2. Күрделі құрамды официнальды капсуланың жазылымы: «Аевиттің» (“Aevitum”) 25 капсуласына жазыңыз. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Capsulas “Aevitum” N.25
D.S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Спансулалар (SPANSULAE) Спансулалар — зауыт жағдайларында дайындалатын қатты мөлшерленген дәрілік түр, белгілі бір уақыт аралығында асқазан ішек жолдарында дәрілік заттардың реттелген бөлінуін қамтамасыз ететін көп қабатты таблетка немесе қабықтардың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Қабық ұнтақ, майлы ерітінділермен емес, микросферамен немесе ерекше полимер пластинкалармен толтырылған. Ортадағы рН-тың әр түрлі мәніне байланысты түрлі жылдамдықпен ериді. Осыған байланысты белгілі уақыт ішінде қанда дәрінің тұрақты концентрациясын қамтамасыз етуге болады. (12-48 сағ). Спансула құрамында бір немесе бірнеше препараттар болуы мүмкін.
Пилюлялар Пилюлялар –салмағы 0,1-0,5-ке тең, шар тәрізді ішуге арналған мөлшерге бөлінген дәрілік түр.
Басқа да қатты дәрілік түрлерге: пленкалар, карамелдер және пастилкалар жатады. Карамелдер (Caramel)- дәрілік затты қантпен жартылай гидролиздеген крахмал өнімін араластыру жолымен дайындалатын қатты дәрілік түр. Карамельдерге қажетті түс беру үшін қоспаға бояғыш, дәм беретін ароматты заттарды қосып дайындайды. Карамелдерді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін белгілейді. Ол үшін карамелдерді ауыз қуысында толық ерігенше ұстайды. Фармацевтикалық өндірістерде саңырауқұлақтарға қарсы және бактерияға қарсы дәрі дәрмек декамин карамелі шығарылады. Пастилкалар немесе троше (Trochiscius – Nom. Sing; Trochisci-Gen.sing.), дәрілік заттарды қантпен және кілегеймен араластыру жолымен алынатын салмағы тығыз пішінді түріндегі қатты дәрілік түр. Пастилкаларды да ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын емдеу үшін (ауыз қуысында толық ерігінше), кей жағдайда асқорыту жолдарының ауруларын емдеу кезінде ішке белгіленеді.