Кіріспе диссертация жұмысының өзектілігі


Диссертация жұмысының деректік базасы



бет4/4
Дата18.02.2023
өлшемі24,58 Kb.
#69069
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
Диссертация

Диссертация жұмысының деректік базасы. Зерттеу жұмысының деректік базасын бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топқа ортағасырлық университеттерге қатысты құжаттар жатады. Олардың қатарына ең алдымен алғашқы Болон мен Париж университеттерінің университеттік ережелері, папалардың буллалары, саяси билеушілердің университеттерге берген заңды рұқсатнамалары, оқытушыларға берілген лицензиялар, Болон мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне Фридрих Барбаросса грамотасы (1158); ХІІ-XV ғғ. Еуропа университеттерінің тарихы бойынша құжаттар; Булла Рим папасы Григорий IX Париж университетіне; Париж университетінің шағымы (XIV ғ.); Краков университетінің негізі; Болон мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне Фридрих Барбаросса грамотасы; ағылшын королі Генрихтің ІІІ Париж студенттері мен магистрлеріне хаты,сонымен қатар, сол уақыттағы студенттер мен оқытушылардың өзара алмасқан хаттарын жатқызуға болады [38].
Екінші топқа Қайта өркендеу дәуіріндегі авторлар мен жаңа замандағы университеттердің шығарған жарлықтары кіреді. Атап айтқанда, Томас Мор, Бокаччо, Леонардо да Винчи еңбектері мен хаттары және ХІХ ғасырдағы неміс университеттерінің қаулылары мен ережелері [39].
Деректердің үшінші тобына Болон процесіне қатысты құжаттарды, яғни, Сорбон декларациясы, Болон декларациясы, Берлин, Берден және Лондон қаулыларын жатқызамыз [40]. Төртінші деректік негіз тобы Қазақстан Республикасының білім беруге қатысты заңнамалары, яғни жарияланған жоғары білім жүйесі туралы қаулы-қарарларын, статистикалық мәліметтерді құрамына енгізеді [41].
Ең соңғы деректер тобын Қазақстан Республикасының білім беру саласына қатысты жарияланған заңдар мен қаулылар жиынтығы құрайды [42]. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының 2007 жылы шыққан Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім берудің дамуына арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жатқызуымыз абзал [43].
Диссертация жұмысының хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері 1088 жылы Болон университетінің пайда болуымен ХVІІ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Диссертация жұмысының қолданыстық маңыздылығы: Диплом жұмысында ұсынылған қортындылар ортағасырлық Еуропа тарихы бойынша зeрттey жұмыcтaрындa пaйдaлaныла алады.
Диссертация жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет