Әртүрлі дәрілік түрлер
Көз қабықшалары мен аэрозольдер жаңа дәрілік түрлер болып табылады, сонда да қазіргі медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады,
Көз қабықшалары – Membranulae ophthalmicae (көз пленкалары – Nom. sing. Membranulae ophthalmicae s. s. LаmеІІае. Асс. sіng. Membranulae ophthalmicas. s. Lamellas). Көз қабықшалары - белгілі бір мөлшердегі және құрамындағы дәрілік заттардың көз сұйықтықтығында еритін, өлшемі 9 х 4,5 х 0,35 мм залалсыздандырылған көз пленкасы. Тығындалып жабылған флакондағы пленкаларды 1 жылға дейін сақтауға болады. Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі
Құрамында пилокарпин гидрохлориді бар (Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо) 30 көз пленкасына жазыңыз. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына тәулігіне 1 рет белгілеу үшін.
Rр.: Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо N.30
D.S. 1 пленкадан қабақтың теменгі жағына күніне 1 рет.
Аэрозольдер – Аеrosola
(Аэрозоль – Nom.sing. Aerosolum, Асс. sing. Аеrosolum)
Аэрозольдер - дисперсті ортасы ауа, газ немесе газдардың қоспасы, ал дисперсті фазасы қатты және сүйық заттардан тұратын өлшемі 1 мкм-ден аспайтын аэродисперсті жүйе. Медициналықтәжірибеде аэрозольдерді ингаляциялау үшін немесе сырт тәнге қолданады. Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі
«Беродуал» аэрозолының (Аеrosolum «Berodual») 1 қорабына жазыңыз. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Rр.: Аеrosolum «Berodual» N.1
D.S. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Аэрозольды препараттарды сырт тәнге ерітінді, линимент, көбік, пластикалық қабықша және т.б. түрінде пайдаланады. Ондай аэрозольдер дерматологияда, хирургияда, гинекологияда қолданылады.
-
Дәрілік түрлер
|
Сұйық
|
Микстуралар
|
Жаңа галенді препараттар
|
Сығындылар
|
Тұндырмалар
|
Қайнатпалар
|
Тұнбалар
|
Эмульсиялар
|
Суспензиялар
|
Шырыштар
|
Ерітінділер
|
Жұмсақ
|
Линименттер
|
Суппозиторийлер
|
Пасталар
|
Жақпа майлар
|
Қатты
|
Капсулалар
|
Ұнтақтар
|
Домалақтар
|
Таблеткалар
|
Достарыңызбен бөлісу: |