КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған қосымша білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасына негізделген. Аталған Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуын қамтиды.
МАҚСАТЫ:
• Болашақ муғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өміржағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу.
• Әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету.
• Тыңдаушыларды оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға; түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуге жағдай жасау.
МІНДЕТТЕРІ:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының жеті модулі бойынша тұжырымдамалық түсінік қалыптастыру.
2. Оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында тыңдаушыларды мектеп көшбасшылығы тұжырымдамасымен және мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамыту қағидаттарымен таныстыру.
3. Тыңдаушыларды мұғалімдердің кәсіби желілік қоғамдастығы аясында жұмыс істеуге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |