Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың басты мақсаты – айбынды қолбасшы, дана саясатшы, өз ұлтының адал ұлы, бөтен жерде жүрсе де өгей ұлдай болмаған Бейбарыс бабамыздың қиын да қызықты, ғибраты мол өмір жолы туралы деректерді жинақтап, оны кейінгі ұрпағына там-тұмдап болса да жеткізу болып табылады. Бейбарыстай айбарлы да көреген бабамыздың халқымызға үлгі боларлық қасиеттерін бүгінгі ұрпаққа паш ету – біздің абыройлы міндетіміз. Ата-бабаларымыздың мұрасын білу, біліп қана қоймай, оны зерттеп, оған ие болу, қастерлеу бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы екені даусыз. Себебі, Бауыржан Момышұлы сөзімен айтсақ: “Бұрынғы дәстүрді, бұрынғы жасаған ерліктерді білмей, қадірлемей тұрып, жаңа ерліктерге шақыру бекершілік”.