Кіріспе. ӘЛеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі



бет14/19
Дата16.03.2022
өлшемі104,77 Kb.
#28122
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

10. ЕҢБЕК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ

Еңбекті әлеуметтік зерттеу. Кәсіпкерлік - әлеуметтік үдеріс. Ісерлік теориясы.

Еңбек үдерісінде адамдар белгілі бір әлеуметгік арақатынасқа түседі, бір-бірімен байланысады, өндірістік бірлескен қарым-қатынас жүзеге асады. Бұған мақсат-мүдде, жақын және болашаққа бағытталған көзқарастар ортақтығы негіз болады. Бірлескен еңбек барысында индивидтердің өзі де дамиды, қабілеті ашылады, жаңа идеялар пайда болады, оны іске асыру мүмкіндігі де туындайды.

Демек, әлеуметтік қауымдастық мүшелері арабайланысының жүзеге асуына мүмкіндік беретін әлеуметтік құбылыс – еңбек болады. Осыдан әлеуметтану еңбек қатынастарын, адамдар арасындағы байланыстармен астасып жатқан қырларын, құбылыстарын қарастырады. Соның ішінде:

  • қоғамның әлеуметтік құрылымы мен еңбекті ұйымдастыруды реттеу, жетілдіру;

  • еңбек ресурстарының мобильділігін реттейтін фактор ретіндегі еңбек нарығын;

  • еңбек саласындағы заңдылық және моральдық нормалардың бұзылуы, ауытқулармен байланысты әлеуметтік бақылау мәселелерін;

  • еңбектегі келіспеулер, жанжал себептерін және оны реттеу, алдын алуға байланысты факторлар мен шараларды;

  • еңбек ұйымдарындағы еңбек етушілерді әлеуметтік қорғау, әлеуметтік кепілдіктер т,б. зерттейді.

Осыған орай әлеуметтану, психология, физиология, еңбек құқы, экономика теориясы сияқты ғылым салаларымен ұштасып, әлеумеггік менеджментгі қарастырады.

Батыс елдерінде еңбекті әлеуметтанымдық зерттеуде елеулі тәжірибе жинақталған. Мұның индустрия саласындағы еңбек проблемаларымен байланысты болуынан «индустриялық социология» деп аталады.

АҚШ-та мұндай зерттеулер қолданбалы әлеуметтанымдық сипат алады. Оның зерттейтін мәселелері: өнеркәсіп орындарындағы адамдардың еңбек үдерісіндегі қатынастары, адамдар арақатынастарын реттеу арқылы еңбектің тиімділігін арттырудың жолдарын іздеу, жұмысшыларды еңбекке ынталандыру, еңбек жағдайы, еңбек технологиясы, әркелкі әлеуметтік топтардың өндірістік еңбекке бейімделуі, еңбек ұжымдарының ішкі арақатынастары, еңбек барысындағы келіспеушіліктер табиғаты, оны қақтығыссыз, зардапсыз реттеудің жолдары т.б. Зерттеулер негізіне Тейлор, Мэйо және Хецберг тәрізді ғалымдардың ілімдері алынады.

Франклин Рузвелытің президент болған кезде әлеуметтанушыларды өндірістік еңбекті жоспарлау мен үйлестіру жұмыстарына тарту жолға қойылды. Сондай зерттеудің бірі - 20 мың жұмысшысы бар Хоторн электрокабель шығаратын зауытында 1924 жылы өткізілген әлеуметтік эксперимент. Оның басты қорытындысы:

  • еңбек өнімділігіне материадық факторлардан гөрі әлеуметтік (адамдар арабайланыстары) және психологиялық факторлар шешуші ықпал етеді;

  • өндіріс басшылары адамдар арақатынасына, олардың әлеуметтік сұранысына басты назар аударулары керек;

  • адамның еңбекке мүдделі болуын, ынтасын арттыратын адамгершілік шаралары табылып, іске қосылып отырылуы керек.

Яши Мэйо жүргізген зерттеулері нәтижесінде: «адамдар өндірісте барынша тиімді еңбек ету үшін зауыттағы адами арақатынастардың ізгілендірілуі кажет» деген қорытындыға келеді. Қазір АҚШ-тың өндіріс орындарында жүргізілетін әлеуметтанымдық зерттеулердің 70 пайызы федералдық бюджет есесінен жүзеге асырылады. Міне, бұл тәжірибе қазақстандық жұмыс берушілер мен өндірістер игілігіне, отандық әлеуметтану төжірибесіне айналса, бұдан жұмысты берушілер мен еңбек етушілер де, түптеп келгенде, жалпы қоғам ұтар еді. Әрине, ол үшін білікті әлеуметтанушылардың қажет болары сөзсіз.

Еңбек әлеуметтануының зерттеу объектілерінің бірі - еңбекшілерді әлеуметтік қорғау мәселелері. Оның өзектілігі:

- қоғам мүшелерінің тұрмыс-тіршілігінің төмендеп кетуіне алып келетін факторлардың алдын алу;

- адамның бөгетсіз еңбек етіп, жалақы табу арқылы қалыпты тіршілігін ұйымдастыруына жағдайдың жасалуы;

- жалдамалы жұмысшылар үшін қолайлы еңбек жағдайының жасалуы, олардың индустриялық өндірістің жағымсыз ықпалдарынан қорғалуы;

-азаматгардың қылмыстық және экологиялық қауіп-қатерден қорғалуы;

-діни, ұлттық және саяси экстремизмді болдырмайтындай жағдайдың қалыптасуы;

- адам еркіндігі мен саяси, рухани өмірі бастауларының қорғалуы, басшылық тарапынан болатын бейбастақ әрекеттер мен саяси қуғындаулардан қорғау проблемалары;

- қоғамда, оның өмір салалары мен құрылымдарында қолайлы психологяялық ахуалдың қамтамасыз етілуі, коғам өмірінід тұрақтылығы.

Іскерлік ұғымы нарықтық қатынастың пайда болуымен, яғни XVIII ғасырда Еуропада қолданыла бастаған. Сол тарихи дәуірде ол, «сауда», «саудагер» деген мазмұнда қолданылған. Аристотель мұндай адамдарды басқа адамдар есебінен пайда табуға құлшынған, рахат өмір сүргісі келетіндер ретінде бағалап, олардың мемлекет басқаруға жіберілмеуі керектігін айтқан. Кейініректе, «іскер адамның» жауапкершілігі мол іске бас тіге алатыны, жаңа идея, жаңа өнім өндіру, жаңа қызмет көрсету сияқты өзіндік қасиеттерімен тереңдей түскен (Катальон). А. Смит пен Ж. Симонди іскерлікті үнемшілдік, қаржыны іске асыру қабілетімен байланыстырса, В. Зомбарт инновациялық қызметке сайып, оған біртұтас әлеуметтік үдеріс ретінде қараған. Ф. Хайек, Дж. Гэльбрейт түсінігіндегі «іскерлік» - жаңалықты сезгіштік, толеранттық, бастамашылдық пен еркін іс-әрекет, жауапкершілік, өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты. Іскерлік -қатыгездік , индивидуалистік, тек пайда табу емес, әлеуметгік ортаның қазіргісі мен ертеңіне жауаптылық.

Бүгін іскерлік теориясы адамның әлеуметтік қызметі, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени қатынастардағы орны, іс-әрекеті болатынына назар аударуымен ерекшеленеді.

Сөйтіп, іскерлік - әлеуметгік үдеріс. Ол, біріншіден, қоғамнан тыс, қоғамнан төуелсіз бола алмайды. Екіншіден, озық идея, тиімді іс-өрекет қоғамдық ортада іске асады, пайдасын тигізеді. Мысалы, іскер өндіруші қоғамның сатып алу қабілетінің немесе өндіріс еңбекшілерінің біліктілігінің жоғары болуынаа мүдделі болады.

Әлеуметтанушылар (О. Конт, Э. Дюркгейм т. б.) еңбек бөлінісінің кәсіптік жіктелуі қамтамасыз етіп қоймай, ғылым жетістігінің өндіргіш күшке айлануын тездететінін және бәсекенің әлеуметтік қатынастарды, қоғамдық ынтымақты бұзатыны, содан ендігі жерде қоғамның бір тұтастығының кепілі - мемлекет болатынын тұжырымдаған.

Карл Маркс: «Еңбек бөлінісі тек жаңа әлеуметтік жіктелуге ғана алып келмейді, екі тапқа - қанаушы және қаналушы таптарға белінуге де әкеледі, ал өндіруші - жұмысшылар өз еңбегінің нәтижесін игілігіне асыра да алмайды» деп проблеманы шешудің жолын революциялық жолмен тапсыз қоғам құрудан іздеген. Ал Эмиль Дюркгейм ойынша, еңбек бөлінісі жағдайындағы басты құндылық - тұлғалардың дамуы мен олардың бірлесе, үйлесімді еңбек етуі болады. Ендігі жерде капитализм өзінің «ауруларьшан» (бәсеке, тартып алу, жанжал, қанаушы еңбек түрлері, жұмысшылардың деградациялық тежелістері т.б.) арылуы керек. Оның ақылға сыйымды жолы - қоғамның әлеуметтік проблемаларын талдау және оларды шешудің реформалық жолы.

Ресей социолога А. Кравченконың тұжырымынша XX ғасырдың аяғында Ресей экономистері Америка капитализмі үлгілерін ойланбай көшіріп алумен әуестенген. Ақыры оның ел өміріне қарама-қарсы салдар әкелетінін байқаған соң, Ресей Федерациясының ұлттық ерекшелігінен туындайтын өз жолын іздестіріп, экономиканы өзгертудегі адам факторының шешуші рөліне назар аударуда.

Іскерлік түрлері көпжақты. Ол үнемі экономикалық, интеллектуалдық ресурстарды іздестіріп, тауып, іске қосудан, табан астынан кездесуі мүмкін қиындықтан өндіріс және шаруашылық тұрақтылығын сақтап қалу, жағымды әлеуметтік құбылыстар үлгілерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізуден көрінеді. Осындай тарихи және адами іскерлік қазіргі Қазақстан қоғамында сыннан өтуде. Оның негізгі мазмұны - индустриялық-инновациялық бағдарламаны дәйекті іске асыру арқылы республиканы шикізаттық экономикадан алып шығу, өңдеу саласын жоғары технологиялар көмегімен көркейту ісінде шетел инвесторлары мен іскерлерінің көлеңкесінде қалып қоймау. Ол үшін қазақстандық іскерлерге тезірек қоғам мүддесіне, озық технологиялар мен ғылымға, жоғары білікті кадрлар даярлау ісіне бет бұру қажет.

Соңғы жылдары мемлекет пен жеке және аралас меншік арасындағы қатынас өркениеттілік бағытқа бет бұрып дамуда. Ол біріншіден, отандық капиталдың қалыптасуы, отандық мүддеге бейімделуі қажеттігімен, екіншіден жоғары тап арасында білімді де білікті, жаңаша ойлайтын іскерлердің өсіп шыға бастауымен, үіпіншіден, мемлекеттік заң жүйесінің де қоғамдық мүддеге сай жетіле түсуімен төртіншіден, шетел инвесторлары мен іскерлерінің бәсекелестік орта тудыруымен байланысты.

«Әлеуметтік жауаптылық» түсінігі қалтасы қальщ немесе ойы ұшқыр іскерлік ортаға ене бастады. Жекеменшік пен мемлекет арақатынасын әркелкі тетіктер арқылы реттеуде Қазақстан қоғамы бірқатар өзіне де, басқаға да үлгі боларлық оң қадамдар жасауда. Айтальщ, «Атамекен» атты отандық кәсіпкерлер одағы, ірі өндірістік субъектілердің басын қоса алған «Самүрық», озьгқ даму жобаларын қаржыландыруға бағдарланған «Қазына» қоры, әлеуметтік көсіпорындар кешендеріне беталыстар т.б. Мұндай көріністер өлеуметгік көпқабатгы елде жене нарықгық қатынас жағдайында экономиканың әлеуметтік базедарлануын қамтамасыз ете алатын болашақты күтуге болатынына сендіреді.

Қ Р - да осындай мақсатқа бағындырылған шаралардың қатарында 2000 жылдан басталған үш жақты келісім (мемлекет, іскерлер одағы мен Қазақстан көсіподақтары федерациясы), Еңбек туралы заңцы жетілдіру мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министр лігі аясындағы жетілдірулер бар. Ең басты еңбекті қорғау факторы - Қазақстан Конституциясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет