Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі



бет2/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

Студенттердін практикалық өзіндік жұмысы;

а) қоғамдық ғылымдарының қоғам өмірі зерттеулеріндегі орнын айқындаңыз: философия, экономика теориясы, мәдениеттану, саясаттапу, әлеуметтану;

ә) өзіңіздің өмір сүретін ортаңыздың мәнік ашып, талдау жасаңыз;

б) «әлеумет», «әлеуметтік қатынас» және «әлеуметтік саясат» ұғъмдарының мазмундарын ашыңыз.


2. О. КОНТ, Г. СПЕНСЕР, Э. ДЮРКГЕЙМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОНЦЕПЦИЯСЫ

1. О. Конт әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы.

2. Г. Спенсер әлеуметтанымдық пікірлері.

3.Э. Дюркгеймнің әлеуметтік концепциясы.
Әлеуметтану ғылымы пән ретінде ХІХ ғ. ортасында қалыптаса бастайды. Ағартушылық дәуірі мен буржуазиялық төңкерістер салдарынан қоғам туралы түсініктер, қоғам дамуы туралы мәліметтер жинақталып, оны зерттеуге деген қызығушылық пайда болады. Француз оқымыстысы, әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы О. Конт (1798-1857 жж.) қоғам туралы сұрақтарды алғаш қарастырған адам болды. Ол әлеуметтануды әлеуметтік статикаға және әлеуметтік динамикаға бөледі.

Әлеуметтік статика – әлеуметтік институттар арасындағы өзара қатынастарды ашады, соның ішінде отбасы мәселесіне Конт үлкен көңіл бөледі, баса назар аударады. Егер әлеуметтік статика қоғамды «тыныштық жағдайында» қарастырса, әлеуметтік динамика – әлеуметтік жүйелердің өзгерістерін, даму заңдылықтарын зерттеді. Әлеуметтік динамиканы қарастыру қоғам өмірінде орын алатын прогрестік дамуды, шыңдалу жолымен жүрудің зерттеулеріне алып келді. Бұл даму факторларына біріншіден – рухани және ақыл ой, парасат дамуы; екіншіден – ауа райы, нәсіл, өмірдің ұзақтығы әсерлерін тигізетіні көрсетіледі.

Конт ойынша алғашында әлеуметтік физика деп аталған әлеуметтану қандай да бір ақиқат өмір сүретін ретіндегі, жаратылыстық заңдарымен басқарылатын және уақытта дамитын қоғам туралы алғашқы ғылым. Ол бақылау және эксперимент арқылы қоғам дамуын зерттейтін рационалдық амалды жасауға ұмтылды. Оның ойынша осындай амал позитивизм деп аталады, жаңа қоғамдық тәртіптердің негізін қамтамасыз етеді. Конт «позитивті» терминін бес түрлі мәнде қарастырады: ақиқат (реальный), пайдалы (полезный), анық (достоверный), нақты (точный), ұйымдастырушы (организующий).

Әлеуметтану жүйесіндегі позитивтік ойдың орнын ойшылдың танымал болған «Үш сатылы заңымен» байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес адам парасаты, қоғам және адамзат бүтіндей алғанда өз дамуында үш саты арқылы өтеді. Бірінші саты – теологиялық (өз кезегінде үш кезеңге бөлінеді: фетишизм, политеизм, монотеизм). Екінші саты – метафизикалық, бұған қиратушылық, сынау тенденциясының болуы шарт. Үшінші саты – позитивтік, бұл саты ғылымның жан – жақты тез дамуымен ерекшеленеді.

О. Конттың әлеуметтанымдық көзқарастарын дамытқан ағылшын ойшылы Г. Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының әсерін сезінген Спенсер қоғамды биологиялық ағзалармен салыстырып, оның жеке бөліктерін (мемлекет, шіркеу, білім беру орындары т.б.) ағзаның жеке бөліктерімен (жүрек, жоғарғы жүйке жүйесімен т.б.) салыстырады. Қоғамның экономикалық өмірі ағзадағы зат алмасу тәрізді, үкімет бастың миын секе түсірсе, сауда – саттық қан айналымы қызметін атқарады дегенге саяды.

Спенсер әлеуметтануда бірінші болып құрылым және функция ұғымдарын қолданған. Қоғамның қарапайым жағдайлардан бастау алып, барлық бөліктері өзара тіпті ұқсас емес элементтерімен күрделі қоғамға өтетіні, дамитыны туралы идеясы жемісті болды. Құрылымдық өзгерістер функция өзгерісінсіз жүзеге аса алмайды, функциялардың бәрі де бүтіннің жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етулері керек. Осындай өзара байланыс әлеуметтік интеграция негізі болады.



Әлеуметтік дамудың негізгі заңы – өмірге ең бір қалыптасқыштардың тіршілік етуі болады. Жаратылыстық сұрыптаудың функциясын экономикалық бәсекелестік атқарады. Спенсер ойынша үкімет жаратылыстық сұрыптау үдерісіне араласпауы керек, ал өмірге икемі аз адамдардан құтылған дұрыс. Осындай ұстаным «Әлеуметтік дарвинизм» атауын алды. Спенсер әлеуметтік төңкерістерді қолдамай, оны ағзаның дерті деп атайды. Тек эволюциялық даму барысында қоғам күштілердің құқы мен бақытты болуға деген әрбір адамның жаратылыстық құқы арасындағы қайшылықты реттеудің мүмкіндігін табады.

Қоғамда әр түрлі (соның ішінде діни) институттардың өмір сүруі, қоғам динамикасы (соның ішінде діни ұйымдар, сенімдер, дәстүрлер) «эволюция формуласы» негізінде түсіндіріледі:

- интеграция – жеке, дара элементтердің қандай да бір тұтастыққа бірігуге өтуі;

- дифференциация – біртектілік жағдайынан әртүрлілік жағдайына қарай қозғалу;

- анықтылық ұлғайымы – аз анықтан басым аныққа қарай эволюциялық өркендеу.

Кез келген құбылыс дамуының шегі болады. Теңдік қозғалысынан соң ыдырау, дезинтеграция үдерісі әрекет жасай бастайды.

Спенсер қоғамның әскери және өнеркәсіптік деп екі түрін ерекшелейді. Қоғамның әскери түріне мақсатқа жету үшін еріктен тыс мәжбүрлеу тән болса, өнеркәсіптік түрге ерікті, еркін ынтымақтастық тән. Дін әскери, қарадүрсін қоғамдарда кең көлемде әрекет жасаса, қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамда аз мөлшерде көрінісін табады. Спенсер діннен қоғамның өзіндік бірегейлігіне кепіл болатын әлеуметтік үздіксіздік (непрерывность) принципін көреді. Оның ойвнша дін:

- отбасы байланысын күшейтеді, жерлеу және ата-бабаны құрметтеу культі институттары арқылы отбасын әлеуметтік топ ретінде нығайта түседі;

- адамдардың іс-әрекетін басқарудың негізгі қызметін атқарады;

- алғашында діни бірлік ретінде көзге түсетін, ұлттық бірлікті күшейтеді;

- жеке меншік институттарын қорғайды (өйткені қасиетті заттар табуляциясы және орны аналогия бойынша жеке иелікке ауыстырылады).

О.Конт пен Г.Спенсер дінді «бірлікке», «бірігуге», «реттеуге», «біріктіруге» және т.б. қол жеткізу құралы деп есептеді. Адамға денсаулық қандай қажет болса, қоғамдық дара және ұжымдық болмыс үшін діни байланыс та қалыпты, керекті жағдай. Спенсер қоғамда «қандай болса да дінге» әрқашан орын болуы керек деп есептейді. Осындай әдістемелік принциптерді соңғы әлеуметтанымдық концепциялар мұраға алды.

ІІІ. Эмиль Дюркгейм (1858-1917 жж.). Негізгі еңбегі «О разделении общественого труда». М.,1996 ж. Ол қоғамның ешқандай басқаға теңгерілмейтін ерекше түрдегі шынайылық екенін дәлелдеп, әлеуметтанудың басты міндетін әлеуметтік ортаны зерттеу деп есептейді. Қоғамдық элементтер болып, әлеуметтік фактілер алға шығады.

Әлеуметтік факт – объективті өмір сүретін (ойлау тәсілі, заңдар, салт- дәстүрлер, тіл, сенім, ақша жүйесі) және адамға әсерін тигізетін әрекеттердің кез келген түрі. Әлеуметтік фактілер заттар ретінде қаратырылады. Бұлар:

- әлеуметтік фактілердің адам үшін сыртқы болуы;

- әлеуметтік фактілердің материалды ретінде қатал бақылануы;

- екі немесе одан да көп әлеуметтік фактілердің арасында орын алатын себептілік қатынас, қоғамның өмір сүруінің тұрақты заңдарын қалыптастыру, құрастыруға көмектеседі дегенді білдіреді.

Әлеуметтік фактілерді зерттеу үшін әлеуметтанушы:

- бәрінен бұрын өзінің әр түрлі идеологиямен, тұлғалық ұмтылыстар, ынтызарлықпен байланысын үзуі керек;

- әлеуметтік фактілерге қатысты адамдардың ой түюлерінен, барлық предрассудкалардан босануы керек;

- әлеуметтік фактілер бастауларының адамның ойы мен іс-әрекетінде емес, қоғамда болатынын мойындауы керек.

Оғамдық орта зерттеулерінде бақылау тәрізді зерттеу әдісін пайдалану қажет. Осымен қатар Дюркгейм салыстыру әдісін кең көлемді қолдануға кеңес береді. Ол әлеуметтік құбылыстар арасындағы әлеуметтік институт пен

Қоғамның белгілі бір сұраныстары арасындағы сәйкестікті табуға мүмкіндік беретін функционалдық талдауды пайдалануға ұсыныс жасайды.

Дюркгеймнің әлеуметтануы бүтіндей алғанда әлеуметтік өмірдің биологиялық түсіндірмесіне қарсы бағытталды десек те, ол биоорганикалық бағыттың, бәрінен бұрын Спенсердің әсерін сезінді. Оның құрылымдық-функционалдық талдауы қоғам мен ағза арасындағы аналогияға, ұқсастыққа негізделді.

Дюркгейм Конт тәрізді қоғамды келісім және ынтымақтастық сферасы ретінде қарастырады. Оның ойынша ынтымақтастықтың екі түрі бар: механикалық және органикалық. Механикалық ынтымақтастық дамымаған, ежелгі қоғамдарға тән, өйткені оның адамының ісі мен әрекеті біртекті. Мұндай қоғам өзіне адамды толық бағындыруға, оның санасы мен мінез-құлқын реттеуге талпынады. Органикалық ынтымақтастық еңбек бөлінісіне, кәсіби мамандануға, адамдардың өзара байланысына негізделеді. Ынтымақтастықтың осындай түрінде әрбір адам қоғамнан тәуелсіз, еркін, дербес болады.

Дюркгеймнің адамның өзіне қол жұмсауы, суиситке арналған еңбегі де бар. Ол қоғамдағы суицит деңгейі әлеуметтік – діни, отбасы, саяси, ұлттық ерекшелік құбылыстары жиынтығына тәуелді болатынын көрсетеді. Католиктермен салыстырғанда протестанттарда суицит, адамның өзіне қол жұмсауы пайызының үлкендігі, басымдығы статистикасын талдаған ол, қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтік ынтымақтастықты, оның аномалиясын сипаттайды. Аномалия жағдайлары:

- қоғам мүшелерінде әлеуметтік нормалар мәнділігі мен құндылықтар жойылады, мінез-құлық ауытқулары пайда болады;

- адамда салыстыру эталондары, өз мінезінің әлеуметтік бағасының жоғалуы, топтық ынтымақтастықтың мәнсізденуіне және люмпендендіру жағдайына алып келеді;

- әлеуметтік мақсаттар, бұларға қол жеткізудің жолдары, тәсілдеріне сәйкес келмегенде пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет