Кілтті сөздер: Экономикалық өсу. Экономикалық өсу моделдері


Сурет 1 Жинақтар деңгейінің өсу ықпалы



бет3/6
Дата01.02.2023
өлшемі79,24 Kb.
#64244
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
tak r p-14

Сурет 1 Жинақтар деңгейінің өсу ықпалы.
Демек, Солоу үлгісінде ұлттық жинақтардың өсуі өсу қарқындарының уақытша көбеюінде, бір жанға шаққандағы табыс деңгейінің және «капитал – еңбек» қатынасының тұрақты жоғарылауында білінеді. Бірақ жинақтардың көбеюі өсу деңгейіне ықпал жасамайды, себебі тұрақты жағдайда ол жұмыс күшінің өсу қарқынына тең болуға тиісті. Жабық экономикада немесе шетел займдарға қолы жетпейтін экономикада, инвестицияларды тек қана жинақтардың өсіру жолымен көбейтуге болады. Бұл жағдайда жақсы ойланың дұрыс таңдау жасау қажет, себебі капиталды тездетіп жинақтау есебіндегі қосымша өсу бүгінгі күнгі тұтынуды азайтады. Өлшеуі қиынға түсетін жинақтардың оңтайлы үлесі бар. Ол уақыттағы қоғамдық ұнатулармен анықталады, яғни қазіргімен салыстарғанда келешек тұтынуға қоғам беретін мағыналығымен. Егер инвестициялық жоба үлкен табыс әкелетін болса, оны қабылдайды. Жинақтардың оңтайлы деңгей теориясына сәйкес, егер капиталдың шекті өнімділігі (КШӨ) уақыттағы ұнатулар дисконты мен халықтың өсу қарқынына тең болса, қазіргі мен келешек араларындағы баланс ең тәуір деп саналады. Бұл атақты ара қатынасты «өзгертілген, жаңарған алтын ереже» деп атайды.


2.Экономикалық өсудің түрлері мен факторлары
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және тұтыну құрылымына, ресурстық қамтамасыздандырылуына, іс-әрекет нәтижелілігіне байланысты. Егер мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуіне қол жеткізу болса, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты тиімді экономикалық өсуге жетудің алғышарттарын жасап, соның негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін жоғарылату болып табылады. Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.
«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады. Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.
Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.
Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа, географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XX-ғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері арта түсті. Мұндағы анығы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын оңды әсерлер де болуы мүмкін. "Дегенмен экономикалық өсу факторларын таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез келген экономикалық өсу факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді және керісінше де бола береді".
Өткен ғасырдың 80-жылдары шетелдік және кеңестік экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің көп факторлы моделдері молынан пайда бола бастады. Көпфакторлы моделдер авторларының басым көпшілігі экономикалық өсуге сапалық факторлар әсерінің сандық өлшемін беруге ұмтылады. Экономикалық өсуді анықтайтын шығынды сипаттағы барлық факторлардың аражігін тәптіштей ашып, нәтижесінде олар экономикалық өсу тиімділігі деп бағаланатын «қалдық» санын шығарады.
Дегенмен, экономикалық өсуді еңбек және капитал арқылы немесе материалдық өндірісте қамтылғандардың еңбек өнімділігі арқылы дәстүрлі сараптаудың өзі осы екі фактордың әрқайсысының ұлттық табыс өсімділігі «салмағын» сандық тұрғыдан анықтау кезінде қиыншылықтар кездеседі. Мұның өзі өндірілген ұлттық табыс, жұмысшы күші және өндіріс құрал-жабдықтары өзара әрекетінің аса күрделі екендігінің белгісі болса керек. Сондықтан әрбір факторды жекелей отырып, оның маңыздылығын сандық тұрғыдан анықтау шартты сипатта жүретіндігі де құпия емес.
Қоғамдық өндірістің дамуы және әлеуметтік прогресс экономикалық өсудің жекелеген факторларының мән-маңызын өзгерістерге ұшыратады. Өнеркәсіп өндірісінің дамуы мен экономикалық өсуге әсер еткен, сонымен бірге атқарған рөлі мен алған орны бойынша басым сипатқа ие болған факторлар тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Сонымен тарихи ұзақ мерзім бойына экономикалық өсуді қамтамасыздандыруда шешуші рөлді табиғи факторлар-шикізаттар, еңбек ресурстарының сандық параметрлері атқарды. Тек XVIII-ғасырдың соңына қарай негізгі бағыт техникалық прогреске қарай ауыса бастады. Нәтижесінде экономикалық өсуге «технократтық» көзқарас қалыптасып, күшейе түсті.
Алайда, XX-ғасырдың соңына қарай жағдай тағы да сапалық өзгерістерге ұшырай бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің өзі де, сондай-ақ дамудың постиндустриалдық кезеңіне аяқ басқан елдердің экономикалық өсуі де адам капиталы деп аталатын өзара байланысты факторлар кешенімен анықталатын болды. Бұл, әрине Ғ.Т.П.-ның орасан зор рөлін кемітпейді, бірақ экономикалық өсуді таза «технократтық» түсінік ретінде де қалдырмайды. Шаруашылық жүргізу мәдениетін қабылдаған Батыстың да, Шығыстың да дамыған елдерінде экономикалық өсу динамикасының қарқындылығы мен тұрақтылығы мейлінше анық байқалады.
Тек қана адамға тән функция – басқару функциясының қазіргі экономикалық өсудегі маңызы күшейе түсуде. Білімпаздық негізінде басқару ғылыми-танымдық прогресс жетістіктерін адами қабілеттермен ұштастыра отырып тиімділікті арттыруға мол мүмкіндіктер береді. Ғ.Т.П. және тиімді басқару қазіргі экономикалық прогрестің шешуші факторлары екендігін түсініп, қолдана білген Жапон елі тарихи қысқа мерзім ішінде экономикалық даму деңгейі бойынша әлемдік лидерлер қатарынан орын алды.
Белсенді әлеуметтік саясат жүргізу экономикалық мәселелерді ойдағыдай шешудің маңызды алғышарты болып табылады. Әлеуметтік саясаттың көптеген аспектілерінің өзектілігін мойындай отырып, соның ішінде халықтың еңбек белсенділігін және еңбекке деген мүдделігін арттыру, жұмыспен қамтуды тиімді ұйымдастыру, рыноктық жағдайда орын алатын әлеуметтік олқылықтарды азайту мәселелеріне бірінші кезекте назар аудару қажеттілігін айту керек.
Экономикалық өсудің сипатына сәйкес экстенсивті және интенсивті факторларды бөліп қарастыруға болады. Айта кететін бір жәйт экономикалық дамудың аталған факторлары қазіргі кезде таза түрінде кездесе қоймайды. Дегенмен, экономикалық өсудің экстенсивті типі факторлардың сапалық жағынан өзгермей сандық тұрғыдан өсуін көрсетсе, өсудің интенсивті типі өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшінің сапалық дамуын айғақтайды және сонысымен өндіріс факторларының тиімділігін жоғарылатады.
Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, конъюнктуралық фактор болып табылады. Экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Олар: еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда экономиканың нақты секторының пайдалылығын жоғарылату. Бұл бағытта ҚР үкіметі бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында кластерлік жүйелер жасап, технопарктер құрып едәуір жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын айта кету керек.
Әлемдегі ешқандай ел экономикалық дағдарыстан шығу, экономикалық мешеуліктен арылу, халықтың табысы мен тұтынуын арттыру, ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін тиімді экономикалық өсу саясатын жүргізуден басқа жол тапқан жоқ. Жаңа индустриалды елдер мен Қытайдың экономикалық өсу қарқыны және соның нәтижесінде экономикалық дамудағы үздік жетістіктері соңғы жылдары батыстық және отандық экономикалық ғылымның зерттеу объектісіне айналды.
Бүгінгі таңдағы ғылыми салыстырмалы сараптама экономикалық өсу қарқынын капиталистік немесе социалистік саяси таңдаумен байланыстырғанды қаламайды. Барлығы да талдап, таңдалған экономикалық стратегияға және оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру қабілеттілігіне барып тіреледі. Ал реформа жүргізудің өзі тек қана мемлекеттік функция болып табылады. Әлемдік, соның ішінде қазақстандық тәжірибе көрсеткеніндей ұлттық мүдделерді айқын сезінетін қажетті реформалардың авторы сонымен бірге жүргізілетін реформалардың лидеріде болуы тиіс.
Экономикалық жетістіктердің негізін кезінде дұрыс таңдалған стратегия құрауы қажет. Барлық елдерге бірдей жарамды стратегия болуы мүмкін емес. Реформаторлардың алғырлығы елдің ағымдағы ішкі, сонымен қатар сыртқы жағдайын тап басып, дәл есептей білуінен көрінеді. Өтпелі кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қажеттілігінің маңызы арта түседі. Бұл кезде рыноктық экономика негіздерінің қалыптасуы аяқталып, мемлекеттің экономикаға тікелей әсері бәсеңдей түседі де, инициатива рыноктық заңдар мен жеке тауар өндірушілердің қолына өтеді. Экономиканы қайта құрудың бастапқы кезеңдерін алып қарастыратын болсақ, онда тек қана рыноктық қатынастардың жетегінде кететін мемлекеттің реттеуші қуатының кемшін кезеңіндегі реформалар діттеген мақсаттарына жете алмады.
Реформалардың ойластырылған, жан-жақты негізделген мемлекеттік стратегиясы болмауы себебінен көптеген қиыншылықтарды бастан өткеруге тура келді. Едәуір экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті бар Қазақстанда экономикалық жаңғырудың айқын мемлекеттік стратегиясы түзілмегендіктен 90-шы жылдары ұлттық экономика құрылымдық дағдарысты басынан кешіруге мәжбүр болды. Осы тарапта Қытайдың экономикалық өсу тәжірибесі өте қызғылықты.
Бұл елдің экономикалық өсуіне басқа да жаңа индустриалды елдердегі сияқты экономиканы реформалаудың жан-жақты ойластырылған стратегиясын жүзеге асыру факторы әсер етті. Қытайдың ұлттық экономикасын жаңғырту «социалистік рыноктық экономика» құру жолымен жүргізілді. «Социалистік рыноктық экономика» дегенді біз рыноктың базистік рөлі мен мемлекеттің макрореттеу және макробақылау функцияларының өзара байланыста әрекет етуі деп түсінеміз. Бұл экономиканың социалистік сипаты оның әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуымен, қоғамдық меншіктің басымдылығын сақтаумен айқындалады. Қытайдағы экономикалық реформа жойымпаз емес жасампаз факторлардың басым жағдайында жүзеге асырылып жатыр. Реформалар қолға алынып жүргізілген жылдар (1979 жылдан бастап) бойына экономикалық өсу қарқынының тұрлаулы сипат алуының әсері халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына, сондай-ақ елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың сақталуына өз шарапатын тигізді.
Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына реформалар кезеңі әсерінің басты қорытындысы жалпы ұлттық өнім өсуі бойынша стратегиялық міндеттердің мерзімінен бұрын орындалуы болып табылады. Мысалы, 1980 жылмен салыстырғанда 2000 жылы жалпы ұлттық өнім төрт есе көбейіп халықтың өмір сүру деңгейі «орташа бақуаттылық» дәрежесіне жетуі тиіс болатын.
Алынған міндеттеме мерзімінен бес жыл бұрын – 1995 жылы орындалды. Сондықтан, Қытай үкіметі жалпы ұлттық өнімнің қазіргі көлемін 2010 жылға қарай екі еселеп «орташа бақуаттылық» ұғымына қосымша сапалық элементтер енгізуді ұйғарып отыр. Басқа да жаңа индустриалды елдердегі сияқты Қытайда да экономикалық стратегияны жүзеге асыру тактикасы алға қойған мақсаттары орындалған сайын өзгеріп отырады. "Қытайлықтардың бейнелеп айту дәстүрі бойынша «өзеннен өту кезінде тастардан абай болу» қағидасына олар өте берік. Басқаша айтқанда бұл елде рынокқа кезең-кезеңімен өту, яғни алдын ала өлшеп, кішіден үлкенге, жалқыдан жалпыға жылжу көзделіп, орындалу үстінде"[2].
"Жаңа индустриалды елдердің, сондай-ақ дамыған елдердің де экономикалық өсуін сараптау қорытындысы барлығы бірдей болған жағдайда түпкі нәтижелер нақты прогреске, экономикалық өсу қарқыны халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кезде ғана жетуге болатындығын көрсетеді. Осылай болғанда ғана әлеуметтік сипаттағы факторлар қалыптасып, дамиды да экономикалық өсу мен елдің дамуына зор кері күшпен өзінің оңды әсерін тигізетін болады"[3].
Экономикалық өсудің отандық теориясы марксистік мектеп жетістіктері негізінде дамығаны белгілі. Бұл теорияның негізінде екі тұжырым жатыр: 1) ағылшынның классикалық саяси экономиясы қалыптастырып дамытқан экономикалық өсу қарқынының қорлану нормасымен байланыстылығы; 2) социал-утопистерден алынған экономикалық өсуге өндіріс құрал-жабдықтарының қоғамдық меншікте болуының прогрессивті әсері. Социалистік жүйе елдеріндегі маркстік экономикалық сана тек қана жоғарыда көрсетілген бағыттарда дамиды. Ал, батыстық экономикалық ой-пікір экономикалық дамудың көптүрлілігі мен қайшылықтарын көрсетуге ұмтылып, экономикалық өсудің көптеген назар аударарлық теорияларын, концепцияларын және гипотезаларын ұсынады.
Соңғы онжылдықтардағы экономикалық өсуге арналған зерттеулерді екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншіден батыстық экономистер экономикалық өсудің қысқа және орта мерзімді моделдерінен мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық өсу шарттарын зерттеуге арналған моделдерге ауысып, даму стратегиясына байланысты жаңа құралдар мен әдістерді табуға талпыныс жасауда.
Екіншіден, егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі моделдер өздерінің мәні бойынша экономикалық өсудің факторларын анықтауға бағытталып және сол факторлардың жұмыссыздыққа, пайда нормасының өзгеруіне әсерін зерттеуге арналған болса, соғыстан кейінгі жылдардағы зерттеулер экономикалық өсу процесін дәлірек көрсетіп және қандай болмасын экономикалық саясаттың әлеуметтік салдарының сандық мәнін анықтауға күш салды.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары экономикалық өсудің жаңа моделдері пайда бола бастады. Оларға келесі іс-әрекеттер тән болды:
1.Ағымдағы экономикалық өсудің алдағы әсерін математикалық өрнектеу;
2.Олардың мүмкіндіктерін зерттеу;
3.Мүмкіндіктерден тиімді экономикалық өсу нұсқасын таңдау;
4.Тиімді экономикалық өсу нұсқаларынан уақытты үнемдейтін және жоғары қарқынды ұстап тұратын нұсқаларын ажыратып алу.
Экономикалық өсу туралы зерттеулердегі осы неоклассикалық бағыт ұсынатын моделдердің молдығына қарамастан оның сандық сараптау үшін пайдаланатын құралы біреу ғана, ол – өндірістік функция. Экономикалық өсу моделдерін жасауда қолданылатын барлық өндірістік функциялардың негізінде қарапайым қосфакторлы функция жатыр.
Өндірістік функция өндіріс көлемін тек қана капитал және еңбек факторларымен байланыста қарастырады. Қосфакторлы моделді ең бірінші болып ұсынған және өңдеуші өнеркәсіпте қолданған америкалық ғалымдар – математик Ч.Кобб және экономист П.Дуглас (1928) болды. Олар талдап жасаған модель экономикалық теорияда Кобб-Дуглас моделі деген атауға ие болды. Кейінірек Кобб-Дугластың өндірістік функциясын өндіріс факторларының көбейе түскен санын ескеретін экономикалық өсу моделдерін талдап жасауда басқа ғалымдар да кеңінен пайдалана бастады. Айталық, өткен ғасырдың 50-жылдарының екінші жартысында «техникалық прогресс және агрегативтік өндірістік функция» тақырыбындағы мақала жариялаған америкалық экономист Р.Солоу аталған моделді қолданған болатын. Бұл еңбекте тұңғыш рет өндіріс көлемінің техникалық прогреске функционалдық тәуелділігі мәселесін зерттеу талабы болды. Әртүрлі моделдерде техникалық прогресс екі қырынан ескерілуі мүмкін: модель шеңберінде басқаруға болмайтын, яғни уақытқа тәуелді өндірістік функция түрінде берілетін экзогендік (сыртқы) фактор және басқа факторлардың өзгерістеріне байланысты көрінетін эндогендік (ішкі) фактор. Макроэкономикалық жүйені сипаттау үшін Р.Солоу бірнеше теңдеулерді пайдаланды.
Оның зерттеулері макроэкономикалық жүйелер дамуы үрдістерін сараптау үшін едәуір мүмкіндіктер туғызып, көптеген ұқсас моделдерді талдап жасауға түрткі болды. Толықтай алғанда экономикалық өсудің неоклассикалық моделдері өндірістік функция аппаратына сүйене отырып экономикалық өсуге өндірістік факторлардың әсерін бағалау үшін сандық сипаттау жүйесін анықтайды.
Егер неоклассиктер өз зерттеулерінде рыноктық экономиканың баға механизмі ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың, жинақтар мен инвестициялардың тепе-теңдігін, сондай-ақ өнім шығарылымы көлемінің нақты және ықтимал деңгейлерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді деген алғышарттарға сүйенген болса, экономикалық өсу моделдерінің неокейнсиандық бағыты қарама-қарсы алғышарттарға сүйенеді де нәтижесінде экономикалық өсуді тұрақсыз құбылыс ретінде қарастырады. Сондықтан да олар өсуді қамтамасыз ету үрдісінде инвестицияларға сұранысты қалыптастыру маңызды рөл атқарады деп санайды. Неокейнсиандық типтегі моделдер қатарына Р.Харрод, Е.Домар, Н.Калдор, Э.Хансен және т.б. моделдерін жатқызуға болады.
Айталық ағылшын ғалымы Р.Харродтың концепциясы толық түрінде оның «экономикалық динамика теориясы туралы» еңбегінде баяндалған болатын. Р.Харрод әрқайсысы экономикалық өсу ерекшеліктерін көрсететін динамиканың бірқатар теңдеулерін ұсынды. Мұнда ол келесі тұжырымдарды бөліп көрсетеді: "1. Өсудің «кепілді» қарқыны дегеніміз тұрақты экономикалық өсу траекториясын анықтай келе жинақ пен инвестициялар тепе-теңдігіне қол жеткізетін жағдай болып табылады; 2. «табиғи» өсу қарқыны болса халық пен еңбек өнімділігі өсіміне сәйкес келуі тиіс, яғни ол өндірістің потенциалды мүмкіндіктерімен бірдей болады.
Өсудің «кепілді» қарқыны, әдетте оның «табиғи» қарқынымен бірдей емес. Ал, олардың бір-бірінен алшақтауы экономикада тоқырау немесе инфляция түріндегі ұзақ мерзімді үрдістерді туындатады. Сондықтан, тұрақты өсуді ұстап тұру мақсатында тиімді сұранысты реттеу үшін экономикаға мемлекеттің араласуы қажет деп есептейді"[4].
Танымал моделдердің қатарына Е.Домардың да моделін қосуға болады. Оның Р.Харрод моделінен айырмашылығы инвестицияның екі ұдай (қосарланған) рөлін ескеруінде болса керек.
Е.Домардың пікірі бойынша инвестициялар жиынтық сұраныс көлеміне әсер ету арқылы табыс келтіретін маңызды фактор бола тұрып, өндірістік қуаттардың да артуын қамтамасыз етеді де солар арқылы рыноктық ұсынысты көбейтеді. Осы тұжырым негізінде Е.Домар экономикалық өсу теориясының негізгі міндеті ретінде өндірістік қуаттардың өсуі туындататын тауарлар ұсынысы өсімін қанағаттандыру үшін төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастыруға мүмкіндік беретін табыстардың қажетті өсімін қамтамасыз ететін инвестиция көлемін анықтауды ұсынады. Оның пікірі бойынша табыс өсімі мен өнім өсімінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін экономикалық өсу қарқынын анықтауға болады, яғни экономикалық өсу үдерісіндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігін ұстап тұруға мүмкіндіктер бар және олар жеткілікті. Экономикалық оқулықтарда аталған екі модель біріккен сипатта қарастырылып «Харрод-Домар» моделі ретінде белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет