Вариация көрсеткіштері туралы түсінік және оның міндеттері, түрлері
Вариация көрсеткіштері туралы түсінік және оның міндеттері, түрлері
Вариация – бұл зерттелетін жиынтықтың ішіндегі белгілердің жеке мәндерінің құбылмалылығы (ауытқуы, өзгермелілігі). Вариация барлық құбылыстар мен процестерге тән. Вариация көрсеткіштерінің міндеттері мыналар: 1. вариация көрсеткіштері орташа шаманы толықтырады; 2. жиынтықтың біртекті немесе әр текті екендігін анықтау; 3. белгі вариациясының шегін анықтау; 4. көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты анықтау.
Вариация көрсеткіштерінің мынадай түрлері бар: 1. вариация өрісі; 2. орташа сызықты ауытқу; 3. дисперсия; 4. орташа квадраттық ауытқу; 5. осцилляция коэффициенті; 6. салыстырмалы сызықтық ауытқу; 7. вариация коэффициенті.
Олардың әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады және өзіндік формуласымен есептелінеді.
ең қарапайым түрін айтады. Бұл көрсеткіш қатардағы барлық варианттардың орташа шамадан ауытқуын сипаттамайды ол тек белгінің ең үлкен және ең кіші мәндердің айырмасын көрсетеді. Вариация өрісін төмендегі формуламен есептейді.