Ньютонның бірінші заңы, инерциалық санақ жүйесі. Галилейдің салыстырмалы принципі
Әртүрлі санақ жүйелерінде бір ғана дененің қозғалысы әртүрлі болып көрінеді және көптеген жағдайларда қозғалысты сипаттаудың қарапайымдылығы мен күрделілігі санақ жүйесінің таңдап алынуына байланысты болады. Әдетте физикада инерциалық санақ жүйесін пайдаланады, оны сол уақытқа дейінгі тәжірибелер мәліметін жинақтаған Ньютон енгізді.
Ньютонның бірінші заңы, инерциалық санақ жүйесі
Егер сырттан басқа бір денелер әсер етпесе кез келген дене бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын немесе өзінің тыныштық күйін сақтайтын санақ жүйесі болады. Ондай жүйе инерциалық деп аталады.
Егер дене тыныштық күйде болса немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалса, онда оның үдеуі нөлге тең, сондықтан
инерциалық санақ жүйесінде дененің үдеуі тек басқа денелердің әсер етуінен ғана пайда болады.
Көптеген жағдайларда инерциалық деп Жермен байланысқан санақ жүйесін атауға болады.
Инерциалық санақ жүйелерінің көптеген түрі бар. Инерциалық санақ жүйесімен салыстырғанда бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын кез келген жүйесі де инерциалы болып табылады.