Кіріспе 1 Цех және зауыт зертханасындағы қауіпсіздік ережелері



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі36,75 Kb.
#19808
1   2   3   4   5
1.4. Қоршаған ортаны қорғау

Өнеркәсіпте қоршаған ортаны құқықтық қорғау ұғымы және анықтамасын өңдеудің Қазақстан Республикасының экологиялық құқық теориясында теориялық мәні жағынан алатын орны зор. Қоршаған ортаны қорғаудың жалпы түсініктемесі ҚР Экологиялық кодексінде анықталған. 2007 жылдың 9 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 1-бабының 31- тармағында қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі деп көрсетілген.

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау ұғымы атақты ғалым-экологтар тарапынан да зерттеуге ие болған.

1. Өндіріс саласында қоршаған ортаны құқықтық қорғау - бұл қоршаған ортаға өнеркәсіптік қызметтің зиянды әсерін алдына алуға және және оның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындарымен және арнайы құзыретті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын құқық нормаларында бекітілген шаралар жүйесі.

2. Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары әртүрлі иерархиялық деңгейдегі және салалық бағыттағы бөлек нормативтік құқықтық актілерде бекітілген. Осы қағидалар қолданыстағы заңнамада бекітілуі тиіс, яғни 03.04.2002 жылғы «Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында.

3. Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормалары өнеркәсіптік қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін алдын алуға және оның бұзылуын қалпына келтіруге бағытталағн өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және арнайы құзырлы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызметті реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылатын өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау атты құқықтық институттың құрамдас бөлігі болып табылады.

4. Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау нормалары даму үшін айқын келешегі, жасақталып жатқан нормативтік базасы бар, яғни өмір сүруге құқығы бар дербес құқықтық институт болып табылады.

5. Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қазіргі кезеңнің екітұсты мақсаты болып тұр. Сондықтан болашақта өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың мақсаттары, мініеттері, қағидалары, қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпорындардың құқықтық мәртебесі, олардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, шаруашылық қызметтің кезеңдеріне қойылатын экологиялық талаптар, экологиялық қызмет, оның құрылымы, мақсаты мен қызметі, экономикалық механизм мен заңды жауапкершілік бекітілген «Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңын қабылдау керек.

6. Өндірістік кәсіпорындардың құқықтық мәртебесін бекітетін нормативтік құқықтық актілерде (19 маусым 1995 жылғы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 5 қазан 1995 жылғы «Өндірістік кооператив туралы», 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», 13 маусым 2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2 маусым 1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» ҚР Заңдарында) кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қойылатын экологиялық талаптар жоқ болғандықтан, оларды заңды тұлғалардың экологиялық- құқықтық мәртебесін, кәсіпорын жұмыскерлерінің экологиялық құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, кәсіпорынның экологиялық қызметін құру тәртібі мен оның функцияларын бекітетін (кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау департаменті, кәсіпорындағы қоршаны қорғау бойынша маман) жаңа нормалармен толықтыру қажет.

7. Шаруашылық қызметтің кезеңдеріне байланысты: атмосфералық ауаға әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға енгізу бойынша атмосфералық ауаны қорғау туралы нормалары қамтылған 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР

Экологиялық кодексін «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша экологиялық талаптар» атты дербес Тараумен толықтыруды ұсынамыз. ҚР Экологиялық кодексін осылай өзгерту жаңа нормаларды тәжрибеде дұрыс қолдану арқылы атмосфералық ауаның ластану мәселесін әрі қарай шешуге мүмкіндік береді.

Әрбір объектіде табиғатты тұтынушы міндетті:

1) бақылаушы органдардың бір-біріне әсері үшін өндірістік экологиялық бақылауды өткізуді ұйымдастыруға жауапты жұмыскерлерді тағайындауға немесе арнай бөлімше құруға;

2) аса қауіпсіз тәсілмен барлық операцияларды жүргізуге және қоршаған орта мен мүлікті, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қауіпсіз құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген барлық қызмет түрлері бойынша қоршаған ортаны қорғау туралы нормативтік-техникалық құжаттарды дайындауға және бекітуге;

4) жұмыс учаскесінде (объектісіникалық және экологиялық қауіпсіздік жағдайларын тексеру журналдарын жүргізуге, яғни табиғатты пайдаланудағы жауапты лауазымды адам тауып алған кемшіліктерді оларды шеттету мерзімдерін көрсете отырып, жүргізуі қажет.

Табиғатты пайдаланушыда Қазақстан Республикасының экологиялық заңдылықтарын бұзудың нәтижесінде, табиғат апаттары мен табиғи катаклизмдердің нәтижесінде туындаған авариялық құбылыстарды шеттету және таратуға байланысты іс-әрекеттердің жоспары болуы керек.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына, сонымен қатар қоршаған ортаның ластану мүмкіндігіне қауіп төндіретін қауіп-қатер немесе экологиялық талаптардың, нормалардың, ережелер мен нұсқаулардан қандай да бір бұзу жағдайларын тауып алған жұмыскер туындаған жағдайды өзіне берілген өкілеттік шегінде тез арада шеттету және алыстату шараларын қолдануға және ол туралы диспетчерге немесе басшыға хабарлауға міндетті.



Өнеркәсіптік іс-әрекеттерге барлық экологиялық талаптардың талдаулары екі негізгі іс-шаралар тобын көрсетуге мүмкіндік береді:

  • қоршаған ортаға жағымсыз өндірістік қызметтердің ықпал етуін залалсыздандыру іс-шаралары;

  • бұзылған қоршаған ортаның жағдайын қайта қалпына келтіруге байланысты іс-шаралар.

Осы факторларды есепке ала отырып, өнеркәсіпте қоршаған ортаны қорғаудың анықтамасын реттеуге болады: Сәйкесінше, қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет