Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ



бет3/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

3. ҚОҒАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

1. Әлеуметтанудағы «қоғам», мен «жүйе» ұғымдары. Экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани өмір жүйелерінің сипаттамасы. 2. Қоғам дамуының үш сатысы (Д.Белл, У.Ростоу, Р.Арон) – индустриалдыққа дейігі, индустриалды, постиндустриалды. 3. Қоғамдағы прогресс пен регресс. Эволюция, революция, реформалар.

Кең көлемді ұғымында қоғам деп, адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтығын айтамыз. Қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан материалдық және рухани өмір салтын сақтап, өзіне керекті негізгі қажеттіліктерді өндіреді. Қоғам өміріндегі сан алуан байланыстар мен қарым - қатынастардың негізгілері: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани және т.б. өмір салалары. Осымен қатар қоғамның басты категориялары да бар. Олар: «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «мәдениет».

Ежелгі замандарда қалыптасқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды оның негізгі деп қарастыру. Өйткені әлеуметтік өмір саласына рухтың тигізетін зор әсері бар. Қоғамда өмір сүретін нақты адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі, өз алдына түрлі мақсат қойып, оны іске асыруға тырысады. Яғни идея қашанда бірінші болып, соңынан жүзеге асады. Демек, қоғам өмірін анықтайтын - билік тұтқасын қолдарында ұстаған тұлғалардың саналы іс-әрекеті.

Орта ғасырдың ұлы ойшылы Әл-Фараби қоғамның ахуалын халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын ала болжанған Құдайдың әмірімен ұштастырады.

Жаңа Дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье қоғамның шыңдалуын «оқымысты монархтың» іс-әрекетімен байланыстырып, қолданыстағы заңдарды жетілдіруді бірден-бір шешуші фактор ретінде қарайды.

К. Ясперс те тарихтағы рухани төңкерісті - «Қоғам дамуының негізіне жатқызады. Дамушы ахуал, -дейді ол, - әрқашанда рухани ахуал». Мұндай көзқарасты қоғам талдауының идеалистік бағыты деуге болады.

К.Маркс еңбектерінде қоғам жаңаша негізделеді. Ол қоғамтану саласына, екі жаңалық негізделеді. Оның бірі - қосымша құн теориясы болса, екіншісі - тарихты материалистік түсіну. Осы екі жаңалықтың дүниеге келуі капиталистік қоғамның қалыптасып, дамуына байланысты болды.

Бүгінгі дамыған елдерде капиталдың өсуі, негізінен жұмысшыларды қанаудан емес, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ұтымды пайдалану арқылы жүзеге асады.

К.Маркс ашқан екінші жаңалық - тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.Сан алуан қоғам өміріндегі байланыстар мен құбылыстардың ішінен К.Маркс материалдық қатынастарға басымдық береді. Оның себебі адамдардың қарапайым да табиғи күнбе-күнгі өмір сүру қажеттіліктерін өтеу керектігінде жатыр. Расында, адамдарға күнбе-күн тамақ ішу, киім кию, баспана, т.с.с. материалдық мұқтажын қанағаттандырады. Мұнсыз өмір болымсыз, бұл үшін материалдық игіліктердің өндіруі қажет. Осы өндіріс барысында адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз, қоғамның іргетасын құрайтын шынайы негіз, өндірістік қатынастар пайда болады. Қондырма ретінде негізге тәуелді мемлекет, саяси, құқтық, моральдық, эстетикалық, діни құбылыстар орналасады.

К.Маркстің ойынша, әрбір дүниеге келген ұрпақ алдыңғы ұрпақтан қалған қоғамның материалдық игіліктеріне кез болады. Олар өндіргіш күштерді (машина, неше түрлі жабдықтар, байланыс жүйелері т.с.с.) өз еріктерімен жинап қойып, өмірді «таза парақтан» бастамайды. Материалдық игіліктерді игеруге және өз уақытында оны дамытуға мәжбүр болады. Осы игерілген өндірістік қатынастар жаңа ұрпақтың өзіндік сана-сезімін қалыптастырады. Яғни қоғамдық болмыс қоғамдық сананың қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Осыдан «қоғамдық қатынастар» деп адамдардың арасында қалыптасатын тұрақты, қайталанатын байланыстар айтылады.

Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оқу орнын, еңбек үжымын, парламент пен сотты, армияны жатқызуға болады. Қоғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі.

Қазіргі жаһандастыру заманында әлем халықтарының үлкен маңызы бар тарихи өзгерістер аймағында, шегінде тұрғанын сезінеміз. Зерттеушілер еңбектерінде бұл өзіндік салдарларымен көзге түсетін техника дәуірі деп анықталады. Белдеулік уақыттан басталған рухани өмір салаларының шығармашылық қуатын жетілдірген, ғылым жетістіктер салаларының шарықтау шыңы–техника болатыны кімге де болса түсінікті. Адам тұрмысын, өмір сүруін жеңілдетуге бағытталған техника– табиғатқа үстемдік жүргізуге деген әрекеттің жемісі. Табиғат техника жетістіктерімен өзіндік пішінін өзгертсе, бүгін ол адамның өзіне де кері әсерін тигізуде. Демек, еңбектің сипатын, еңбекті ұйымдастыруды, қоршаған ортаға әсерді, адамның өзін де өзгертуде.

Арнайы әдебиеттерде мұндай өзгерістер тек қиратушы деп те сипатталып, бүгінгі күні өзімізге тиімді өмірдің түрін таба алмай отырғанымыз да айтылады. Сондықтан адам өзіне қанағаттанбаған жағдайда ойсыз жұмыс істеп тұрған машина бөлшегіне айналады, өзіндік ерекшелігін жоғалтады. Осыдан жаратылыс танушының өз білімі саласынан тыс аймақтардағы шектеулігін, тек өзіне мәнді болып есептелетін тікелей міндетінен тыс жердегі дәрменсіздігін, өзіндік адами құндылықтардан айырылып бара жатқанын, әлеуметтік ортаға қанағаттанбау сезімін түсіндіруге болады.

Әмерика оқымыстысы Д. Белл техниканың “секірістермен” дамитынын қолдайды. Оның ойынша, техниканың өзіндік дамуы шеңберінде болып жататын күрделі әлеуметтік өзгерістерді, әртүрлі дәуірлерді бөлектеп, әлеуметтік ағзалардың көп аспектілігі туралы концепциясын ұсынады. Демек ол, қоғамды әлеуметтік және мәдени өмір салаларының бірлігі деп қарастыратын оқымыстыларға қарағанда басқаша түсініп, қоғамдық өмір салаларының дербестігін, олардың өзіндік айрықша заңдармен дамитындығын мойындайды.

Д. Белл өзінің “ақпараттық қоғам” концепциясында әлеуметтік-философиялық ойдың жетістіктерін пайдаланғанын көрсетеді. Ол Маркстік тарихи қоғамдық қатынастар түрімен, олардың әрқайсысының өзіндік меншік және өндірістік қатынастар сипаттарымен ерекшеленетінін көрсетеді. Бірақ осындай бөлініс тек осы біреу ғана ма?-деп сұрай отырып, өзінің қоғамдық үш өндіріс тәсілдерін бөлектейтіні туралы индустриалдыққа дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық теориясын ұсынады. Адамзат дамуының болашағына болжам жасаған Г. Кан да бұрынғы және қазіргі заманғы әлемдік экономика жетістіктерінің екі түрлі тарихи кезеңді қамтитынын айтады. Біріншісі, осы заманғы өркениеттің негізін жасаған, осыдан он мың жыл бұрын басталған ауылшаруашылығы революциясы. Ол адам өмірі жағдайын түпкілікті өзгертті десек те, тұрақты экономикалық дамуға немесе молшылыққа жеткізген жоқ. Екінші маңызды саты біз жемісін, жетістігін көріп отырған, осыдан 200 жыл бұрын басталған “Ұлы асу”. Бұл сатының басталар кезінде әлі де болса адам саны аз, кедей, әлі де болса табиғаттың тылсым күштеріне бағыныштылық орын алды. Г. Кан осы тарихи дәуірді үш фазаға бөледі: индустриалдық революция фазасы; әлемдік экономиканың технологиялық фазасы; одан кейін әлемдік экономиканың, әлемдік қауымдастықтың постиндустриалдық фазасы.

Марксизм теориясын жоққа шығарушылардың бірі–америка ғалымы Д. Белл өзінің постиндустриалды қоғам туралы концепциясында әлемдік тарихи дамуды үш кезеңге бөледі: біріншісі–табиғат пен адам арасындағы қатынас ерекшеліктерімен анықталатын индустриалды қоғамға дейінгі орта. Арнайы әдебиеттерде индустриалдыққа дейінгі қоғам ретінде Рим немесе Афин өркениеттері мысал ретінде келтіріліп отырады. Басқаша айтқанда, дәстүрлі шауашылықтың табиғат құбылыстарына тәуелділігі табиғатпен балалық ойынның уақыты деп аталған. Бұл сатыны, дамуды екінші–индустриалды қоғам, техника, технология, парасаттылық және әр түрлі әдістемелер кезеңі ауыстырады. Бұл қоғам туралы айтқанда біз оның ұлттық мемлекеттермен салыстырғанда олардың арасындағы үлкен алшақтықты көреміз. Үшінші–постиндустриалды қоғам, адам мен адам қатынастарын сипаттайды. Техника мен технология, ғылым мен адам танымы үлкен жетістіктерге жетіп, тікелей өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар саны қысқарып, халыққа қызмет көрсету салаларындағы жұмысшылар саны өседі. Осыдан қоғам дамуында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің маңызды орын алатындығы туралы қорытынды туындайды. Осымен қатар постиндустриалды қоғам туралы айтылғанда, көп жағдайларда “қоғам” сөзі “мәдениет” сөзімен ауыстырылады.



Адамзат тарихы дамуындағы табиғат пен техниканың өлшеусіз маңызына үлкен мән берген Д. Белл, үш түрлі әлемдер–табиғат әлемі, техника әлемі және әлеуметтік әлемдер туралы сөз қозғайды. Алғашқы екі әлем туралы Белл нақты, анық пікірлер айтса, қоғам өмірінің дамуын зерттеу сұрақтарының күрделілігіне байланысты, оның үшінші әлем туралы ойы көмескі, тиянақсыз. Өйткені адамдардың өздерінің практикалық қызметінің жемісі болғандықтан, әлеуметтік орта танымы оңай болмайды, сондықтан кімнен болса да әмбебап, жетілген қоғам тұрғызудың теориясын күту мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет