Инерциалық санақ жүйесіндегі дененің үдеуі оған әсер етуші күшке тура пропорционал, ал өзінің массасына кері пропорционал. Үдеудің бағыты әсер етуші күштің бағытымен сәйкес келеді.
Күш — векторлық шама. Осыған орай, егер денеге (материалық нүктеге) бірнеше басқа денелер әсер етсе, онда әсер етудің қорытқы күші (ол денеге үдеу береді) жеке күштердің векторлық қосындысына тең:
Бұл қосындыны тең әсер етуші күш деп атайды.
Динамиканың есептерін шешу кезінде кері әрекетті орындау жиі талап етіледі: денеге әсер етуші күшті координаталар остерінің бойымен бағытталған екі құраушы күштің қосындысы ретінде қарастырады.
Мұндай өрнектеу 2.1-суретте көрсетілген. Ол күшті құраушыларға жіктеу деп аталады және тригонометриялық функциялардың көмегімен орындалады: FX = F·cos , FY = F·sin .