Кіріспе. Анализаторлар туралы жалпы түсінік Жоспар


Мектеп жасындағы соқыркереңдермен коррекциялық дамыту жұмысты өткізу бағыттары



бет9/10
Дата25.11.2023
өлшемі195,5 Kb.
#126429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектеп жасындағы соқыркереңдермен коррекциялық дамыту жұмысты өткізу бағыттары
Күрделі кемістігі бар балаларға өзін қоршаған ортадағы адамдардың мінез-құлқы туралы, олардың іс-әрекеттері туралы ақпарат алу өте қажет. Олар сол алынған ақпарат арқылы өз-өздерін тәрбиелейді. Көптеген педагогикалық жұмыстар балалардың жағымсыз мінез-құлқын тәрбиелеуге бағытталады. Себебі көрмейтін-естімейітін-сөйлемейтін балалар қалыпты балалармен салыстырғанда өз іс-әрекетін бақылап одан қорытынды жасауы қиын болып табылады. Сондықтан да көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға арнайы тәрбие беру процесі ерте беріледі. Яғни мектепке дейінгі кезеңде-ақ бұл процес жүргізіледі. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар көптеген іс-әрекетті тек сырт жағынан қабылдайды, олардың ішіне енбейді яғни өзі жасап жатқан іс-әрекетке жауап бере алмайды. Сонымен қатар олар көптеген жағымсыз және жағымды мінездің көрініс беруі не себепті екенін сезе алмайды. Өзімен қарым-қатынас жасап тұрған адамның қандай сезімді тұрғанын сезе алмайды, тек ол адамнан келген ақпарат үздік-создық жетіп отырады. Ал өзінің қандай көңіл-күйде тұрғанын көрсете алмайды, не айта алмайды. Бұған кедергі оның ойлау қабілетінің тежелгендігін болып табылады. Көптеген көрмейтін-естімейтін-сөйлемейітін балалар өздерінен үлкен сонымен қатар тәрибешісі не болмаса мұғалімдермен ожар қарым-қатынас жасайды. Мысалға бала үлкен адамның өзін бөліп өз қалауын орындату үшін оның қолын жұлқып тартып не болмаса йығына асылып ол адамның мазасын алатын болады. Алайда мұғалім мен оқушы тәрбиешімен тәрбиеленуші арасында бұндай қарым- қатынастың болуы жақсы болып табылады. Себебі балада осындай кездері сөйлеу тілінің дамуына жол ашылады екен. Алғашында жестті үйреніп кейін ауызша үйреніп жатқан баланың әлгінгідей ситуацияда болуы ондағы сөйлеу белсенділігін арттырады. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалардың көңіл-күйін мимика арқылы анықтау қиын болып табылады. Сондықтан көптеген адамдарды осындай кемістігі бар адамдардың барлығы «қатал» «суық» деп ойлайды. Бұндай ойы бар адамдармен күрделі кемістігі бар адамдардың қарым-қатынасқа түсуі қиын.
Соколянский баланы оқытып тәрбиелегенде оның мінез-құлқын өзге адам қабылдауға болатындай етіп тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Ол балаларға адамның түрлі эмоциялық күйін анықтап үйрету үшін арнайы жасалынған маскаларды пайдаланған. Ол маскаларда түрлі эмоцияның бейнесі берілген.
Күрделі кемсітігі бар балалардың мінез-құлқын тәрбиелегенде оның айналаға бейімделуін басты назарға алумыз керек. Оның сөйлеуіне, ақыл-ойының дамуына, өзінің жасаған іс-әрекетіне жауап беруіне, оның достарының жасаған іс-әрекетіне қарап тәрбиелеу керек. Егер тәрбиеленуші өзінің жасаған жағымсыз іс-әректін қайта қайталайтын болса, оны жазалау керек. Ондай жазалауды өз тобының ішінде, не болмаса мектептегі бүкіл оқушының көзінше, не қабырға газетіне оның суретін қою арқылы жүзеге асыруға болады. Бұндай жазалау тек бір ғана адамның көз қарасы арқылы жүзеге аспайды, ұжым мүшелерінің көз қарасымен жазалау түрі қолданылады. Бұндай жазалау көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балаларға қатты әсер етеді. Оның жасаған ісі ұжым үшін ұят болып табылғанын сезсе, ол өзін сол ұжымда белгілі бір орны бар екендіні сезеді. Сол арқылы өзін тәрбиеледі. Осындай жазалау арқылы ол өзіне күш жинайды. Сонымен қатар күрделі кемістігі бар балаларға өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелейді. Бұл оның шыдамды болуына, өзін-өзі дамытуына көп септігін тигізеді. Балаға қандай да бір қате жасалған ісі үшін жаза бергенде ол баланың физиологиялық және психологиялық жағынан әсерін байқап барып берілуі керек. Ал оқудағы жақсы үлгерімі үшін, жақсы тәрбиесі үшін балаларға мақтау қағаздарын беруге болады. Ол қағаздар Брайл шрифтімен жазылады. Сонымен қатар мектепте арнайы қабырғаға жақсы оқитын балалардың суретін іліп қоюға болады. Ол суреттер бүдірлі болып салынады, яғни бала қолымен суретті сипау арқылы ол өзінің суретін таниды және өзге достарында тани алады. Бүндай суреттер көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін бала үшін керемет қуаныш болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет