Кинематика



Дата27.09.2022
өлшемі430,5 Kb.
#40428
  • КИНЕМАТИКА

Механика

  • Механика – денелердің механикалық қозғалысын зерттейді.
  • Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеруін айтады.
  • Механиканың негізгі мақсаты: кез келген уақыт аралығында дененің кеністікте орынын анықтау

Механика

  • Кинематика – денелердің әр түрлі қозғалысын зертейтің және пайда болу себептерін қарастырмайтын механиканың бөлімі.
  • Динамика – денелердің өзара әрекеттесу заңдарын, олардың пайда болу себептерін қарастыратын механиканың бөлімі.
  • Статика – денелердің тепе-теңдік күйлерін қарастыратын механиканың бөлімі.

Дәріс жоспары

  • Материялық нүкте, санақ жүйесі, орын ауыстыру, жол ұзындығы
  • Жылдамдық, орташа және лездік жылдамдық
  • Үдеу, орташа үдеу, лездік үдеу
  • Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпты айнымалы қозғалыстар
  • Қисық сызықты қозғалыс және оның үдеулері
  • Айналмалы қозғалыстың бұрыштық жылдамдығы және бұрыштық үдеуі
  • Дененің еркін түсу
  • Еркін түсу үдеуі
  • Материалық нүкте деп өлшемдері (қалыңдығы, диаметрі, ені) қоршаған сыртқы ортаның өлшемдерімен салыстырғанда елемеуге болатын массасы бар денені айтады.
  • Дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез-келген қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болатын денені санақ денесі деп атайды.

Дененің немесе материялық нүктенің кеңістіктегі қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі траектория немесе жүрген жол ұзындығы деп аталады.

  • Дененің немесе материялық нүктенің кеңістіктегі қозғалыс кезінде сызық түрінде қалдырған ізі траектория немесе жүрген жол ұзындығы деп аталады.
  • Траектория түзу сызықты және қисық сызықты болады.
  • Жылдамдық
  • Жылдамдық - қозғалыстың шапшаңдығы мен бағытын сипатайтын векторлық шама. Ол бірлік уақыт ішіндегі жүрілген жолдың ұзындығын анықтайды.
  • Орташа жылдамдық
  • Бір қалыпты емес қозғалыс
  • Дене бірдей уақыт аралықтарында әр түрлі жол өтетін қозғалысты айтады.
  • Уақыт бірлігіндегі жылдамдықтың өзгерісінің шамасын үдеу деп атайды.
  • Орташа үдеу

ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ БІРҚАЛЫПТЫ ЖӘНЕ БІРҚАЛЫПТЫ АЙНЫМАЛЫ ҚОЗҒАЛЫСТАР

  • Материялық нүктенің бірқалыпты түзу сызықты қозғалысы деп бірлік уақыт өткен сайын оның жылдамдығы өзгермейтін қозғалысты айтамыз.
  • Материялық нүктенің бірқалыпты айнымалы қозғалысы деп бірлік уақыт өткен сайын оның жылдамдығы бірдей шамаға өсетін немесе кемитін қозғалысты айтады.

Қисық сызықты қозғалыс және оның үдеулері

  • Қисық сызықты қозғалыс – нүктелердің щембер доғалар бойы қозғалысы.Бұл қозғалыста жылдамдық тың модулі өзгермей бағыты уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, дененің үдеуде модуль бойынша тұрақты бағыты өзгеріп отырады, щембердің центіріне бағыталған.

Дененің еркін түсуі

  • Жерге қатысты белгілі бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз түсірілген дененің Жердің тартылысы әсерінен жасайтын қозғалысы.
  • Үйкеліс күші жоқ ортада құлайтын кез келген дененің үдеуі

Бақылау сұрақтары

  • Материалық нүкте деп нені айтады?
  • Санақ жүйесі деп нені айтады?
  • Қозғалыстың траекториясы деп нені айтады?
  • Материалық нүктенің үдеүі деп нені айтады?
  • Бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады? Бірқалыпты қозғалыстың теңдеуін келтіріңіз?
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет