Кіріспе бет I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық саяси құрылысы



бет3/4
Дата29.11.2022
өлшемі273 Kb.
#53580
1   2   3   4
Байланысты:
Дип.-Түрік-қағанаты

Зерттеу деректері. Ғалымдардың, тарихшылардың ғылыми еңбектері, жеке зерттеулері мен монографиялары, ғылыми көпшілік еңбектер, қоғамдық –саяси, ғылыми- көпшілік және арнайы басылымдар сондай – ақ интернет пен оқу әдістемелік және басқа да құжаттар болып табылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: тарихи, салыстырмалы түсіндіру және т.б.
Тәжірибелік құндылығы. Дилом жұмысының маңызы, оның тың мәліметтері мен ой тұжырымдары жаңаша көзқарасты қалыптастыруға себебін тигізеді және студенттер үшін білімділік қажеттіліктерін ары қарай дамытады. Осы жұмыстағы ой – тұжырымдар тарихи айғақтар және пайымдаулар ежелгі “ Қазақстан тарихы” пәндерін оқытуда қажетті дерек болып табылады.
Зертеу міндеті. Көне түркі империясының саяси тарихына қатысты мәселелерді ашып көрсету.
Зерттеу объектісі. «Өткенді білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес» -деп М.Горький айтып кеткендей бүгінгі таңдағы түркі халықтарының түп-тамыры болып табылаты көне түркі қағанатының саяси тарихы негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың байқап көрілуі. Дипломдық жұмыс “ Қазақстан тарихы” пәнінің семинар сабағынада талқыланды және негізгі нәтижелері жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік – гуманитарлық және географиялық, т.б. ғылымдар бойынша VIII - IX студенттердің ғылыми конференциясында баянадалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.
Жұмыстың келесі екінші тарауы “ Түркі қағанатының саяси тарихы” деп аталады. Бұл жерде түрік қағанатының сыртқы қарым –қатынасы қарастырылып, ежелгі түріктердің қысқа уақыт ішіндегі әлемдік дәрежедегі, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, қағанаттың сыртқы қарым – қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқаны көрсетіледі.
Қорытындысында империяның әлемдік империялар дәрежесінде болған ірі мемлекет екенін қарастыра отырып, қазіргі таңдағы түркітану ғылымындағы көзқарастар мен ой – тұжырымдар баяндалады.

I – Тарау.


Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы.





    1. Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші.

Түркілердің тарихы VII – VIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескертікштер – бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар Орхон – Енисей жазуы деп аталып кеткен Ескерткіштер VII – VIII ғасырлардағы түркі тайпаларының іргелі елі Түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған ( хан ), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.


Орхон – Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып ғалымдар назарына іліктерді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 неміс тіліне аударды. Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударды. [1 ]
Ескерткіш тестері Түркі қағандығы дәуірінде қолданылған түркі және Қытай жазуларымен екі тілде тас бетіне ойылып жазылған.
Бұл мұралар сол ежелгі дәуірдегі Еуразияның шетсіз – шексіз кең даласын жайлаған түркі халықтарының шаруашылық, қоғамдық - әлеуметтік, саяси және мәдени тіршілігі мен өмір салтын жан – жақты сипаттап көрсетеді. Сол тарихи кезеңнің тынысы, түркі халықтары өміріндегі ірілі – уақты оқиғалар, сол дәуірдің көрнекті мемлекет қайраткерлерінің тарихи істері белгілі бір белгілі бір дәрежеде баяндалған. Осы жағынан алғанда, Орхон – Енисей жазба ескерткіштері ішінен ерекше кезге түсетіндері ‘’ Күлтегін’’ , ‘’Білге қаған’’ ( 785 ) және ‘’ Тоныкөк ‘’ ( шамамен 726) жырлары. Бұл жырларды бірінші Түрік қағанатының 630 жыл күйреуімен , екінші Шығыс түркі қағанатының құрылуымен байланысты оқиғалар,Білге қаған, Елтеріс қағанның кеңесші – ақылгөй Тоныкөк пен Күлтегін батырдың ерліктері сөз болады.
Жырларда атап көрсетілгендей, ежелгі Түрік қағанаты негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекет. Ол рулық – тайпалық құрылымы жағынан бодундар, (он- оқ бодун) ретінде, әлеуметтік жағынан қаған – бектер, әскери – тайпалық ақсүйектер, қара халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі жағынан ел деп сипатталады.
Орхон – Енисей жазуларындағы басқа көңіл аударатын мәселе халық – тайпаларының тағдырының әрқилы болғандығы. [2] Әлбетте, олардың тағдыры өздерімен көршілес елдермен және өз ағайындарының тағдырымен тығыз байланысты еді. Сол жаугершілік дәуірдегі түркі халықтарының тіршілігі әсте жайбарақат емес – ті себебі, олар өздерінің алыс – жақын көршілерімен, кейде өздерінің туыстас тайпалармен жанжалдасып, жауласып отырған. Ежелгі Түркілер ат құлағында ойнаған жауынгер ел болған, жауласудан қорықпаған, олжа табу үшін, т.б себептермен алыс жақын көршілеріне, қарсы жорыққа шығып, жиі соғысып жүрген. ‘’ Тоныкөк’’ жырында: ‘’ Асусыз Алтай тауынан асып, өткелсіз Ертіс өзенінен өтіп, түркештерге шабуыл жасап, қағанын тұтқынға түсірдік, шадын өлтірдік’’ – дейді.
Үздіксіз жүргізілген соғыстар, сырттан болған шапқыншылық, алым -–салықтың ауыртпалығы, ішкі қайшылықтар мен тақ үшін қақтығыстар түркі елінің берекесін кетіріп, қатты әлсіреткен. Оның нәтижесі туралы жырда: ‘’ Түркі халқы қырылды, әлсіреді, жойылды. Түркі халқы жерінде тіршілік қалмады’’ – делінген. Бұл түркі халықтарының ішкі қайшылықтары ушығып, ел басына қара бұлт төнген кезі. Түркі кезінде Қытай империясының жансыздарының зымиян әрекеттері бел алды, олар түрік халықтарын бір – біріне айдап салды, ағайындарды – ағалар мен інілерді, халық пен бектерді өзара ұрыстырды, елде алауыздық пен сатқындық етек алған. Соның нәтижесінде түркі мемлекеттерінің берекесі кетіп, күйреп, ол патшалық құрушы қағанның басын жалмаған. Жырда Бірінші түрік қағанатының күйреуі (630 ж) оның басты себептері негізінен дұрыс баяндалған.
Әрине VI ғасырдың ортасында дүниеге келген Бірінші түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен күйреуі осы жыр жазылған уақыт ( шамамен 731 ж ) тұрғысынан алғанда атам заманда болып өткен оқиға болатынды. Дегенмен, Түркі қоғамы мен мемлекетінің қоғамдық – саяси мәселелерін баяндауда аталған жырларда шындықтан ауытқымауға, нақтылы тарихи көзқарас шеңберіне шықпауға ұмтылыс бары байқалады. Түркілер жайлаған орасан зор аймақта жауласумен қатар достасу, алыс – беріс, сауда, т. б. Сияқты қоғамдық – әлеуметтік, саяси қарым – қатынастар тоқтамай жүріп отырған. Өмір өзінің қалыпты арнасына түсіп елдің экономикалық және саяси қуатының артуы күшейген. Осыған байланысты жырда: ‘’ Еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды’’ делінеді. [ 3 ]
Аталған жырлардағы тағы бір маңызды мәселе: ел көсемі – қағанның қолбасшының, ақылгөй – кеңесшінің, бектер мен қара халықтың өзара қарым – қатынасы орынды көтеріледі.Сондықтан жазбаларда әміршінің ақылды саясаты мен билігі, ел басшысына деген халықтың көңіл – күйі, құрметі, т.б. туралы көп айтылады. Қаған: ‘’ Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым’’ – дейді. Әрине қай дәуірде болсын, елді өз билігіне бағындыру, көндіру үшін басшыға деген сенім, бедел қажет.
Орхон – Енисей жазуларына қарағанда, түркі халықтары алыс- жақын көршілермен – елдермен, мемлекеттермен әртүрлі қатынастарда болғандығы, олар сол дәуір шеңберінде қарым – қатынастардың маңызды талаптары мен принциптерін жүзеге асыра білгендігі және оларды белгілі – бір деңгейде ұстай білгендігі байқалады. [ 4 ] Түркілердің сол замандағы әлемнің ең қуатты, күшті мемлекеттеріне өздерін сыйлата алатындығы айдан анық. Оны біз Күлтегін марқұм болғанда Түркі қағанатына әлемнің түкпір – түкпірінен көңіл айтушы өкіл, елшілердің келгенін, яки Қытайдан, табғаш, Қырғыз қағандығанан өкіл елшілердің келуінен көреміз.
Орхон – Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарай көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсекте, мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар - өздерін түркіміз деп есептеген VI Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген халықтың еншісі.
Әйгілі ғалым Л.Н Гумилев айтқандай, ұлы даладағы көшпенділер империясы көп ғасырлар бойы төңірегіндегі отырықшы елдердің қай – қайсысының да экономикалық – мәдени дамуына елеулі ықпал етіп, тарихында өшпес іздерін қалдырып отырған. Оны біз Орхон – Енисей жазбаларынан айқын көреміз. Ежелгі дәуір мұралары бізге сонысымен де құнды.
1.2. Түрік қағанатының құрылуы және территориясы.

VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түркі империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.


‘’ Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің ‘’ Көне түріктер’’ деген іргелі зерттеуінде [ 5 ]. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
‘’ Түрік’’ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. [ 6 ]
Ұлы далада Түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: “ Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің балаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті”. Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы Түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.
‘’ Түрік’ этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Қытайдың Вэй княздігінің солтүстік өңірлеріне Солтүстік – батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. [ 7 ] Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуының өзек болған оқиғаларға байланысты.
Түркі қағанатына 552 – 744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі( ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз болатын. [ 8]
Түркі аңыздарымен Қытай тарихында Ашина Шығыс Түркістанда өмір сүрген кезде өздеріне жаңа бір этникалық топты қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласып кетті деген деректер бар. III ғасырдың соңынан 460 жылға дейін аумақта ашиналармен бірге Иран (соғды) және Тохар
( индоеуропалық) тілдес тайпалар мекендейді. Олар белгі бір дәрежеде ашина тайпасының тілі мен мәдениетінің қалыптасуна әсер еткен. Бұл кездері соғдылар аумағы бүкіл Ұлы жібек жолы бойымен Қытайдың ішкі қалаларына дейінгі аралықты алып жатты. Олардың ішіндегі ең ірісі Қытай тарихында ‘’ теле’’ деген атпен белгілі болған ірі тайпалар бірлестігіне кірген оғыздардың тайпалық одағы еді. IV – V ғасырларда осы бірлестікке кірген көптеген тайпалар Еуразия даласының Батыс жағында да пайда болды. Олардың негізгі аумағы Жоңғария мен Хинган жоталары болған еді. Түркілердің мәдениеті мен мемлекетіне аса зор ықпал еткен түркі – соғды тілдерінің жақындасуы дәл осы кезден басталды. Демек түріктер Л.Гумилевтың атап көрсеткеніндей тайпалардың этникалық араласуы нәтижесінде V ғасырдың аяғында пайда болған . Келгіншілердің жергілікті халықпен біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін,546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер деп аталатын тұтас бір халық боып шыға келеді. Сөйтіп, Қытайлар Тумынь деп атаған ( түркі жазбасында Бумынь) империяның негізін қалаушы болып табылды.
Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао – Хуань жужан ханы Анағуймен және Тоғон ханы Куалүймен одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші – бақталасы Юйвынь Тайды қысады: алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь – ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік қағаны Бумынға жібереді [ 9 ].
545 жылы Түріктерге келген елші қуанышпен қарсы алынды.’’ Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді’’ – деп бірін – бірі құттықтай бастайды.
Халқының көңіл күйіне бейімделген Бумынь өз алдияры – Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту таралғымен елшілерді аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады.
546 жылы теле тайпалары қазіргі Монғолияның Оңтүстігі мен Орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға ( жуань- жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген теле әскерінің сан жағынан қаншалықты көп болған белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені телелердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштерімен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түркі қағаны Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бей – берекет жатқан теле әскерін қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, телелерді 50 мыңнан астам әсокерін түркілер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құқығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзін - өзі жеңушінің әскеріне қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағаны Анағуйға келіп, авар қағанының қызын Бумыньға әйелдікке бер деп үзілді – кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағуй: ‘’ Маған бас иетін – вассал бұлай деуге қайтіп дәтің барды?’’ – деп Бумынға жаулаушыларын жібереді [ 10 ]. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Хан бетін қайырғасын Бумынь жәбірленуші болып шыға келеді, оған керегі де сол. Ымыраға келу жолын кесіп тастау үшін ол жужан елшісін жазалауға әмір етеді, енді осы арада оған Батыс Вэй үйімен жасаған одағы бірден кәдеге асты. Ол дереу Вэнь – димен қайтадан келіссөз жүргізіп, 551 жылдың жазында Қытай ханының қызы Чанлені әйелдікке алады, бұл оның көшпелілер арасындағы абырой – беделін біржолата арттыра түседі. Тосыннан шабуыл жасаудың артықшылығын пайданалануға тырысқан Бумынь 552 жылдың қысында жорыққа шығады да, жужандарды толығынан жеңіп шығады. Анағуй өзін - өзі өлтіреді, ал оның ұлы Яньлочен одақтасы циліктерге қашып кетеді [ 11 ].
Осы кезден бастап түрік билеп – төстеушілері қағандар атағын алады. Сөйтіп, аварлардың бұрынғы күш – қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. Бумын Ильхан ( Ельхан) лауазымын алады, бірақ 552 жылдың аяғында қайтыс болады [8]. Таққа оның баласы ( кейбір деректерде оның інісі делінеді) Қара Ыссық ( Қара – Еске) отырады, оның бастауымен Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат ( Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара – Еске жұмбақ жағдайда қайтыс болады. Қара – Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болады.
Мұқан қаған таққа отырысымен, әкесі мен ағасының ел басқарудағы жүргізген саясатын әрі жалғап, қағанаттың ішкі тәртібін нығайтумен бірге, мемлекеттің іргесін кеңейтіп, еліне ел, жеріне жер қосуды мақсат етіп, төңірегіндегі елдерді жаулап алуға кіріседі. Бұл бағыттағы ісін ол, алдымен, жыужандардың қалғандарының көзін жоюдан бастайды. Әскерін тікелей өзі бастап барып, жыужандардың Дуншу сылиін талқандайды. Дыншу сыли соңына ерген елден, мал – мүліктен түгел айырылып, аман қалған үш мың жауынгерімен қашып барып, Батыс Вэй империясының қол астына тығылады.
Бұдан кейін жыужандар тарапынан әзірге келер қауіп жоғына көзі жеткізген Мұқан қаған енді ат басын батыстағы күшті көршісі идалдарды (эфталиттерді) жаулап алуға бұрды. Тәуелсіздікке жаңа қол жеткізіп, мемлекетін қалыптастырып жатқан түріктер тарапынан өздеріне басқыншылық шабуыл болады деп күтпеген идалдар қамсыз еді. Сол қамсыздықтың зардабын шеккен олар түріктерден күйрей жеңіліп, ата мекендерін тастай қашып, батысқа қоныс аударады.
Бұл Мұқан қағанның билік тізгінін қолға алғаннан кейінгі алғашқы ірі жеңісі еді. Ол осындай ұлы жеңіспен рухтанған әскерін бастап келіп, енді Шығыстағы мықты көршілерді чидандарға (қидандарға) тиіседі. Сөйтіп, олардың да күш біріктіріп, қарсыласуына мүмкіндік бермей, ата мекендерінен қуып шығырды.
Бұдан кейін ол сол бетінде кідірмей, теріскей шетте жатқан қырғыздарды да (чигудіде) жаулап алады.
Мұқан қағанның Ұлы Даладағы жорықтарын жергілікті халықтар жаулап алудан гөрі түрік тектес халықтарды біріктіру мақсатындағы жорық деп қабылдағанын көрсетеді. Билігінен айырылғысы келмеген шағын топтың болымсыз қарсылығы болмаса, Мұқан қағанның қалың бұқара қарсылығын көрмей, айтулы ірі жеңістерге соншалықты тез жетуінің сыры да осында болса керек.
Мықты деп есептелінетін көрші елдердің бірінен соң бірін бағындырып, жолындағысыынң бәрін жапырып, жайпапа өте шығатын жойқын тасқын селдей тойтарыс көрмей келе жатқан Мұқан қағанның сұрапыл қимылдарынан қарадай зәресі ұшқан шекара сыртындағы басқа шағын елдер бұдан кейін оның айбынынан именіп, елшілерін жіберіп, өздерінің еріктерімен қағанат құрамына кіретіндіктерін жарыса хабарлай бастайды.
Мұқан қаған әуелі батысындағы көршісі идалдарды талқандааудан бастап, содан кейін шығыстағы көршісі чидандарды ата мекнінен қуып шығып, Сары теңізге қарай айдап салады. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде, мемлекеттінің іргесін айтарлықтай кеңейтіп, шығыста Лиау – хайдан батысқа қарай Си- хайға дейін он мың ли, оңтүстікте шөл даладан солтүстікке қарай Бэй ханға дейін 5 – 6 мың ли жерді иеленді. Осылайша Түрік елі шын мәніндегі Ұлы қағанатқа айналады. Бұған дейін айдап салудың азғыруына еріп бір - бірімен қырқысып жатқан ұсақ хандықтар, тайпалар “Түрік” деп аталатын қоғамдық ірі бірліке ие болды. Осы бірлік арқылы олар өздерінің құдіретті қуатын сезінді. Жаңа өркениет – Түрік өркениеті туды. Ұлы дала тұрғындары ортақ бір тілде- түрік тілінде сөйледі. Түрік халықтарының бәріне ортақ өз жазуы – Түрік жазуы жүйелене жетілдіріліп, халықаралық қатынаста қолданыла бастады.
Елінің күшейіп, қуатының артқанын толық сезінген Мұқан қаған енді Батыс Вэй империясына арнайы елші жіберіп, қол астына барып паналаған Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды өзіне шығарып беруді талап етеді. Шығыс Вэй мен аралары бұрынғыдан да ушығып, әскери арбалар қозғалысқа түсіп тұрғанда, күні өтіп, енді жеке ел болудан қалған шешуші шайқасқа серік болуға шамасы жоқ Дыншу сылиді қорғаймын деп, қаһарлы көршісін өзіне қарсы қойып алудан қорықан, бұл кезде бар билікті өз қолына алған Үй-він Тай амалсыз Мұқан қағанның талабын орындауға мәжбүр болады. Сөйтіп, олар Дыншу сыли бастаған үш мың жыужанды Батыс Вэй империясының астанасы Чанан қаласының шығыс жақ қақпасынан (көк қақпадан) шығарып, Түріктердің қолына береді. Талай жыл жыужандардың қорлығын көріп, қанына қарайып қалған түріктер оларды сол жерде жас балаларына басқасын түгел қырып салады.
Осылайша күні кеше ғана бүкіл далаға дара қожалық жасап, әмірін жүргізіп тұрған құдіретті Жыужан қағандығының соңғы қағаны бастаған үш мың адамы, ең болмаса, қолдарына қару алып, жауларымен жағаласып та өле алмай, қорлықпен мерт болады.
Бұдан кейін Түрік қағанатының жағдайы бұрынғыдан да жақсара түседі. Шығыстан енді оған иық теңестіріп қарсы тұрар күш жоқ еді.
Мұның бәрі 552 – 554 жылдардың арасында болған. Жаңа хан қатал да рақымсыз, батыр да ақылды болады және соғыстан өзге ештеңемен де шұғылданбайды. 553 жылдың күзі бітер кезде ол жыужандарды тағы да жеңеді. Ци императоры өзінің бақытсыз одақтастарын қабылдап, оларды өкшелеп келе жатқан түріктерді тойтарып тастайды. Бірақ жыужандар Қытайлармен санаспайды. Өздерінің малынан, дүние мүлкінен айырылған, еңбек – бейнетке үйренбеген олар қарақшылық жасай бастайды да, Ци үкіметі 554 жылдың көктемінде оларға қарсы әскер жібереді. Жужандар тағы да жеңіледі. Сосын 555 жылдың жазында Ци импреаторы оларды өз жерінен түзге қуып жібереді де, жыужандарды сонда түріктер тас – талқан етеді. Жуан –жуандардың бір бөлігі Кореямен Солтүстік Қытайға қашады, ал бір бөлігі батысқа келіп “аварлар” деген атпен орнығып қалады. Жыужандар сөйтіп құрып бітеді де, түріктер ұлы Даланың бүкіл Шығыс бөлігінің қожасына айналады. Жужандарды талқандағаннан кейін, түріктер өздерінің көшпелі көршілеріне қарсы әрекеттер жасауға кіріседі .
Бумын қаған мен Қара Еске қағанның мұрагері Мұқан қаған (553 – 572) Оңтүстік батыс Маньчжуриядағы монғолдың қидан тайпсы мен Енисейдің алу арқылы елінің Орталық Азия мен Оңтүстік Cібірдегі билігін түпкілікті етеді.[12]
VI ғасырдың 70 жылдары түрік әскері шалғайдағы Қара теңіз жағалауындағы Боспорға жорық жжасап, оны басып алады. Сондай – ақ осы жылдары қағанат Солтүстік Қытай мемлекеттері – Солтүстік Чжоумен Солтүстік Циді бағындырады. Мұны айқындайтын бір себеп, одақ жөніндегі шарт бойынша, Чжоу империясы түріктерге жыл сайын 100 мың кез жібек төлеуге мәжбүр болды.
572 жылы Мұқан қаған қайтыс болады. Оның інісі, әрі мұрагері Тобохан Чжоу империясымен қатынасын үзбей, Ци империясымен бітімге келеді. Чжоу салық жарнасын төлеуден бас тартқан кезде, бұрынғы жағдайдың қалпына келуі үшін түріктердің әскер күшімен сес көрсетуінің өзі жеткілікті болады. Түріктер жортылуынан қорыққан Ци империясы бітім салығын төлеймін деп күллі қазынасын сарқады. Бұл мемлекеттердің тәуелділігі Мұқан мұрагері Таспар ( Тобохан) қаған кезінде тіпті күшейе түсті. Таспар қаған: Тек Оңтүстіктегі екі бала ( Чжоу мен Ци) бізге бағынышты болып тұрса болғаны, онда кедейліктен қорықпаймыз – дейді екен [13 ] .
Ұлы Түркі қағандығы өте қысқа мерзім ішінде Сары теңіз бен Қара теңіз арасында жатқан тайпаларды біріктіріп бір орталыққа қаратады – сол өлкені еркін жайлаған соғдылар Түркі қағандығына қарсы тұра алмайды.
Қытайдың қазіргі солтүстік – шығысындағы өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлан - байтақ өңірде Түркі қағандығы құрылып, басқару ордасы Орхон өзенінің бойына орналасады. Монғолияны, Орта Азияны мекендеген түркі тілдес тайпалар мен ұлыстар Түркі қағандығына бағынады.



    1. Көне Түріктердің мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі.

Ерте Түрік мемлекеттері дамыған қоғамдық – саяси жағдайда өмір сүрді. Түріктердің бірнеше мемлекеттері болғанымен олардың ішкі саяси құрылысы, тұрмысы мен шаруашылығы ұқсас, тілдері мен мәдениеті бірдей еді. Түріктер қоғамында дамыған мемлекеттің барлық белгілері болды.


Көне Түркі мемлекеттерінің ең жоғарғы билік иесі – Тәңір текті Ұлы Қаған. Өкіметтің де, үкіметтің де жарлығын, үкімін, шешімін қабылджаушы бірінші адам – қаған. Қаған әскер басылары мен мемлекеттік аппаратты және ұлыстарды билеген бектерді, жадтарды, елтеберлер мен жабғуларды т.б. бекітті, орнынан босатты. Сондай – ақ қаған жайылымдарды бөлуге басшылық жасап, көшіп – қону бағыттарын анықтады. Қаған мемлекеттегі жоғарғы сот билігін жүргізуші де болды. Елдегі құқықтық тәртіптің ережелерін бекітті.
Түрік қағандары Ашина әулетінен тарағандардан ғана сайланатын . Қытай мәліметтеріне қарағанда елде ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып. Күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып, дереу жібек бұғау салып, оны қрлма – қол босаңсытып одан неше жыл хан болғың келеді?’’ – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзіміне анықтау ісінде қандай рөл атқарғаны жайлы түріктер тарихында онша мәлім емес. Бәрінен де дұрысы, бұл әдет хан тйпа көсемі болып саналатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж – нақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған [14].
Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері отыратын. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайына бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады.Ол әлеметтік фратриядан шыққан шонжарларға сүйенді. Қаған тек билеші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі болды.Алайда көшпелі қоғам жағдайында билік негізінен алғанда жереге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді [15].
Қаған сондай – ақ жоғарғы абыздың да рөлін атқарды. Кейбір деректерде қағанның” аспан тектес” , “аспаннан жаратылғаны“ туралы да көп айтылған. Осыған қарағанда қаған әулетінің артықшылығы үнемі дәріптеліп, көне түрік жазбаларында қаған мен бектерді халықтың құрмет қылып сайлауы қажет екендігі, тек қаған мен оның әулетінің “ халықты асырауға” қабілетті екендігі жазылған. Мәселен Мұқан қаған (553 – 572) “ халықты жақсы тойындырды” десе, Білге қаған туралы “ жалаңаш халықты киіндірді” , “ Аш халықты тойындырды” , “ Кедей халықты ауқатты етті”, соның арқасында “ Түрік халқы көп нәрсеге қол жеткізді” , ол және оның інісі Күлтегін “ Түрік халқы үшін күндіз әрекет жасап, түнде ұйықтамады” деп жазылған.
Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жабғы болған. Түптеп келгенде, жағбы ханның бас уәзірі, бұл қызметте көбінесе хандық құрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған.
Қағанның жанында қаған әулетінің белді мүшелерінен, әскер басылар мен ұлыстар басшыларынан, т.б. беделді қоғам мүшелеріне тұратын қаған кеңесі болған. Көне дәстүр бойынша қаған өзін орнынан сырғытып жіберуге құқылы кеңестің шешімін жоққа шығара алмайтын [16]. Қағанның билігін осындай шектеу мемлекеттің тек алғашқы кезеңінде орын алған болса керек. Қаған шынында мүшелерін өзі тағайындайтын қаған жанындағы кеңеске ешқандай тәуелді болмаған.
Қаған билігі билеуші әулет ішінде мұраға беріліп отырған. Биліктің атадан балаға ғана емес, ағадан жақсы үлгілі ініге берілу дәстүрі осы Түркі қағандықтары тұсында қалыптасқан. Биліктің дәл кімге берілуі көп жағдайда нақты қалыптасқан әлеуметтік –саяси жағдайға қарай шешіліп отырған деп тұжырымдауға болады [17].
Мәселен Құтлық (Елтеріс) (679 – 691) қағаннан соң оның інісі Қапаған қаған (691 –716), одон соң елді Білге қаған мен оның інісі Күлтегін басқарды. Қағанның билігі ағадан ініге өтетін болғандықтан жаңа қағанды елдің беделді адамдардың жиыны сайлап қойған. Ал билік атадан балаға тікелей мұрагерлік жолмен өткенде сайлаудың ешқандай қажеті болмады. Көне Түркі қағанаттарының да қалыптасқан хан сайлаудың мұндай дәстүрі кейін қазақ хандарын сайлау кезінде жалғасты.
Көшпелі Түрік қағанатының ел басқару құрылымы үштік жүйеге негізделген. Олар қағанатты тардуш(оң қанат), төлес (сол қанат) және ічрекі (орталық) деп үшке бөлген.
Күлтегін мәтініне жүгінсек:
Ілгері “оңтүстіке), кейін (солтүстіккке) аттанып жинады, басын қосты (жинақтады). Барлығы жеті жүз ер ( сарбаз) болды. Жеті жүз ер бас қосқанда елін аңсаған халыққа, құлданған, күнденген халыққа Түрік төрінен (өкіметінен) айырылған халыққа, Ата – бабам төрін (өкіметін) құрып орнықтырды. Төлес, Тардуш қанатқа (бөліп), шабғу, шад (ат) берді.
Қағанатты Тардуш Төлес қанатқа бөліп басшыларына шабғу, шад лауазымы сыйлағанын мәлімдеген. [ 18]
Далалық көшпелі қағанаттардың ел басқару жүйесін отырықшы елдердің жүйесімен салыстыруға келмейді. Екеуі екі бөлек әлем. Әрине бірінен бірінің үйренгені, алғаны бар.
Еуразия құрлығының қақ ортасын көктей тіліп орналасқан көшпелілер империясы шығысы Хянган жотасынан, батысы Жерорта теңізіне дейін, оңтүстігі Тибеттен, сотүстігі Сібірге дейінгі өлкені алып жатты. Бұлардың шаруашылығының негізігі кәсібі бері айтсақ үш мың жыл бойы мал шаруашылығы болды. Бір текті этникалық процесстің экономикалық тұғыры осы мал шаруашылығы еді. Ол әлемдегі түркі тектес халықтардың этникалық жаратылысын қалыптастырған негізгі фактор. Әрине, мал мал шаруашылығымен қоса оңтүстікте егін, солтүстігінде аң шаруашылықтары айтарлықтай өрістегенмен оның үлесі мал шаруашылығының үштен бірінен аспады. Экономикалық осы тұғырға негізделген көшпелілер дүние танымы, наным – сенімі, этникалық дәстүрі (қандас – туыстық жалғастығы) сол мал шаруашылығы құрылымын үш мың жыл бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғаса отырып, дәстүрге айналған.
Далалық көшпелелілердің атқарушы үкімет жүйесі мен әскери басшылығы араласып кеткен. Өйткені көшпелі өмір салты, шаруашылықты жүргізу, ұйымдастыру, кеңістік пен уақытты игеру ерекшілігі осыған бейімделген. Сондықтан Еуропа зерттеушілері Еуразия көшпелілерінің мемлекетін әскери аристократия деп атаған. Зерттеу барысында көне және орта ғасырлық көшпелілер мемлекетінің ел басқару құрылымын әсркери - әкімшілік жүйеге құрылғанына көзіміз жетіп отыр.
Деректерді алға тартсақ, Түркі қағанатының ічрекі деп аталған орталық Ел – етміш білге қағанның үлес еншісі (құтлығы).Бірақ оның барлық ісін Бойла Баға Тарқан лауазымды іч – Бұйрық (Орталық қанаттың қолбасшысы) жүргізіп отырған. Ол бейбіт өмірде шаруашылығын жүргшізсе, соғыс уақытында бүкіл қолды бастаған. Тардуш, Төлес қанатының ябғу, шад лауазымды басшылары да дәл солай үкіметтік және әскери қызметін қатар жүргізіп отырған.
Осы қанаттарға тайпалар мен тайпалар одағын бөліп орналастырып, олардың жоғарыдағы Ічрекі, Тардуш, Төлес қанат басшыларының үлесіне бөліп берген. Қанаттардың қол астындағы тайпалар қаласа да, қаламаса да оған басыбайлы болған. Оның себебі, шаруашылықы игеру ерекшелігіне байланысты, әрі үкіметті басқару жүйесі көшпелілер ортасында осылайша қалыптасқан. Егер қандай бір адам өз тайпасынан шығып басқа тайпаға баратын болса, олрдың ішіне өмір сүретін болмыс та, орын да жоқ. Өйткені “ кірме” деген атпен адами психология жағынан да, өмір сүру, тірі жүріп тіршілік ету көзі болған шаруашылық – экономика жағынан да қысым көріп отыратын болған. Ешкім кірменің жаттың жоғын жоқтап, құқығын қорғамайды.Түркілер дәуіріне қандай адам бомасын өз тайпасынан шығып кетуге құқылы. Бірақ жат тайпаның ішіне кіріп өмір сүру мүмкіндігі жоқ. Далалық басқару жүйесі осылай құрылған. Сонау ерте заманнан дәстүр болып жалғасқан ата жолы бойынша берілген енші ел иелері қол астындағы елін, жұртын бейбіт кезде де, соғыс кезінде де басқарып, әкімшілік және әскери істі қатар жүргізіп отырған.
Осылапйша қағанат ішіндегі қанаттар ары қарай тайпаға, тайпа ішінен руға, ру мен ру арасынан біріктіріп ебке ( курень – лагерге) бөліп әкімшілік атқару жұмыстарын жүргізіп, халықтан алатын салықты алып, жер бөлісін жолғп қойып, адам күшін ілкімді ұйымдастырып, өкімет аппаратын іске жегіп келді.
Жоғарыдағы жүйені схемамен көрсетсек:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет