Кіріспе 1 Цех және зауыт зертханасындағы қауіпсіздік ережелері


Алғашқы медициналық көмек



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі36,75 Kb.
#19808
1   2   3   4   5
Байланысты:
отчет 1

1.2. Алғашқы медициналық көмек

  1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды.

  2. Көмек көрсетуші:

  • адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін қарау;

  • алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін меңгеру;

  • зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін білу;

  • зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтау;

  • жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ету;

  • «ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалау;

  • қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтату;

  • жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш салу;

  • сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыру;

  • жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсету;

  • зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалану;

  • зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтау;

  • алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.

  1. Алғашқы көмек көрсетудің реттілігі:

    1. зардап шегушінің денсаулығы мен өміріне қауіпті зиянды факторлардың ағзаға әсер етуін жою (электр тогының әсерінен босату, зиянды атмосферадан шығару, жанып жатқан киімді сөндіру, судан алып шығу), зардап шегушінің халін бағалау;

  1. жарақаттың, зардап шегушінің өміріне қауіптіліктің сипаты мен ауырлығын және оны құтқару бойынша іс-шаралардың реттілігін анықтау;

  2. зардап шегушіні жедел түрде құтқару бойынша қажетті іс-шараларды орындау (тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру, жасанды дем алдыру, жүректің сыртынан массаж жасау, қан кетуді тоқтату, сынған жерді анықтау, таңғыш салу және тағы сол сияқты);

  3. зардап шегушінің негізгі өмірлік функцияларына медициналық персонал келгенге дейін жәрдемдесу;

  4. жедел медициналық жәрдемді немесе дәрігерді шақырту немесе зардап шегушіні жақын орналасқан емдеу мекемесіне жеткізу шараларын қолдану.

  1. Персоналдың тұрақты кезекшілік атқаратын орындарында:

    1. алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті бұйымдар мен құралдар жиынтығы (дәрі-дәрмек сөмкесі);

  1. алғашқы көмек көрсету, жасандем алдыру және жүректің сыртынан массаж жасау көрсетілген плакаттардың көрінетін орындарға ілінуі қамтамасыз етіледі.

  1. Алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсету үшін мынадай шарттар орындалады:

    1. әрбір объектіде алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкелерде сақталатын бұйымдар мен құралдардың (объектіден тыс жұмыс істеген кезде) ақаусыз күйі мен олардың жүйелі түрде толықтырылып тұруы үшін жауапты тұлға (әр ауысымда) тағайындалады;

  1. зардап шегушіге медициналық емес персонал көрсеткен көмек медициналық персонал тарапынан көмекпен алмастырылмайды және тек дәрігер келгенге дейін ғана көрсетіледі; бұл көмек қатаң түрде белгілі түрлерімен шектеледі («жалған» өлім кезінде тірілту шаралары, қан кетуді уақытша тоқтату, жарақатты, күйікті немесе үсікті таңу, сынықты анықтау және зардап шегушіні тасымалдау).

Кәсіпорында денсаулық сақтау пунктері жұмыс істейді, жұмыс орнында алғашқы жәрдем көрсету үшін дәрігерлік «аптечка» болуы қарастырылған. Адамға көмек көрсету үшін оны таза ауаға алып шығады және тез арада медициналық орталыққа хабарлайды.

Медициналық қызметкерлер келгенге дейін адамға көрсетілетін алғашқы көмек келесілер болып табылады:



  • химиялық күю кезінде дененің күйген бөлігін сумен 10-15 минут аралығында жуу керек. Содан кейін зақымданған керді бор қышқылының 2-3 % - дық ерітіндісімен немесе ас содасының 2-3 % - дық ерітіндісімен өңдейді. Зиянды заттар көзге түссе, оны сумен тыңғылықты жуу қажет

  • термиялық күю кезінде дене терісінің жеке бөлігін спиртпен, әтірмен немесе калий пермангатының 2% - дық ерітіндісімен сүрту керек. Күйген бетті құрғақ, стерильді байлауышпен орау қажет.

Күйікті зақымданудың ауырлығы көп факторларға: локальділігіне, жасқа, зардап шегушінің жалпы жағдайына және тағы басқаларға байланысты. Бірақ екі көрсеткіштің - зардаптық ауырлығы мен көлемінің ерекше меңызы бар.

Жарақаттану кезінде ол жерге 10-15 минут мұздай қою керек; сосын жарақаттанған жерді қатты байлайды және компрессормен суытуды 1-1,5 сағатқа жалғастырады. Сыну кезінде біріншіден сынған жердің қимылдамауын қамтамасыз ету керек. Ол үшін сынған жердің бойымен екі жағынан шинаны қойып тығыз орап тастау керек. Шина тығыз картоннан жасалуы мүмкін.

Кесіліп кету кезінде шетжағынан иодты жағып, жеке қалтадағы бинтпен орап тастау қажет. Бинт әр қашанда цехтың аптечкасында болады.

Электр тогымен зақымданған кезде құрылғыны тез арада өшіру керек. Егер оны тез істеу мүмкін болмаса, зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажырату керек.

Зақымданған адамды ток жүретін бөліктерден ажыратқаннан кейін жайғастырып жатқызу керек, киімін ағыту қажет, таза ауа ағынын қамтамасыз ету керек. Егер зақымданушы нашар тыныс алса - жәй және дірілдеп - онда оған жасанды тыныс беру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет