Кіріспе қазақстан Республикасының педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған қосымша білім беру бағдарламасы


Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы



бет7/11
Дата07.04.2022
өлшемі29,94 Kb.
#30148
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
КІРІСПЕ МОДУЛЬ 1

Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы

Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы.

Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім диалог арқылы беріледі, оқушылардың сыныптағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен

және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал.

Александер (2008) диалогтік оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Диалогтік оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005),Велс (1999) және Вуд (1998) жұмыстарында бейнеленген. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауына және түсінбеушілікті жеңе

білуіне көмектесе алады. Оқушыларға сыныпта әртүрлі кеңейтілген диалогтерге қатысуға мүмкіндік берілсе, олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Бұл мүмкіндік олардың

тілді білімді құру құралы ретінде қолданудың жаңа тәсілдерін тәжірибеден өткізуге жол ашады.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет