Кіріспе Дипломдық жобаның өзектілігі


Топ мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама



бет3/3
Дата12.06.2022
өлшемі25,96 Kb.
#36720
түріДиплом
1   2   3
Топ мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама:
Жобаның «Түбір етістіктің табиғаты» бөлімін дайындаған: Тұрғанбаева Қарлығаш пен Рамазан Малика, Серікболсын Гүлзат.
Жобаның «Түбір етістіктерді жалпы орта білім беру мектептерінде оқытудың тиімді әдістері» бөлімін дайындаған: Тұрғанбаева Қарлығаш пен Рамазан Малика, Серікболсын Гүлзат.
Жобаны жүзеге асыру кезеңдері:
Жұмыстың бірінші кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша түбір етістіктің зерттелуіне қатысты ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектер мен зерттеулерге шолу жасалынды. Зерттеудің алғышарты, оны шешудің жолдары, мақсат-міндеттері анықталды, зерттеуге қажет дереккөздер жинақталды. Түбір етістіктерге құрылымдық және когнитивті семантикалық талдау жасалды. Толығымен ғылыми жобаның мазмұны түзілді (күнтізбелік кестеге сай).
Екінші кезеңде негізгі білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәніне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасында етістікті оқыту ерекшелігі, түбір етістіктердің 6 сыныптарда берілу ерекшелігі сараланды. Түбір етістікті жан-жақты зерттеу және талдау жүзеге асырылып, ғылыми жоба тұжырымдалды. Түбір етістіктерді орта мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі жасалып, оны оқытудың тиімді жолдары қарастырылды. Тәжірбиелік жұмыс көрсеткіштері сараланды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау және шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдер іріктеліп, зерттеу бойынша алынған нәтижелер қорытындыланды.
Жобаның перспективасы мен жүзеге асырылуы:
Ғылыми жоба нәтижелерін тарату көзделеді (нұсқаулық). Сонымен қатар, дипломдық жоба жұмысын жүзеге асыру үшін арнайы эксперименттік тәжірибелік база ретінде топ мүшелері өндірістік практикадан өткен мектептер таңдалынып алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет