Кирхгофтың екінші заңын былай тұжырымдауға болады: кез келген тұыйқталған электр тізбегінде барлык, ЭҚК-дің алгебралыққосындысы, осы тізбекке тізбектеп қосылған кедергілерге түскен кернеулер қосындысына тең, яғни
Теңдеулерді құрғанда тізбекті айналып өту бағытын анықтап алады және токтарға кез-келген бағыт беріледі.
Егер электр тізбегіне бағыттары бір-бірімен тура келетін екі ЭҚК 7а-суреттегідей сәйкес қосылған болса, онда тізбектің жалпы ЭҚК осы ЭҚК косындысына тең, яғни Е = Е1 - Е2. Егер тізбекке қосылған екі ЭҚК бағыттары бір-біріне карама-қарсы болса, яғни 7б-суреттегідей қарсы қосылса, онда тізбектің жалпы ЭҚК осы көздердің ЭҚК айырымына тең: Е = Е1 - Е2.
7 Сурет Электр энергиясы көздерін қосу:
а) сәйкес; б) қарама-қарсы
Электр тізбегіне ЭҚК әртүрлі бағытта болатын бірнеше энергия көзі тізбектеп қосылса, онда жалпы ЭҚК барлық энергия көздерінің ЭҚК-терінің алгебралық қосындысына тең. Алгебралык косындыны тапқанда бір бағыттағы ЭҚК плюс таңбасымен, ал карама-қарсы бағыттағы ЭҚК минус таңбасымен аламыз.
Әдетте тұйыкталған тізбек, 8-суретте көрсетілгендей, күрделі тізбектің бір бөлігі болып табылады. Тұйық тізбек а, б, в, г әріптерімен белгіленген. а, б, в, г нүктелерінің тарамдалуына байланысты І1, І2, І3, І4, токтары мәндерінің айырмашылыгы бола отырьш, олар әртүрлі бағытта болуы мүмкін. Мұндай тізбек үшін Кирхгофтың екінші заңы бойынша былай жазуға болады:
мұндағы — r01, r02, r03 — энергия көздерінің ішкі кедергілері;
R1 R2, R3, R4 — энергия тұтынушылардың кедергілері.
8 Сурет – Тұйық электр тізбегі
Жеке жағдайда, егер тізбек тармақтары жоқ болса және өткізгіштер тізбектеліп косылса, онда тізбектің жалпы кедергісі барлық кедергілердің қосындысына тең болады. Егер энергия көзінін сыртқы тізбегі: мысалы, тізбектеп қосылған үш кедергіден R1 R2, R3 тұрса, ал энергия көзінің ішкі кедергісі R0 болса, онда Кирхгофтың екінші заңына сәйкес мынадай теңдеуді жазуга болады:
Е = І (r0 + Ri + R2 + R3)
Бірнеше ток көзі болғанда, теңдеудің сол жағында осы энергия көздерінің ЭҚК-інің алгебралық қосындысы болар еді. Екі немесе бірнеше энергия көздерін параллель қоскан кезде олардан өтетін токтардың шамасы жалпы жағдайда бірдей болмайды. Егер параллель қосылған ішкі кедергілері R1, R2 және ЭҚК Е1, Е2 екі энергия көздері (9-сурет) қандай да болмасын сырткы кедергіге R тұйықталған болса, онда сыртқы тізбек тогын I және энергия кездерінен ағатын токтарды I1 және І2 мынандай формулалармен анықтауға болады:
І = І1 + І2
I = U/R
І1= (Е1 —U)/R1
I2= (Е2 —U)/R2.
Осылардан сыртқы тізбектегі ток
I = (E1R2 + E2R1) /(R1R2+ RR1 + RR2)
Бірінші және екінші энергия көздерінен ағатын токтар