Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады



Pdf көрінісі
бет19/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#118767
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынандай ерекшеліктері болады: 
Күрделі
. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі 
сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. 
Формалды.
Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, 
жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. 
Нақты
. Академиялық хатта ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. 
Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 адам» деп нақты санын 
көрсету қажет. 
Обьективті.
Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субьективті пікір ұстанбауы тиіс. 
Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың
мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. 


20 
Академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не 
жасалғаны қызықтырады. Сондықтан «менің ойымша», «мен сенемін», «мен», «менің», «менікі» 
деген сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. 
Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. 
Мысалы, «менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның 
орнына «жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «сіз», «сен» деген сілтеу 
есімдіктерін қолданбаған дұрыс. 
Шектеулі.
Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. 
Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман 
қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. 
Жауапкершілікті.
Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Мәтіндегі түрлі қателіктер мен 
келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу 
барысында 
плагиаттық
жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай 
қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек. 
Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті тілмен жазылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет