Кинематикалық тізбектерді реттеу



бет2/2
Дата28.11.2023
өлшемі147,4 Kb.
#130564
1   2
Байланысты:
f617cd16f1269c0

Бҧрамды-модульді фрезаны шҥйделеу кезіндегі кинематикалық
тізбектерді реттеу мысалы. Ең қиыны – жону-шҥйкелеу білдегіндегі кинематикалық тізбектерді реттеу, себебі бҧрама кесуші тізбекті, дифференциалдық тізбекті және шҥйкелеу тізбегін реттеу қажет.
6.5-мысал
Мод. КТ151 білдектің кинематикалық тізбектерін т = 3,25 мм қалыпты
модулі бар бҧрамды-модульді фрезаның тістерін шҥйделеу ҥшін реттеу қажет, тістердің саны z = 9, сыртқы диаметрі D = 72,8 мм, осьтік қадамы Р = 10,2283 мм және бҧрама кесу бҧрышы ω = 2°52'.
Ш е ш у і
Басты қозғалыс тізбегі. Сҥмбінің қажетті айналу жиілігін анықтаймыз.
Кесу жылдамдығын v = 3 м/миндеп аламыз ([3], тармақша. 8.2 қара). Сонда

Білдек мҧндай айналым жылдамдығын қамтамасыз ете алады, себебі мод. КТ151 білдегінің айналу жиіліліг сатысыз реттеледі.


Бұрама кескіш тізбек. Бҧрама кескіш тізбектің реттеу формуласы iy = = P/12. Кесілетін бҧраманың осьтік қадамы Рос = 10,2283 мм. Бҧраманың термикалық ӛңдеуден кейінгі «ӛсуін» есепке ала отырып, тәжірибелі мәліметтер бойынша тегістеуге әдіп қалдырамыз, ӛлшемі 0,021 мм. Сондықтан бҧрама кескіш тізбекті P0С = 10,2283 - 0,021 = 10,2073 мм есептік қадамға реттейміз. Сәйкесінше, iy = 10,2073/12 = 0,8506083. Бҧрама кескіш тізбекті мҧндай берілімдік қатынасқа нақты реттеу мҥмкін емес. Сондықтан реттеудің кестелік тәсілін қолданамыз.
Тісті дӛңгелектерді таңдауға арналған кестелерге сәйкес [10] берілгенге ең жақын iy

Мҧндағы гитараның тісті дӛңгелектері: d = 66, е = 69, f = 80, g = 90.
Бҧрама кескіш гитараның ауыспалы дӛңгелектерінің ілінісу шарттары
орындалады ма екенін тексеру қажет. Бҧл ілінісу шарттары мод. КТ151 жону-шҥйделеу білдегін қолдану нҧсқаулығында немесе гитараны жабатын қақпақтың артқы жағында кӛрсетілген. Бҧл кинематикалық тізбек ҥшін олар келесі тәуелділіктер арқылы кӛрсетілген:
d ≤86; d + e ≥ f + 27; f + g ≥ e + 22; 159 ≥ d + e ≥87; d + e + f + g ≥ 300.
Бҧл теңсіздіктерге гитараның ауыспалы тісті дӛңгелектерінің табылған
мәндерін қоямыз: d = 66, е = 69, f = 80 и g = 90. Сонда
d = 66 < 86; d + e = 66 + 69 > f + 27; f + g = 80 + 90 > e + 22; 159 > d + e = 66 + 69 > 87;

156


d + e + f + g = 66 + 69 + 80 + 90 = 305 > 300.
Тексеріс кӛрсеткендей, бҧрама кескіш гитараның ауыспалы тісті дӛңгелектерінің ілінісу шарттары орындалады.
Шүйделеу тізбегі. Шҥйделенетін фрезаның тістерінің саны z = 9. Шҥйделеу тізбегін реттеу ҥшін нақты реттеу тәсілін қолдану керек, себебі бҧл тізбек іс жҥзінде бӛлгіш тізбек болып табылады. Шҥйделеу тізбегін реттеу формуласы
ix = z/16.
Бҧл формулаға z = 9 қойып, және екі жҧпты гитараның ауыспалы
дӛңгелектерін таңдай отырып, келесіні аламыз:

Гитараның тісті дӛңгелектері а = 45, b = 60, с = 80. Бҧл гитараның дӛңгелектерінің ілінісу шарттары келесідей: 150 а + b 90; 150 b + с 90; 256 ≥ a + 2b + c 200.


Бҧл теңсіздіктерге гитараның ауыспалы тісті дӛңгелектерінің табылған мәндерін қоямыз:
150 > а + b = 45 + 60 = 105 > 90; 150 > b + c = 60 + 80 = 140 > 90;
256 > a + 2b + с = 45 + 2 • 60 + 80 = 245 > 200.
Дифференциалды тізбек. Кинематикалық тізбекті реттеу формуласы

Спиральді жоңқа жырашығының қадамын анықтаймыз: Т = pd rtg w = = p(D - 2Д)Пд w, мҧндағы h' –фреза тісінің бастиегінің биіктігі, h' = 1,25m = = 1,25 • 3,25 = 4,06 мм. Осылайша, Т = л(72,8 - 2 • 4,06)ctg2°52/ = = 3,14 • 64,68 • 19,987 = 4 057,436 мм. Бастапқы мәліметтерді қоя отырып, екі жҧпты гитараның дифференциалды тізбегінің берілімдік қатынасын аламыз
Дифференциалды тізбекті мҧндай берілімдік қатынасқа нақты реттеу мҥмкін емес. Сондықтан реттеудің кестелік тәсілін қолданамыз.
Тісті дӛңгелектерді таңдауға арналған кестелерге сәйкес берлген j мәніне ең жақын мән:
Осылайша, дифференциалды гитараныі ауыспалы тісті дӛңгелектері алдын ала табылған: i = 61, h = 75, j = 30, k = 55.
Бҧл екі жҧпты гитараның ілінісу шарттары: i < 62; k < 58; i + h> j + 22; 142 ≥ i + h ≥64; j + k ≥ h + 2; j + k ≥48; i + h + j + k ≥ 122.
Ауыспалы тісті дӛңгелектердің ілінісуін тексереміз: i = 61 < 62; k = 55 < 58; i + h = 61 + 75 = 136 > j + 22; 142 > i + h = 61 + 75 = 136 > > 64; j + k = 30 + 55 = 85 > h + 2; j + k = 30 + 55 = 85 > 48; i + h + j + + k = 61 + 75 + 30 + 55 = 221 > 122.
Ілінісу шарттары орындалды. Осымен тізбектердің кинематикалық реттеуін есептеу аяқталады.

Осылайша, кинематикалық тізбектер нақты тәсілмен және қадамдардың стандарттан тыс мәндеріне арналған кестелерді қолдана отырып қалай реттелетіні кӛрсетілген. Кестелік тәсілдің кемшілігі – кестелерде қарапайым бӛлшектермен кӛрсетілген ондық бӛлшектің болмау мҥмкіндігі. Ӛндіріске компьютерлік техниканы енгізумен дербес ЭЕМ кӛмегімен екі жҧпты (және одан да кӛп) гитаралардың ауыспалы дӛңгелектерін таңдау мҥмкін болды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Металл кесуші білдекті жӛндеу деп нені атайды?
2. Білдекті жӛндеуді қашан орындайды?
3. Металл кесуші білдектерді жӛндеудің типтік тәсілдерін,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңдар.
4. СББ бар білдектің жҧмыс істеуін тексеруді қандай ретпен орындалады?
5. Кесуші қҧралдардың қосымша жӛндеуін қашан ӛткізеді?
6. СББ бар білдектің жӛндеуін кешенді тексеру қалай
орындалады?
7. Жону білдегін жӛндеудің реттілігі қандай?
8. Жону-бҧрама кескіш білдекте кесу режимдерін қалай реттейді? 9. Ҥш жҧдырықшалы патрондарды орнату тәсілдерін атаңдар.
10. Жону арқылы ӛңдеу кезінде кесуші қҧралды орнатуды қалай орындайды?
11. Білдектің кинематикалық реттеуі не ҥшін жасалады және сендер қандай тәсілдерді білесіңдер?
12. Білдектің тізбектерінің кинематикалық реттеуінің кестелік тәсілі қашан қолданылады?
13. Берілген берілімді қатынасқа сәйкес келетін гитаралардың ауыспалы тісті дӛңгелектері ілінісу шарттарына сәйкес келуіне неліктен тексерілуі керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет