Көру гигиенасы Балаларда ең жиі кездесетін көру кемшілігі жақыннан көру қабілеті. В. Ф. Уткин (1971) мен Э. С. Аветисовтың (1975) зерттеулеріне қарағанда мектеп жасына дейінгі балалардың 1-2%, 7-10 жаста 4,5%, 11-14 жаста 10,5%, 15-18 жаста 21,5%, 19-25 жаста 28,7%-нда жақыннан көру қабілеті байқалады. А. А. Сычевтың (1980) зерттеуі бойынша көзге күш көбірек түсетін мектептерде, айталық математика, шет тілі мамандықтарына көп көңіл бөлетін мектептерде бұл көз кемшілігі оқушылардың 25%-нда байқалады. Әсіресе балаларды көру гигиенасымен, партада дұрыс отыру ережелерімен таныстырмаған жағдайда бұл кемшілік көбейіп кетеді. Осыған байланысты мұғалімдер өздері де, олардың оқушылары да көру гигиенасын жақсы біліп, бұл кемшіліктің алдын алғаны жөн.
Көру гигиенасының талаптары: - Кітапты оқығанда, қағазды жазғанда баланың көзі мен қағаз аралығы 35-40 см болуы тиіс. Ең тиімдісі 37 см; баланың жұмыс орнының жарығы дұрыс қосылуға тиіс. Ең тиімді жарық мөлшері 150-300 люкс шамасында. Жарық баланың сол жағынан немесе үстінен және алдына қарай сол жақтан орналасуы қажет. Жарық сәулелерінің әсері баланың көзіне тура түспеуі керек. Жарық көздерінің сыртында жарық сәулелерін шашатын сәуле сейілдіргіштері, айталық, плафон, абажур болуы тиіс.
- Үстелде, партада бала дұрыс отыруы керек;
- Жүріп келе жатқан көлікте кітап оқуға болмайды.
- Теледидар көрсетулерін қарағанда ең кемінде 2,5-3 м қашықта отырған жөн (теледидардың экраны 62 см болғанда).
- Баланың жасына лайық жазу, оқу еңбектерінің, теледидарды қарау ұзақтығын, әсіресе көзге күш түсіретін еңбектің түрлерін, олардың ұзақтығын мұқият қадағалаған жөн.
- Баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау:
6-7 жаста – 10 минөт,
7-10 жаста – 15 минөт,
10-12 жаста – 20 минөт,
12-15 жаста – 25 минөт,
15-18 жаста – 30 минөт, яғни осы көрсетілген уақыттан соң аз да болса, көзді демалдырып отыру қажет немесе көз талмайтын жұмыс пен айналысқан жөн.
Есту гигиенасы
Есту анализаторының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам ағзасына әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-шу есту анализаторына 2 түрлі әсер етеді: құлақ тың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қантамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс жүйкелерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шүғыл төмендейді (90 децибелдік шу – көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).
Мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері – 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде – 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 децибелден асқанда балалардың еңбек қабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыс пен көп шұғылданбағаны жөн .
Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс орналастырылады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерлерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-шы сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отырғаны жөн.
Баланың есту қабілетін сақтауда мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қорғаныс тежелуі пайда болады.
Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ уақыт қатты дауысты теледидар, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды.
Дыбыс есту қабілеті жарықтың әсерінен күшейеді, сондықтан музыкалық әуендердің дыбыстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын-сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе көңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, ұзақ тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тыңдаумен әуестенген жастардың ішінде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны көбеюде. Қатты дауысты музыканы тындау мөлшері 7-10 жаста – жарты сағаттай, 11-16 жаста – 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер ұйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс.
****
Соқырмылқау естімейтін мектепке дейінгі балалардың тәрбиесінде қатаңдық пен басымдық танытуға болмайды. Тәрбие берудің ең негізгі әдісі - соқырмылқау естімейтін балаларға түсінікті болып табылатын ойын әрекеттері мен іскерлік қарым-қатынас арқылы, өмірінде қолданыс тапқан іс-әрекеттері немесе оның тәжірибесіне таныс болып келетін жағдайлар арқылы ықпал ету болып табылады.
Тәрбиенің алғашқы сатысында баланың сезімдік ерекшеліктері, оның жақындарына деген сүйіспеншілігі, қарым- қатынас арқылы дамуға деген мүмкіндігі көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың бойында қалыптасып келе жатқан өрескел мінезіне (ашуланшақтық, қырсықтық, эгоизм, қызғаншақтық, жануарларға қатыгездік таныту) төзімділік таныту да маңызды рөл атқарады. Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінің мүмкіндіктері топтық қызмет көрсету, ортақ қажеттілікті өтеу барысында кеңейе түседі. Осы құбылыстардың барлығы бұл балалардағы топтық сезімді, қатынасқа түскен адамдарға көмектесу сынды, сонымен қатар еңбек барысындағы жауапкершілікті түсіне алу тәрізді іс-әрекеттерге итермелейді. Мектеп жасына дейінгі балалар ортасында олар мейірімділік қасиеттерін өзінің бойына сіңіре бастайды. Бұл қасиет өсіп келе жатқан бала үшін оны танып, дамыту өте маңызды. Содан соң тәрбиенің бұл бағыттарын ескере отырып, одан ары қарай дамыту қажет. Баланы тек тәрбиелеу объектісі ғана емес, сонымен қоса тәрбиеленуші субъект ретінде тану да оның өз-өзін тәрбиелеу, дамыта алушылық қасиетін жоғарылата түспек. Дегенімен, балалардың топтық қамтамасыз ету шаралары кейде баланың тәрбиесіне әсер ете алмауы мүмкін. Себебі, баланың тілдік қызметі дамымаған болып келеді. Осы орайда баланы тәрбиелеу тікелей тәрбиешінің өзінің жеке тәжірибесіне және баланың тәрбиеленіп жатқан жағдайына байланысты болып келеді.
Соқырмылқау естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде үлкен рөлді ойындар, әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындар алады. Бұл ойындар мекеме ішіндегі соқырмылқау естімейтін балалардың тұлғасының қалыптасуында, оның эмоционалдық және психикалық қалыптасуы кезінде маңызды болып келеді. Мектептік кезеңде ойын арқылы қалыптаспаған жеткіншек, жасөспірімдік кезінде өзімен жасты балалармен қарым-қатынасқа түсуді қаламайды. Кейінгі уақытта оның тәрбиесінде қиындықтар туындайды және қиын ортада әлеуметтенуі де соғұрлым қиындай түседі.
Ойын арқылы дамып келе жатқан соқырмылқау естімейтін балаларда әділеттіліктің, қарыз бен достары алдындағы жауапкершіліктің қалыптасуы көрініс береді. Соқырмылқау естімейтін балалардың қарым-қатынасында топпен үш аяқты велосипед тебу тәрізді ойындарының өзі баланың келешекте бұл жағдайды тәжірибе арқылы танығандығын көрсетеді. Балалардың осылай ойнауы кезінде кезекпен ойнау тәрізді ұғымның өзі балаларға әділеттіліктің алғашқы нысаны болмақ. Осылайша велосипед тебуші бала бірнеше рет айналып шыққаннан соң оныкелесі алаға береді. Бала өзінің тарапынан велосипедтің тазалығы ескеріп, оны кезекте түрған балаға ғана беруі тиіс. Осылайша ойнау арқылы бала өзге достарының да қажеттіліктерін ескеруі тиіс.
Рөлдік ойынның тәрбиедегі келесі бір маңыздылыгы, бүрынғыны қайта жаңғыртуға өзіндік әсер беріне байланысты. Осы ретте тәрбиеші баланың қабылдаған рөлінің қалай тәрбиелейтіндігін ескере отыруы керек. Ойын - қиындық жағдайларына, тәрбиелік қарама-қайшылықтарға байланысты болып келеді. Бұл жағдайлар баланың қиын өмірінде эртүрлі оқиғаларына байланысты қабылдаған рөлдердің мағынасын қанық меңгеруге үйретеді.
Мектеп жасына дейінгі соқырмылқау естімейтін балалардың тәрбиесінде 3 негізгі аспект айқын байқалады:
Біріншісі - жақын тәрибешінің жекелік қасиегтерінің балаға әсері. Кейде бұл тәрбиеліктің негізгі ұғымы болып та табылады. Осылайша балада қамқоршылықтан жауапкершілікке дейінгі сапалық ерекшеліктері жатады (оған кейде жанды болып көрінетін баланы қоршаған заттары, табиғат объектілері, жан-жануарлар және де баланың үнімі қасынан табылатын тәрбиешісі де енеді. Екіншісі - үнемі жағымды эсер беретін қарым-қатынасқа түсетін достарының болуы, сонымен қатар оң нәтиже беретін қарым-қатынастарға түсуі.
Үшіншісі - үнемі ортамен және топпен қатынаста болу тәрбиенің негізі нышандары болып табылатын мейірімділік, қомқорлық,ерлік таныту және т.б. жүйелер және де күндізгі жұмыстарды әңгімелеу.
Соқырмылқау естімейтін балаларды еңбекке баулудың арнайы түрлеріне еңбек ету барысында үйретіп оқытады. Мысалы, тотальды соқырмылқау естімейтін балаларды гүлдерді түзу кесуге, өз жейдесінің түймесін түзу қадауға үйретуе болады.
Еңбек - күш жұмсау болғандықтан, жеке тұрып тәрбиелей алмайды. Ең алдыңғы жағдайда бұлшық етті шынықтырады. Тәрбиелеу - еңбек ұйымдастыру, оның мақсаты, еңбек процесіндегідей адамдардың өзара қарым-қатысы кезінде жүзеге асырылады. Кей кездетәрбиеге кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Мысалы, ағаш күрекпен оқушыға мұзды жаруға, оны лақтыруға болмайды. Әрбір еңбек жақын жэне алыс мақсатты болуы шарт. Соқырмылқау естімейтін балаларды еңбекке баулудың негізгі мақсаты - олардың қоғамдық көзқарасын қалыптастырып, еңбекке деген сұйіспеншілігін арттыру. Бірақ әрбір нақты еңбекке баулу жақын мақсатты бола алады. Мысалы, ауланы қардан тазарту - көліктің жүріп, тұруына, жүргіншілердің қозғалысына, мектеп ауласының фундаментін ағын судан тазартуға, құрал -саймандарды сақтауға бағытталған. Әрбір оқушы еңбек етудің мақсатын түсінуі керек. Ол қалай болса солай қарды оңды - солды лақтырмау керек, яғни қоғамға пайдалы еңбек етіп жатқанын ұғынуы шарт. Ауланы қалай тазарту қажет? Азанда және кешке көп қар жауды. Сабақтан соң қарды тазалауға шығарамыз. Ауланы тазарту не үшін қажет? Балалар үй ауласымен адамдар жұмысқа барады, шеберханада жұмыс істейді, сарайдағы жануарларын қоректендіреді. Егер ауланы қардан тазартпасақ, айналадағы адамдарға қиындық туады, ал соқыр адамдар жолдан таяды. Қардан адамдардың аяғы су болып, ал балалар аяқ-киімнен су өткендіктен ауырып қалуы мүмкін. Сол себепті біз күрегімізді алып ауланы алдымен тар жолдарды, мектеп ауласын, асхана, сарай, шеберханаға баратын жолдарды тазартамыз. Осы жолдар арқылы адамдардың жүруін қолайлы жағдай жасаймыз. Ал көзі көрмейтін балалар шеберхана мен сарайға оңай жол тауып бара алады. Сонан соң дарбазаның алдын, асханаға баратын жолдарды тазалаймыз. Сүт әкелетін машина ерте келеді. Машина келем дегенше жолды тазалап үлгеру керек. Өйткені машина қарға тұрып қалуы мүмкін. Егер ол көп уақыт қардан өте алмай тұрып қалса, оқушылар түстікке сүт іше алмай қалады.
Ұжымдық тәрбие беру қоғамдық пайдалы еңбекпен ғана шектеліп қалмау керек. Соқырмылқау естімейтін оқушылар да қоғамға пайдалы еңбек етіп, макалатура, металл өткізуге, түрлі сенбіліктерге қатысып, өз үлестерін қоса алады. Оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі, олардың отан алдындағы парызын өтеуге ықпал етеді. Өмірде түрлі жағдай болады. Өмірде көрмейтін, естімейтін, сөйлеу қабілетінен айырылған жандар бар. Бұндай жандардың ішіндегі ең ауыр күрделі кемістік - көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін адамның жүру қабілетінен айырылуы. Бұл жандар өздерін ешкімге керексіз сезінеді. Сондықтан бұндай жандарды қоғамнан өздерін тыс сезінбеу үшін олардың қимыл-қозғалысын дамыту керек. Сөйлемейтін-көрмейтін-естімейтін баланы дене тәрбиесіне тәрбиелеу- ол баланың гармондық дамуын негізге ала отырып жүргізіледі. Бұл тифлосурдо-педагогиканың басты проблемасы болып табылады. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыстары жалпы мектепте оқитын балалармен салыстырғанда 4,7 төмен. Бұның себебі кемістікке байланысты яғни кемістік балалардың қимыл қозғалысын дамытуға арналған ойындарды жүргізуге біршама кедергі келтіреді. Көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін баланың қимыл-қозғалыс жасалуына ынталандырмаса, оның оқуға деген қызығушылығы жоғары болмайды. В.А. Сухомлинский бұл жайында: «Көп жылдық зерттеу көрсеткендей бұндай балалардың ойлауы баяу- бұл көп жағдайда көңіл-күйдің нашар болуы, өзін-өзі сезінбеу. Сонымен қатар баланың еңбекке деген зейіні жоғалады». Бұндай жағдайдан шығудың жолы баланың ұзақ уақыт таза ауада дем алуы. Дем алу мен еңбек етуді қатар жүруі баланың осындай жағдайдан шығара аламыз. Көру қабілетімен естімеушіліктің қатар келуі мектепте дене тәрбиесімен айналысуына кедергі келтіреді. Олар футбол, волейбол, баскетбол, хоккей тағы басқа ойындармен ойнай алмайды. Алайда көп жағдайда ойындарды жүргізу балалардың бұлшық еттерін дамытуға, тепе-теңдігін сақтауға үйретеді. Бұлшық етті дамытуға арналған ойындарды үйрету ұзақ уақытты алғанымен бұл екінші дефектінің пайда болуынан сақтайды. Күрделі кемістігі бар балаларды дене тәрбиесі оқыту мектепке дейінгі кезеңде басталады. Бұл баланың айналаны сезінуіне, қимыл-қозғалысын дамытуға үйретеді. Баланың үйдегі, сыныптағы, сабақ кезінде, мектепте қалай жүруі керектігін үйретеді. Өзі-өзіне қызмет жасауды үйретеді. Ал мектепке дайын топтарда көрмейтін-естімейтін-сөйлемейтін балалар күделікті таң ертеңгі жаттығулар жасайды. Сонымен қатар сабақ кезіндегі сергіту уақыттарында өздерін керемет сезінеді. Бастауыш мектепте дене тәрбиесі сабағы жиі өтіледі және емдік гимастика элементтері жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағында орындалатын жаттығулар анық көрсетілуі керек. Ал балалар жүргізіліп жатқан жаттығудын барлығын бірдей жасай алуы керек. Ол үшін есту қабілеті төмен баланың қасына көрмейтін баланы қатар қояды бұл балалардың денелері арқылы бір-бірін сезе отырып жаттығу жасауына мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі - бұл баланың тек бұлшық еттерін дамыту ғана емес сонымен қатар көптеген кемістіктерге коррекциялық жұмыс болып табылады. Әрбір мұғалім, әрбір тәрбиеші әр баланың медициналық нұсқаулығын білу керек. Баланың диагнозын негізге ала отырып дене тәрбиесін жүргізу керек.