Кіріспе ● Негізгі бөлім


липаза ферменті майды  глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі5,6 Mb.
#69380
1   2   3   4
липаза
ферменті
майды 
глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза 
ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза 
ферменті дисахаридтерді моносахаридке, яғни
глюкозаға айналдырады.


Ұйқы безі сөлінің құрамындағы лактаза
ферменті
сүттің
қанты
лактозаны
моносахарид лактозаға ыдыратады. Он екі
елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ
қарыннан келген ас қоймалжыңы оның
белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін
төмедетеді.


Ащы ішек (intestinum tenue г. іп- testinum — ішек; tenue — жіңішке) — ас 
қорыту жүйесіндегі асқорыту процесі қарқынды, жүрек жəне корытылған қоректік
заттардың ішек қабырғасындағы қан жəне лимфа тамырларына белсенді сорылып
сіңірілетін асқорыту жүйесінің ортаңғы бөлігінің түтікше ағзасы. Аш (ащы) ішек құрсақ
қуысында орналасады. Ол өз кезегінде құрылысы мен организмдегі орналасу
орындарына байланысты үш бөліктен тұрады. Олар: он екі елі ішек (күйіс қайтаратын 
жануарларда — ұлтабар ұшы), аш ішек жəне мықын ішек. Ащы ішектің қабырғасы үш 
қабықтан: сыртқы — сірлі, ортаңғы — етті, ішкі —
кілегейлі қабықтардан құралған.
Кілегейлі қабығының ішкі бетінде сору қызметін атқаратын бүрлер жəне ішектің ішкі
бетін астарлайтын бірқабатты
призма
тəрізді
эпителий 
жасушаларының апикальды
жиектерінде, ішектің сору ауданын 30 еседей ұлғайтатын микробүрлер болады. Он екі
елі ішектің куысына бауырдың ет өзегімен — өт, ұйқы безі өзегімен ас қорыту 
ферменттеріне бай — ұйқы безінің сөлі келіп құйылады. Аш ішектің ұзындығы
жануарлардың қоректену сипатына сəйкес əртүрлі болып келеді. Ең ұзын аш ішек шөп 
тектес азықпен қоректенетін жануарларда, ең қысқа — етпен қоректенетін жыртқыш 
аңдарда, ал оның орташа ұзындығы талғаусыз жануарларда (шошқа) болады.


Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м. Асты 
қорытатын ферменттер ащы жəне мықын ішектердің кілегейлі 
қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде 
энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз 
протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, 
карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза жəне 
инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана 
əсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ұйқы безі балаларда 1 
жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері 
физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста 
ересектермен теңеседі. Осындай өсу жəне даму қарқындары бауырда да 
байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет