(Ж:0,05с,20Гц) Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы k арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді. (Ж: )
Балалар пистолетінің серіппесін 3см-ге жиырған кезде 20Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясы: (Ж: 0,3Дж)
Оқушы резеңкені 45 Н күш жұмсай отырып 9 см-ге ұзартты. Егер 110 Н күш жұмсаса, резеңкенің ұзаруы (Ж:22 см)
10 Н күштің әсерінен серіппе 0,1 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы (Ж:100 Н/м)
Горизонталь ағаш тақта бойымен массасы 2 кг ағаш кеспекті қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен тартады. Үйкеліс коэффициенті 0,3 болса, серіппенің ұзаруы () (Ж: 0,06 м)
Динамометрге ілінген салмағы 4Н жүк оның серіппесін 10см-ге созса, серіппенің қатаңдығы (Ж:40 )
Қатаңдығы 40 динамометр серіппесінің салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен созылуы (Ж:0,06 м)
Серіппелі тапаншаның горизонталь бағытпен атылған кездегі серіппесінің қатаңдығын 2 есе арттырғандағы жылдамдығы (Ж: есе өседі)
Серіппелі тапаншаның горизонталь бағытпен атылған оқтың массасын 2 есе арттырғанда, жылдамдығы (Ж: есе кемиді)
Серіппесінің қатаңдығы k –ға тең, ал сығылуы Δхболғандағы, жоғары тік атылған, массасы m снарядтың ұшып шығу жылдамдығы (g =10 м/с2)
(Ж:υ = ) Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, массасы 162 г снаряд горизонталь бағытта 8,6 м/с жылдамдық алу үшін қатаңдығы 5200 Н/м серіппенің жиырылуы (Ж:48 мм)
Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, массасы 0,097 кг снаряд горизонталь бағытта 11,1 м/с жылдамдық алу үшін қатаңдығы 5200 Н/м серіппенің жиырылуы (Ж:48 мм)
Динамометрге ілінген, салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен 10 см–ге созылған серіппенің қатаңдығы (Ж:24 Н/м)
Динамометрге ілінген, салмағы 2,4 Н жүктің әсерінен қатаңдағы 24Н/м серіппенің созылуы (Ж:10 см)
Жоғарғы жағы бекітілгенен, массасы 18 кг дене ілінген серіппенің ұзындығы 10 см, ал 30 кг дене ілінгенде ұзындығы 12 см болса, серіппені 10 см-ден 15см-ге созғандағы сыртқы күштердің жұмысы (Ж:≈ 16 Дж)
Серіппесінің қатаңдығы 10 кН/м динамометрді созған бала, максимал күшті 400 Н-ға жеткізгенде істеген жұмысы (Ж:8 Дж)
Қатаңдықтары бірдей екі серіппенің бірін 5 см-ге созғанда, екіншісін 5 см-ге сыққандағы, осы серіппелердің потенциалдық энергиялары (Ж:E1 = E2)
Қатаңдағы 400 Н/м серіппені 10 см-ге созғандағы дененің потенциалдық энергиясы (Ж:2 Дж)
Қатаңдығы 104 Н/м, бекітілген, 400 Н күштін әсерінен сығылған, серіппенің потенциалдық энергиясы (Ж:8 Дж)
Бекітілген, 400 Н күштің әсерінен сығылған, потенциалдық энергиясы 8 Дж серіппенің қатаңдығы (Ж:104 Н/м)
Жерді айнала қозғалған автоматты станциядағы динамометрдің көрсетуі (Ж:0)
Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш (Ж:1 Н)
F=3 Н күштің әсерінен 6 см-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы (Ж:50 Н/м)
Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 50 мм-ге созылды. Осындай деформацияға ұшыратқан жүктің массасы (g = 10) (Ж:1,5 кг)
Горизонталь жолда бір қалыпты қозғалған тепловоздың тартылыс күшін анықта, үйкеліс коэффициенті 0,003. Тепловоздың рельске түсіретін қысым күші 25·106 Н. (Ж:75 кН)
Массасы 0,1 кг білеушені динамометрдің көмегімен столдың горизонталь бетінде бір қалыпты тартамыз. Динамометрдің көрсетуі 0,4 Н. Сырғанаудың үйкеліс коэффициенті (g = 10 м/с2) (Ж:0,4)
Автомобиль горизонталь жолмен қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,2. Двигательді өшіргеннен кейін 4 с өткен соң, оның жылдамдығы екі есе кемиді. Автомобильдің бастапқы жылдамдығы. (Ж:16 м/с)
Қатандығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2 үдеумен қозғалады. Сымның созылуы () (Ж:9 см)
Қатандығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдемелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі () (Ж:-4 м/с2)
Көтергіш кран тросы массасы 600 кг денені, 3 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары көтерілгенде 10 см – ге созылады. Тростың қатаңдығы () (Ж:78 кН/м)
Қатандығы 20 кН/м көтергіш кранмен жүкті 2 м/с2 үдеумен көтерілгенде трос 12 см – ге созылады. Жүк массасы () (Ж:200 кг)
Қатаңдықтары бірдей k тізбектей жалғанған 4 серіппенің жалпы қатаңдығы (Ж:)
Массасы 50 кг жүкті вертикаль жоғары үдемелі көтергенде, оның салмағы 100 Н-ға артты, трос 6 см –ге созылды. Тростың қатаңдығы () (Ж:10 кН/м)
Массасы 120 г хоккей шайбысы 15 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды.Тор шайба бағытымен 5 см – ге созылды. Қақпа торында пайда болған серпімділік күшінің мәні () (Ж:270 Н)
Массасы 160 г хоккей шайбысы 20 м/с жылдамдықпен қақпа торына соғылды.Тор шайба бағытымен 8 см – ге созылды. Қақпа торының қатандығы () (Ж:10 кН/м)
4,05 м биіктіктен массасы 3 кг дене вертикаль орналасқан серіппеге құлағанда 10 см-ге сығады. Серіппеге қатандығы () (Ж:24,3 кН/м)
3,2 м биіктіктен массасы 2 кг дене вертикаль орналасқан серіппеге құлағанда, орташа мәні 0,8 кН серпінділік күшін тудырады. Серіппенің сығылуы () (Ж:16 см)
Серіппеге ілінген массасы 3 кг жүк, оны 1,5 см созады. Егер 4 кг жүк ілінсе, онда оның созылуы (Ж:2 см)
Серіппеге массасы 20 кг жүк ілгенде, оның ұзындығы 12 см, ал 50 кг жүк ілгенде 15 см болса, онда оның бастапқы ұзындығының мәні (Ж:10 см)
Нүкте тербелісінің қозғалыс теңдеуі Нүктенің орын ауыстыруы тербеліс амплитудасының жартысына тең болу уақыты (Ж:0,5 с)
Синусоидалы тербеліс жасаған нүкте π/6 фазасында 2 см –ге орын ауыстырады. (Тербеліс тепе-теңдік жағдайдан басталады). Тербеліс амплитудасы (Ж:4 см)
Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі