Пасталар-Pastae
(Паста- Nom.sing.Pasta; Gen.sing.Pastae)
Пасталар – құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар жақпа майлардың бір түрі. Пасталар қою және тұтқыр болып келеді, жағылмаларға қарағанда тері бетінде ұзақ сақталынады. Егер құрамында ұнтақ тәрізді заттың мөлшері 25%-тен кем болса, онда индиферентті ұнтақтар, яғни толықтырғыштар мырыш оксиді (Zinci oxydum), крахмал (Amylum), тальк (Talcum) қосылады.
Пасталар мөлшерге бөлінбеген дәрілік түр. Сондықтан олардың жалпы мөлшері жазылады. Магистральды пасталар:
Рецепт үлгісі
Құрамында 20% йодоформ (Iodoformium) бар вазелин (Vaselinum) пастасының 50,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: ингредиенттері мен мөлшері
M.f.pasta (Misce ut fiat pasta. – Паста түзілгенше араластыр)
D.S сигнатурасы көрсетіледі.
|
Rp.: lodoformii 10,0
Amyli
Zinci oxydi āā 5,0
Vaselini ad 50,0
M.f.pasta
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін
|
Кейбір пасталар фармацевтикалық өндірістерде дайындалады. Бұл пасталар рецепте қысқартылған түрінде жазылады.
Рецепт үлгісі
Официнальды цинк-салицил пастасының (Pasta Zinci-salicylata) 25,0 жазыңыз. Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін белгілеңіз.
Rp.: Pastae Zinci-salicylatae 25,0
D.S.Терінің зақымдалған жеріне жағу үшін.
|
Суппозиторийлер-Suppositoria
(Суппозиторий-Nom.sing.Suppositorium
Acc.sing. Suppositorium Acc.pl.Suppositoria)
Суппозиторийлер- бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын қуыстарға енгізуге арналған мөлшерге бөлінген жұмсақ дәрілік түр.
Суппозиторийлер тік ішекке (ректальды) – suppositoria rectalia, қынапқа арналған (вагинальды) – suppositoria vaginalia және таяқшалар – bacilli деп ажыратылады. Суппозиторийлердің ұшы үшкір, пішіні конус немесе цилиндр тәріздес, салмағы 1,1-4,0 дейін болады. Қынапты суппозиторийлер жергілікті әсер етіп, салмағы 1,5-6,0 дейін болады. Суппозиторийлердің пішіні шар тәріздес, тұқым тәріздес немесе ұшы дөңгелек тығыз болып келеді. Суппозиторийлердің негізі ретінде какао майы пайдалынады. Өндірісте суппозиторийлер дайындалатын негіз ретінде желатин-глицеринді және сабынды-глицеринді негіздер кеңінен пайдалынады. Қазіргі таңда суппозиторийлер фармацевтикалық өндірістерде дайын түрінде шығарылады.
Фармацевтикалық өндірістерде шығарылатын суппозиторийлерге, басқа да официнальды дәрілік түрлер сияқты рецепт жазылымында:
Достарыңызбен бөлісу: |