Әртүрлі дәрілік түрлер Көз қабықшалары мен аэрозольдер жаңа дәрілік түрлер болып табылады, сонда да қазіргі медициналық тәжірибеде өте кеңінен қолданылады,
Көз қабықшалары – Membranulae ophthalmicae (көз пленкалары – Nom. sing. Membranulae ophthalmicae s. s. LаmеІІае. Асс. sіng. Membranulae ophthalmicas. s. Lamellas). Көз қабықшалары - белгілі бір мөлшердегі және құрамындағы дәрілік заттардың көз сұйықтықтығында еритін, өлшемі 9 х 4,5 х 0,35 мм залалсыздандырылған көз пленкасы. Тығындалып жабылған флакондағы пленкаларды 1 жылға дейін сақтауға болады. Көз қабықшалары рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі Құрамында пилокарпин гидрохлориді бар (Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо) 30 көз пленкасына жазыңыз. 1 пленкадан қабақтың төменгі жағына тәулігіне 1 рет белгілеу үшін.
Rр.: Membranulae ophtalmicae сum Ріlосаrріnі һуdrосһlоridо N.30
D.S. 1 пленкадан қабақтың теменгі жағына күніне 1 рет.
Аэрозольдер – Аеrosola (Аэрозоль – Nom.sing. Aerosolum, Асс. sing. Аеrosolum) Аэрозольдер - дисперсті ортасы ауа, газ немесе газдардың қоспасы, ал дисперсті фазасы қатты және сүйық заттардан тұратын өлшемі 1 мкм-ден аспайтын аэродисперсті жүйе. Медициналықтәжірибеде аэрозольдерді ингаляциялау үшін немесе сырт тәнге қолданады. Аэрозольдер рецепте қысқартылған түрде жазылады:
Рецепт үлгісі «Беродуал» аэрозолының (Аеrosolum «Berodual») 1 қорабына жазыңыз. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Rр.: Аеrosolum «Berodual» N.1
D.S. Тәулігіне 3 рет ингаляция үшін.
Аэрозольды препараттарды сырт тәнге ерітінді, линимент, көбік, пластикалық қабықша және т.б. түрінде пайдаланады. Ондай аэрозольдер дерматологияда, хирургияда, гинекологияда қолданылады.