Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы


Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анель последний вариант

Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Жеке қор құжаттары осы күнге 
дейін кӛп зерттелмеген мәселелердің қатарында болып табылады. Қазақстан-
ның тарихнамасында жеке тұлғатану бағыты қалыптасқан, ал осы бағытты 
айқын кӛрсететін дереккӛздерінің бірі – жеке тектік құжаттар. Осы құжаттар-
дың пайда болуы, олардың шығуына әсер еткен саяси және әлеуметтік фактор-
ларды зерттеу, оларды ғылыми айналымға енгізу қазіргі таңдағы деректану 
ғылымының сұранысы. 
Осы тақырып аясында аса маңызды еңбектердің бірі болып зерттеуші 
ғалымдар А.Н Артизов және де С.Д. Мякушевтің арнайы «Сохранение и 
использование документов по личному составу: прошлое, настоящее и 
будущее» [1] атты мақаласын ерекше атап ӛткеніміз жӛн. Авторлар бұл мақала-
ларында жеке адамның қызметін қамтитын белгілі бір құжаттардың кешенін 
негізге ала отырып, жеке тектік құжаттарды жинау мен сақтаудың алғашқы 
кездері тұрмыстық қажеттіліктерден туындаған сұраныстардың нәтижесі деп 
кӛрсетеді. 
Жеке архив қоры құжаттарын жинау мен сақтауға арналған арнайы 
мемлекеттік заң актілеріне талдау жасай келе авторлар ірі-ірі тарихи оқиға-
ларды баяндап ӛткен. Сонымен бірге, жеке тектік құжаттарға арналған ортақ 
сақтау орындарының болмауы салдарынан құжаттардың кӛбісінің физикалық 
күйінің бүлінгенін және де ол ӛз кезегінде құжаттардың жүйелі қалыптасуына 
алып келгеніне шолу жасағанын байқаймыз. 
Сонымен қоса ӛз еліміздің зерттеуші, ізденушілерінен Гулзағира Ӛтен 
жеке тұлғаның дерек кӛздеріне деректанулық талдау жасай отырып, жеке дерек 
кӛздеріне жататын заманхат және естелік құжаттарына анықтама беріп ӛткен 
[2]. Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі жеке тектік қорларды 
қалыптастыру және олармен атқарылатын жұмыстардың мәселелері жекеленген 
авторлардың еңбектерінде ерекше сипатталады. Осы мәселелерді арнайы 



зерттеушілердің бірі Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Жеке тек-
тік қорлар басқармасының басшысы және де тарих ғылымдарының кандидаты 
Т.Е. Әбілованың мақалаларын да атай аламыз. Автор жеке тектік құжаттармен 
толықтыру дереккӛздерінің тізіміне назар аударған, сонымен қоса жеке 
тұлғаларды анықтау және де олармен жұмыс жүргізу тәсілдеріне тоқталған [3]. 
Аталған еңбектерден бӛлек тағы бір аса маңызды еңбектердің бірі болып 
табылатын зерттеуші С.С Дмитириевтің «Личные архивные фонды. Виды и 
значение их исторических источников» [4] атты арнайы мақаласын да 
қарастыратын болсақ. Бұл еңбегінде автор жеке қор терминіне анықтама бере 
отырып, жеке тектік құжаттардың түрлеріне тоқталып ӛткен. 
Зерттеуші А.С. Федотов болса ӛзінің «Актуальные вопросы собирания 
личных фондов» [5] атты ғылыми мақаласында нарықтық қатынастардың 
қалыптасуына байланысты мемлекеттік сақтауға кӛптеген жеке қорлардың 
сатып алынуына орай, ұлттық құндылықтарға жеткілікті қаржының бӛлінуі 
керек екеніндігін тілге тиек еткен. Сонымен қатар А. С. Федотов зерттеу еңбегі-
нен тағы бір байқар ерекшеліктің бірі – құжаттармен бірге заттай дерек кӛз-
дерін де жинау, ӛңдеу, есепке алу секілді мәселелерді де тарқата жазған. 
Жеке тектік құжаттар туралы кӛптеген әдебиеттер мен зерттеулердің 
арасында кездесетін дерек кӛздерінің тарихнамасын талдауға арналаған еңбек-
тер сирек кездеседі. Аталған мәселенің негізі бойынша зерттеушілердің ішінде 
Э.В. Колосовтың «Личные архивы историков и историография» [6] деген 
тақырыптағы мақаласын да алуға болады. Автор онда жеке қорларға тән анық-
талған тарихи деректердің түрлері, жекеленген жеке қорлар мен біртекті жеке 
қорларға қатысты да деректанулық анализдер туралы бірқатар еңбектерге 
тоқталған. Және де ол әр талдауды қорытындылай келіп, зерттеушілерге жеке 
қор материалдарының баға жетпес құндылықтарын атап кӛрсетуге тырысқан. 
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ішінде Жеке тектік қорлар 
басқармасының бас сарапшысы қызметкері Ә.Т. Сүлейменованың «Тұлғалар 
туралы құжатты жинақтарды жеке тектік қорлар негізінде дайындау жӛніндегі 
жадуал» [7] нұсқаулығын да қарастырдық. Онда автор құжаттарды іздеп табу, 
оларды жарияланымға іріктеу, жеке тұлғаның құжаттарын басылымға беру 
кезіндегі атқарылатын іріктеу жұмыстары туралы мәселелерді алға тартқан. 
Жеке тектік құжаттардың құқықтық, генеологиялық, тарихи-ӛмірбаяндық 
аспектілеріне тоқталып, « Бұл құжат топтарының тым болмаса құқықтық 
дәрежесін кӛтерсек үлкен жетістік болар еді», – дейді зерттеуші, ресейлік 
ғалым О. Г. Леонтьева [8]. 
Л. Г. Сырченконың еңбегін де ерекше атап ӛтуге болады. Әсіресе оның 
«Личные фонды деятелей русской литературы и искусства в архивах СССР» [9] 
еңбегі Москвада 1985 жылы жарық кӛрді. Бұл еңбегінде автор жеке тектік 
құжаттардың архив құрамында ұйымдастырылуымен қатар архивтарды жеке 
тектік құжаттармен толықтыру мәселесін талдаған. Одан ары қарай жеке тектік 
құжаттар туралы архив анықтамаларының жариялану жағына баса назар 
аударған. 



Жaн-жaққa шaшырaп, нақты жүйеленбеген, жоғалып кету қаупі тӛніп 
тұрған, қорларды құжаттармен қaйтaдaн толықтыру мәселесіне назар аударған 
зерттеуші Т.М. Горяевaның «Проблемa собирaния документов личного 
происхождения: кaк мы ее понимaем сегодня» [10] тақырыбындағы мaқaлa-
сындa біршaмa тоқталып ӛткендігін де байқай аламыз. «Соңғы уaқыттa жеке 
тектік құжaттaрды aқпaрaттық қолдaну мен олaрды жинaу мәселесі тӛңірегінде 
кӛптеген дискуссия орын aлып отыр. Бұл белгілі тұлғaлaрдың қызметі мен 
ӛміріне деген сұрaныстың ӛскенін aңғaртaды. Революцияғa дейінгі қaбылдaнғaн 
құжaттaр ӛте жүйесіз қaбылдaнғaн. Оғaн себеп, ол кезде құжaттaрмен жұмыс 
жaсaйтын мaмaн-кaдрлaр жоқтың қaсы болды», – деп кӛрсетіледі. 
«Жеке қор құжаттарының деректік маңызы» [11] осы тақырыптың зерттелу 
аясында О.Х.Мұхатова, А.С. Ысқақ, А. Максымканованың дайындап, 
жариялаған оқу құралын да кӛзімізден тыс қалдырмадық. Оқу құралының 
мазмұнында Қазақстандағы жалпы жеке архив қорларының қалыптасу тарихы 
баяндалады. Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорындағы жеке тектік 
құжаттардың ерекшеліктері анықталады. Және де Қазақстан Республикасы 
Орталық мемлекеттік архиві жеке қорларының құрамы, олардың жіктелуі 
кӛрсетіледі. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техника-
лық құжаттама архивінің жеке қорларының маңызына баға беріледі. Және 
Алматы қаласы мемлекеттік архивінің жеке қорларына сипаттама беріліп. 
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жеке және отбасылық архив 
қорларының қалыптасу тарихы және жеке қорлар құрамына шолу жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет