Кіріспе Дипломдық жобаның өзектілігі


Дипломдық жобаның мақсаты



бет2/3
Дата12.06.2022
өлшемі25,96 Kb.
#36720
түріДиплом
1   2   3
Байланысты:
Кіріспе

Дипломдық жобаның мақсаты: қазақ тіл біліміндегі түбір етістік сөздердің мағынасын және жасалуын толықтай қарастырып, когнитивті семантика тұрғысынан жан-жақты талдау әдістемесін саралау.
Дипломдық жобаның міндеті:

- Оқулықтардағы етістік оқыту әдістемесіне тоқталу, әдістерді саралау;
Күтілетін нәтижесі: Мектептердегі қазақ тілі сабақтарында етістікті оқытылу әдістемесін алғаш рет тақырып нысанына алып қарастыру – зерттеу жұмысының жаңашылдығы. Сонымен бірге, қазақ тілі сабақтарында түбір етістіктерді оқытудағы қазіргі заманғы озық әдістемелік технологияларды қолдану үлгілерін жүйелеулер де еңбектің жаңашылдығын айқындайды.
Жаңа тарихтағы оқу- ағарту, білім беру жүйесіндегі қазақ тілін оқытуға арналған оқу-құралдық материалдар - әдістемелік тұжырымдары университетті бітірушілердің алдағы жаңа зерттеулеріне теориялық бағдар бере алады. Сонымен бірге, дипломдық жобада қамтылған пән сабақтарының тақырыптар бойынша оқыту үлгілері педагогикалық практикадан өтушілер үшін де тәжірибелік үлгі болады. Тұтастай алғанда, дипломдық жоба жұмысының тұтас құрылымы қазақ тілі пәнінің қазіргі және болашақтағы оқу- әдістемелік жұмыстарына да пайдалы болуымен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелерін қазақ тілін оқыту әдістемесінің сабақтарына, педагогикалық мәcелелерге қaтыcты болaшaқ зерттеулер мен ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кеңінен қолдaнуғa болaды. Түбір етістіктерді оқыту технологиясын ұстаздар өз сабақтарында қолдана алады.
Мазмұны: дипломдық жоба кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жобаның ғылыми теориясы беріліп, зерттеу жұмысының өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, мақсат-міндеттері мен күтілетін нәтижесі жайлы мәселелер айтылады.
«Түбір етістіктің табиғаты» атты бірінші тарауда қазақ тілінде түбір етістікті зерттеген ғалымдар еңбектері жайлы ақпарат беріліп, оның маңызы жайлы ой-пікірлер мен тұжырымдар келтіріледі. Түбір етістіктің құрылымы мен түрлері сипатталып, түбір етістіктерге когнитивті семантикалық талдау жасалып тұжырымдалды.
«Түбір етістіктерді оқыту әдістемесі» атты екінші тарауда негізге алынған нормативті құжаттар орта мектепте түбір етістікті кешенді түрде оқытудың, яғни түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тиімді жолдарды қарастыру қажеттігін көрсетіп береді. Оған қоса, түрлі баспалардағы оқулықтар жүйесіндегі етістікті оқытудағы әдіс-тәсілдер сараланды. Және де түбір етістіктерді орта мектепте оқытудың әдістемелік жүйесі жасалып, оны мектепте оңтайлы оқытудың әдіс-тәсілдері мен жолдары берілді. Тәжірбиелік жұмыс көрсеткіштері ретінде етістікті, оның ішінде түбір етістікті оқытудың теориясы пен практикасы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет