Кездейсоқ шамалар және олардың берілу тәсілдері
бет 1/8 Дата 03.03.2022 өлшемі 1,55 Mb. #26919
Байланысты:
Кездейсоқ шамалар. Сынау нәтижесінде мүмкін болатын мәндерден алдын-ала белгісіз бір ғана мәнді тәжірбие нәтижесіне байланысты қабылдайтын шаманы кездейсоқ шама деп атаймыз. Кездейсоқ шамаларды X ,Y,Z, бас әріптермен , ал олардың қабылдайтын мәндерін x ,y,z кіші әріптермен белгілейміз. Мысалы, егер Х кездейсоқ шамасының қабылдай алатын үш мүмкін мәндері бар болса , онда оларды х1, х2, х3 деп белгілейміз. Дискретті (үздікті) кездейсоқ шама деп белгілі ықтималдықтары бар жеке , дербес мәндерді қабылдай алатын шаманы айтамыз. Дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін мәндерінің саны ақырлы немесе ақырсыз болуы мүмкін. Достарыңызбен бөлісу: