Кіріспе. Анализаторлар туралы жалпы түсінік Жоспар


Мектеп жасындағы соқыр-саңырау балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері



бет10/10
Дата25.11.2023
өлшемі195,5 Kb.
#126429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1-Кіріспе-Анализатор-2022 (1)

Мектеп жасындағы соқыр-саңырау балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Арнайы техникалық құралдар. Естімейтін көрмейтін балалардың ең өткір мәселесі – қарым-қатынас. Оның созылмалы жетіспеуі естімейтін көрмейтін балаларды оқыту кезінде білінеді. Бұл нашар етитін көрмейтін балалардың тек жеке өздеріне қарата айтылған контактілі сөйлеуді ғана қабылдауымен байланысты. Алайда қарым-қатынастың дактильді-контактілі тәсілі үлкен физикалық күш-жігерді қажет етеді, өйткені мұғалімнің дактиль жасаушы саусақтары оқушының қолымен үйкеліске, кедергіге түсе отырып тез шаршайды. Мұнан өзге, топта үш оқушының болуы мұғалімге бір уақытта барлық қатысушылармен тіпті екі қолымен дактиль жасағанда да мүмкіндік бермейді. Үш қатысушының біреуі тікелей педагогикалық ықпал аумағынан міндетті түрде шығып қалады. Әрине, екі оқушыға материалды түсіндіру кезінде үшіншісіне тапсырманы өз бетінше орындауды ұсынуға болады, бірақ бұл барлық уақытта дұрыс бола бермейді. Егер де әр оқушыны жеке сұрау қажет екенін, оған жаңа материалды айтып беру, сұрақтарына жауап беру, сабақта брайль шрифтімен орындаған жазбаша жұмыстарын тексеру қажет екенін ескерсек, онда естімейтін көрмейтін қатысушылар тобын қарым-қатынастың дактильді-контактілік тәсілімен оқытудың тиімділігі аз екені бірден байқалады. Бұл құралдарды жасау және пайдаланумен осы ғасырдың басында айналыса бастады. Алғаш болып жеке коммуникацияның арнайы техникалық құралдары: сөйлесу дискісі, сөйлесу қолғабы, механикалық коммуникатор, телетакторлық телефондар пайда болды. Сөйлесу дискісі осімен айналатын диск болып табылады, онда периметр бойынша дактиль әріптерінің бейнесі орналастырылған, ал жоғарғы жағында – кәдімгі әріптер орналасқан. Мәліметті естімейтін көрмейтін адамға жеткізу үшін көретін әңгімелесуші шеңбердің жоғары жағындағы әріппен мәні бойынша сәйкес келетін дактильді әріпті естімейтін көрмейтін адамның қолының астына қояды. Естімейтін, көрмейтін адам оны сезу көмегімен есептейді. Алақан жағында әріптік белгілер орналасқан арнайы қолғап та пайдаланылды. Қолғап белгілердің орналасу ретін жатқа білетін естімейтін көрмейтін адамның қолына кигізіледі. Хабарды жеткізу үшін көретін адам белгілі бір бірізділікпен қолғаптағы белгілерге жанасады, ал естімейтін көрмейтін адам бұл жанасуды расшифровкалайды. Бұл айтылған екі құрылғы да естімейтін көрмейтін адамдардың қарым-қатынастың арнайы тәсілдерін білмейтін адамдармен байланыс жасауы үшін пайдаланылған. И.А. Соколянскийдің механикалық коммуникаторы портативті құрылғы болып табылады, оның корпусында қозғалмалы таяқшалар (штырь) орналасқан. Құрылғының бетінде орналасқан түймелерді басқан кезде, оған сәйкес келетін таяқшалар қозғалысқа түсіп, құрылғының бетінде естімейтін көрмейтін адамның қабылдап отырған саусағының астында әріптер пайда болып жай көтеріледі. Бұл құрылғы әңгімелесушінің Брайль шрифтін білуіне арналып жасалған.
Естімейтін көрмейтіндерді оқыту тәжірибесінде жоғарыда аталған құрылғылардың ешқайсысы қолданылған жоқ, себебі олардың көмегімен ақпаратты беру өте баяу және контактілі қарым-қатынасты қажет ететіндіктен, мәлімет беруші мен қабылдаушы қатар отыруы керек. Ақпаратты жеткізудің бұл тәсілдері ыңғайлылығы мен жылдамдығы жағынан естімейтін көрмейтін адамның алақанына кәдімгі баспа әріптерімен жазғаннан артық емес. Техникалық құралдардың ары қарай дамуы электрлік құрылғыларды жасау жолымен жүрді, ол бізге төмендегі өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік берді: а) естімейтін көрмейтін адамға қашықтықтан ақпарат беру; б) бір мезгілде естімейтін көрмейтін адамдар тобына ақпарат бере алу; в) тіке, кері және өзара байланысты қамтамасыз ету; г) брайль шрифтінен жалпақ тегіс әріпке және керісінше автоматты түрде кодировкалау; д) ақпаратты рельефті-нүктелік белгімен де, көретін қабылдаушы үшін әріп түрінде де кіші әріппен индикациялау; е) ақпаратты жеткізу және қабылдау жылдамдығының артуы; ж) ақпаратты магнитті лентада жазу және сақтау мүмкіндігі. Электрлік құрылғыларға ең алдымен 40-жылдары И.А. Соколянскийдің басқаруымен жасалған телетакторлық телефон жатады. Телефон көпжелілі кабельмен қосылған екі пульттен тұрады. Пульттің әрқайсысында алты клавишты клавиатура, электромеханикалық тактор және алты шамды жарық табло болады. Құрылғы екі жақты байланысты қамтамасыз етеді. Оның көмегімен естімейтін көрмейтіндер бір-бірімен және еститін көретіндер естімейтін көрмейтіндермен сөйлесе алады. Алайда еститін көретін адамдарға телефонмен қарым-қатынас жасау үшін брайль клавиатурасын қолдану дағдысы керек болады, бұл арнайы дайындықты қажет етеді. Бұл кооперацияның бір саласы «Мамандандырылған сынып» болды, ол «бұзылған телефон» тізімін сәтті алмастырды. Ол таға тәріздес үстелдің бас бөлімінде стационарлы орналасқан негізгі пульттен және оның шеткі бөлімдерінде орналасқан индивидуальды пульттен тұрады. Үстелге бес индивидуальды пульті бар екінші таға тәріздес үстел қосылады, екі тағаның ортасындағы орындыққа оператор отырады. Барлық пульттердің арасы тіке, кері және өзара байланыстармен қамтамасыз етілді. Орталық пультте брайль клавиатурасынан өзге кәдімгі тегіс машинка клавиатурасы бар, бұл естімейтін көрмейтіндерге кез-келген сауаты бар адаммен, тіпті брайль клавиатурасында жұмыс істеу дағдысын білмейтін адаммен де қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Енді комсомол жиналыстарына, кездесулер мен сұхбаттарға қызықты адамдарды шақыру мүмкіндігі туды, ал институтқа түсуге мектеп түлектерін дайындау кезеңінде ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларымен кездесу ұйымдастыруға мүмкіндік туды. «Мамандандырылған сынып» кнопка мен вибраторлар жүйесінен тұратын сигнализациямен қамтамасыз етілген. Индивидуальды пульттегі кнопканы баса отырып, кез-келген қатысушы орталық пульттің вибраторын қосып, осылайша жиналыс төрағасына өзінің сөзге қатысқысы келетіні туралы хабарлай алады. Жиналыс жүргізушісі сәйкес рычагты сөйлегісі келген естімейтін көрмейтін адамның жеке пультіне кері байланыс жүйесіне қосады, ал ол клавиатурамен жұмыс жасап, өзінің сөзін барлық қатысушыларға жеткізді. Одан кейін «Брайль қатарының жиынтығы» пайда болды. Бұл аппаратты жасау қажеттілігі оқу әріп бойынша оқылып баяу болуына байланысты болды. Іс-тәжірибеге «Брайль қатарының жиынтығын» ендіру қабылдаудың сигналдық принципін толықтай қанағаттандырды. Естімейтін көрмейтін адамдар тактордан ақпаратты брайльдік кітап мәтінін оқығандай етіп есептеуге мүмкіндік алды. Теріп оқу жылдамдығы айтарлықтай артты. Естімейтін көрмейтіндерге арналған техникалық құралдардың даму беталыстары. Естімейтін көрмейтіндерге көмек болатын техникалық құралдардың дамуы негізгі үш бағытта жүреді. Олар: 1) қазіргі бар техникалық құралдарды модернизациялау, 2) жаңаларын жасау, 3) көрмейтіндерге және естімейтіндерге арналған қазіргі бар техникалық құралдарды естімейтін көрмейтіндердің қажеттілігіне бейімдеу. Алдағы онжылдықта шешімін күтетін техникалық мәселелердің қатарына көрмейтіндер мен көрмейтін естімейтіндерге арналған оқу машинасын жасау жатады. Оқу машинасы мәселесінің өткірлігі газет пен журналдардағы тегіс баспалы мәтіндер естімейтін көрмейтіндер үшін қол жетімсіз, сондықтан да олар өзекті ақпараттарды ала алмайды. Оқу машиналарын жасау 30-шы жылдары басталды. И.А. Соколянскийдің соғысқа дейін «оқу машинасын» құрастырғаны туралы мәлімет бар. Естімейтін көрмейтіндерге арналған мектеп-клиникадағы И.А. Соколянскийдің бұрынғы әріптестерінің айтуынша: гитлерліктер Харьков қаласын басып алған кезде олар бұл машинаны өздерінің көрмей қалған солдаттарының қатысуын жеңілде






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет