Кіріспе. Фармакология тарихы. Жалпы рецептура Фармакология



бет2/27
Дата05.09.2023
өлшемі412 Kb.
#106116
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
«А»-тізіміне уыттылығы жоғары, белгіленуі, қолдану тәсілі, дозалануы, сақталуы ерекше сақтықпен қадағаланатын дәрілер кіреді. Сонымен қатар бұл тізімге нашақорлық тудыратын дәрілер жатады.
«Б»-тізіміне жататын дәрілер қолдану, белгілеу, дозалау тәсілі сақтықпен қадағаланады,

Рецепт. Рецептің жазылу және босатылу ережелері
Рецептдәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің бір реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәрі-дәрмекті босату туралы дәріханаға (провизорға, фармацевтке) жазған жазбаша сұранысы. Рецептің медициналық, заңды және қаржылық (тегін немесе жеңілдікпен босату үшін) мәні бар.
1.Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық қызметкерлер рецепті арнайы типографиялық бланкта көрсетілген медициналық көрсеткіштеріне сәйкес жазады.
Рецепті рецепт жазған медициналық қызметкердің қолы және жеке мөрімен куәландырады.
2. Кейбір категориядағы науқастарға дәрі-дәрмектерді тегін немесе жеңілдікпен босату үшін қосымша сол емдеу мекемесінің бас дәрігерінің қолы мен жеке мөрімен куәландырылады.
3. ҚР рұқсат етілмеген және тіркелмеген дәрі-дәрмектерге рецепт жазылмайды.
4. Рецепте науқастың жасы мен дәрілік заттың құрамына кіретін ингридиенттердің әсер ету сипаты ескеріледі.
5. Тегін және жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге жазылатын рецептің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасына жазылады. Рецепт бланкілерін арнайы есепке алу кітабына тіркейді.
6. Рецепт түсінікті, анық, барлық бағандары міндетті түрде толық толтырылып, латын тілінде жазылады. Рецепті түзетуге рұқсат етілмейді.
7. Рецепте негізгі қысқартуларды қолданып жазуға рұқсат етіледі.
8. Дәрілік заттың қолдану тәсілі, оны қабылдау жиілігі, мөлшері мен ұзақтығы мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілінде жазылады. Жалпы көрсеткішпен («Белгіле», «ішке», «Сыртқа») жазуға болмайды.
9. Бір рецептуралық бланкіде бір ғана дәрі жазылады.
10. Денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмек (ингаляциялық наркозға арналған дәрілерге, миорелаксанттарға және т.б.) беруде қолданылатын дәрі-дәрмекке рецепт жазуға рұқсат етілмейді......
18. Дәрілік затқа жазылған рецептің жарамды мерзімдері:
1) тегін немесе жеңілдікпен босатылатын – 1 ай
2) есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлары бар рецепт- 10 күн
3) қалғандары – 2 ай
19. Рецептің жарамды мерзімі өткеннен соң, жарамсыз деп саналады.
20. Рецептерді жою үшін құрамына ұйым жетекшісі мен дәріхананың материалдық жауапты қызметкерінен тұратын арнайы комиссия құрылады. Комиссия рецептерді жою туралы акт жазылып, онда жойылған рецептердің саны сөзбен көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет