Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі №4 «Бүлдіршін» ересек тобы Өткізілетін күні, айы, жылы



Дата05.05.2023
өлшемі39,5 Kb.
#90261
Байланысты:
Открытый урок на тему Ғажайып қыс


Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі
№4 «Бүлдіршін» ересек тобы
Өткізілетін күні, айы, жылы: 15.01.2020ж.
Тәрбиеші: Увазырова А.У.
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным», «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет», «Құрастыру»
Тақырыбы: « Ғажайып қыс»
Мақсаты: Табиғатты аялауға,әсемдікті сезініп,көре білуге тәрбиелеу.
Міндеті:Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.Сурет бойынша әңгімелету арқылы,сөздік қорларын дамыту.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,түсіндіру,көрсету,ғажайып сәт,сұрақ-жауап, тақпақ,тапсырмалар орындау,ойын,сергіту сәті.
Көрнекі құралдар:Мазмұнды суреттер, аққала, ойынға қажетті заттар, ноудбук, слайд.
Тілдің үштұғырлығы:Қыс- зима –winter,аққала-снеговик-snowman.
Мотивациялық-қозғаушылық:
Қайырлы таң балалар!бүгін ерекше күн.
-Бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық.
Амандасу үш тілде:Сәлеметсіз бе-Здравствуйте-НеIIo (хэллоу )
Шаттық шеңбер:Кәне балалар шеңбер құрып,бір-біріннің қолдарынан ұстап,жылы лебіздерімізді тақпақ арқылы білдірейікші:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қайырлы таң ақ ұлпа,
Қайырлы таң көк аспан,
Қайырлы таң қонақтар.
Қайырлы таң балалар.
Ұйымдастырушылық-ізденістік:
Тәрбиеші:-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ,мұқият тыңдандар.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде ысқырып,
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтындаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде
Тәрбиеші: дұрыс айтасындар балалар.
Балалар мына суреттерде қандай мезгіл бейнеленген?
Балалар:Қыс мезгілі бейнеленген.
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Балалар:Күн сутады,қар жауады.
Тәрбиеші:Ауа райы қандай болады?
Балалар:Күн суық,дала аяз, боран болады.
Тәрбиеші: Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
Балалар:Шаңғы, шана,қар атысып ойнаймыз.
Тәрбиеші:Балалар,қыста ауа таза болады.Сондықтан да сендер ауырмау үшін,денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек.Ойын арқылы денелерің шынығады.Балалар қарандаршы мынау ненің суреті?
Балалар:Аққаланың суреті.
Тәрбиеші:Аққала неден жасалады?
Балалар: Аққала қардан жасалады.
Тәрбиеші:Қәне,барлығымыз қарды қолмен ұстап көрейік.Қардың түсі қандай?
Балалар:Қардың түсі ақ.
Тәрбиеші:Қар мұздай ма,әлде жылы ма?
Балалар:Қар суық.
Тәрбиеші:Балалар аққала неше бөліктен тұрады?Оның бөліктерінің пішіндері қандай?
Балалар:Аққала үш бөліктен тұрады, пішіні дөңгелек.
Ғажайып сәт.Осы кезде аққала келеді.
Аққала:Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен ойнауға, білімдеріңді және мына сандықшаның ішінде сендерге арналған тапсырмаларым бар.
Тәрбиеші:Кел төрлет,сен туралы айтып отыр едік.Балалар қонаққа не келді?
Балалар: Аққала келді.
Тәрбиеші:Балалар олай болса аққаланың тапсырмаларын орындайық.
Аққала:Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
1.Тапсырма:«Қар жинау» ойыны.Ойын шарты:Қар ерімей тұрып,шелекке тез жинау.керек.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, бәрекелді!
2.Тапсырма:Қыс мезгіліне байланысты тақпақтарды кім айтады?
1.Қар жауады жапалақтап,
Дала аппақ қарашы.
Шаңғы менен ойнаймыз біз,
Қыс келбеті тамаша!
2.Ауыл сырты- биік жар
Бізді күтіп тұр қарап.
Төбесіне шығып-ап
Жөнелеміз сырғанап.
Тәрбиеші: Балалар,өте жақсы.
Сергіту сәті:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп аққала.
Мұрны сәбіз,үп-үшкір,
Көзі көмірқап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынды аршуға,
Келгендей-ақ ол мұнда.
Тәрбиеші:Балалар,аққаланың тағы қандай тапсырмасы бар екен.
3.Тапсырма:Аққаламызға суретін құрап берейік.
Балалар: аққаланың суретін құрастырады.
Аққала: Жарайсыңдар балалалар менің тапсырмаларымды орындадыңдар! Рахмет!Балалар,сендер өте ақылды, өнерлі, тапқыр екенсіңдер!Топтарың ыстық екен мен жылы жерде көп тұра алмаймын,еріп бара жатқан сияқтымын.Еріп кетпей тұрғанда, қайтайын.Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын, сау болыңдар! Мына сандықшаның ішінде сендерге деген сыйлықтарымды беріп, ризашылығымды білдірсем деймін.(жүрекшеде балаларға тілек жазылған)
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар!аққаланың тапсырмаларын орындадық.Аққала сендерге
разы боп қайтты.
Рефлексиялық-түзетушілік:
Тәрбиеші:Балалар,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?
Бізге қонаққа не келді?
Барлығымызға ұнадыма?
Жарайсыңдар, балалар енді келген қонақтармен қоштасайық.

.


Тексерген әдіскер: _______________Ауғанбаева Ш.Р.

Өскемен қаласы әкімдігінің «№100балабақша- бөбекжайы»КМҚК




Ғажайып қыс
I жартыжылдық бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
№4 «Бүлдіршін» ересек тобы
Тәрбиеші:Увазырова Айша Ульяновна.
Өскемен қаласы,2020 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет