І.ІІ. АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер бойынша беріледі:
Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.
Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады
Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:
1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |