Диссертация жұмысының мақсаты: Ортағасырлық университтердің қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін көрсету. Осы мақсатқа сай алдымызға бірнеше міндеттерді қойдық:
Еуропадағы университеттердің пайда болу алғышартын анықтау;
Еуропалық университеттердің даму модельдеріне салыстырмалы талдау жасау;
Университеттің ғылым мен мәдениеттің дамуына қосқан үлесін анықтау;
Қоғамдық сана мен еркін ойдың қалыптасуындағы университеттің орнымен үлесін көрсету.
Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы бір жағынан, мұндай тақырыптағы зерттеу жұмысының отандық тарихнамада болмауы болса, екінші жағынан, жоғары білім саясатындағы қазіргі уақыттағы өзгерістерінің тікелей оның қалыптасуымен байланыстылығын көрсетуде және оның сипаттарын толыққанды талдауда болып табылады.
Берілген зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы оның тарихи үрдістегі жоғары білім саясатының ерекшеліктерінің алмасу заңдылықтарын көрсетіп, мүлдем бөлек саяси-әлеуметтік сахнада дамыған мемлекеттердің арасындағы ортақтыллықа ұмтылыстың мүмкінділігін көрсетуде болып табылады. Осыған орай, зерттеу жұмысы қазіргі уақытта еліміз үшін аса маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін шешілуі тиіс мәселелерге жауап беруге тырысады.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығын Батыс Еуропаның қалыптасу және даму үлгісін жете түсіну арқылы, оның қазіргі реформаларды орындау тәжірибесін толығымен меңгеру бүгінгі отандық жоғары білім саясатының реформалануында қолданылуын жүзеге асыруға мүмкіндік беруінде деп атап көрсетуге болады.
Зерттеу нысаныболып ортағасырлық университеттер мен олардың қалыптасу тарихы мен ерекшеліктері жатады.
Зерттеу пәні: Ортағасырлық еуропалық университеттер мен олардың қоғамдық саяси, рухани рөлі.
Диссертация жұмысының теориялық және методологиялық негіздері:Тарих ғылымы тек шынайы оқиғаларды сипаттағанда ғана объективті сипатқа ие болады. Сол себепті біз диплом жұмысын жазу барысында барынша объективтілік, шынайылық принциптерді басшылыққа алдық.
Сонымен бірге анализ, синтез және талдау, тарихи салыстырмалы әдістер де кеңінен қолданылды. Тарихнамалық еңбектерді қарастыру барысында олардың құрылымы мен мазмұнын анықтау барысында анализ және синтез, талдау әдістері қолданылып, бір жүйеге келтірілді.
Ал жалпы зерттеу жұмысын жазу барысында тарихи салыстырмалы, талдау және де индукциялық әдістер қолданылып, тиісінше қорытындылар жазылды.
Зeрттey жұмыcындa cипaттay, тaрихи-caлыcтырмaлы, дeрeктaнyлық тaлдay, жинaқтay, жүйeлey, тaрихи-гeoгрaфиялық әдicтeр қoлдaнылды.