0,4 Нс
5 Нс
4 Нс
8 Нс.
16 Нс
Егер дененің кинетикалық энергиясын 4 есе арттырса оның импульсі :
өзгермейді
16 есе артады
4 есе кемиді
4 есе артады
2 есе кемиді
Менделеев - Клапейрон теңдеуi қандай газ күйiн сипаттайды?
сұйық;
нақты газ;
идеал газ;
плазма;
сиретiлген газ.
Цилиндрдегі массасы 2 кг сутегі газының температурасы 20^0С. Егер де оны изобаралық процесте 120^0С–қа қыздырсақ, қандай термодинамикалық жұмыс жасалады. Сутегінің мольдік массасы 0,002кг/моль.
≈40Мдж
8,2кДж.
50мДж.
≈4,8МДж.
≈3,1МДж.
Егер массасы 6кг, көлемі 5м^3, қысымы 200кПа газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын табыңдар.
15 км/с
660 м/с
400 м/с.
700 км/с
750 м/с.
Егер зарядталған шексіз пластина бетіндегі зарядтың беттік тығыздығы 354 нКл/м^2 – ға тең болса, ол пластина өрісінің кернеулігі қандай болатынын табыңдар? ε0 =8,85·10^-12Ф/м
32В/м
44кВ/м
20кВ/м
25В/м
36кВ/м
Cу ішіндегі шамалары бірдей екі нүктелік зарядтардың бір-бірінен қашықтығы 90мм, олар бірін-бірі 4·10^-5Н күшпен тартады. Зарядтың шамасын есептеп табыңдар? Су үшін ε = 81.
0,4·10^-8Кл
5,4·10^-8Кл
36·10^-6Кл
22,5·10^-5Кл
7·10^-8Кл.
Бір күш сызығының бойында бірінен-бірі 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы 120 В-қа тең. Егер өрісітің біртекті екені белгілі болса, электростатикалық өріс кернеулігін табыңдар?
40В/м
4кВ/м
50B/м
3,6кВ/м
4,5кВ/м
Радиусы R=10см шар берілген. Сол шардың бетінен l=5м қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы =10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.
50кB
2B
700В
510 В
255В
Сыйымдылығы 30 мкФ және 40 мкФ болатын екі конденсатор берілген. Осыларды параллель жалғағанда конденсаторлар батареясының сыйымдылығы қандай болады? Тізбектей жалғағанда ше?
15мкФ, 72Ф
21мкФ,150Ф
28мкФ,175Ф
70мкФ,17мкФ
35мкФ,80Ф
Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520cм^2. Кондесатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? ε0 =8,85·10^-12Ф/м
2,3м
0,01м
11,3м
0,6м
0,8м
Тербелмелі контур сыйымдылығы 2пф конденсатор мен индуктивтігі 2 мГн катушкадан тұрады. Контурдың тербеліс периоды қандай?
|
|