Мотивация



бет1/3
Дата05.10.2022
өлшемі250,95 Kb.
#41491
  1   2   3
Байланысты:
ТФП22-020 shan


Өндірістегі шаңдану және газданудың гигиеналық нормалау мен бағалау және олардың алдын-алу әдістері. Өндірістік аэрозольдер.
Жоспар:
1. Шаңдардың жіктелуі;
2. Өндірістік аэрозольдердің физико- химиялық қасиеттері;
3. Шаңның ағзаға тигізетін әсері;
4. Өндірістік шаңның зиянды әсерінің алдын алу;
Өндірістік шаң деп - мөлшері бірнеше ондаған мкм-ден жүздеген мкм-ге дейін болатын болатын ауада қалқыған, баяу қалқыған бөлшектерді айтады. Шаң аэрозоль болып табылады, яғни ол дисперстік жүйе, оның дисперсті фазасы қатты бөлшектер, ал дисперсті ортасы ауа болып табылады.
Шаңды түзілу тәсілі, шығу тегі және бөлшектерінің мөлшері бойынша жіктейді.
Шығу тегі бойынша органикалық
бейорганикалық және аралас шаңды ажыратады.
Бейорганикалық шаң минералды (кварц, асбест, силикат, цемент шаңы) және металды (мырыш,темір, мыс т.б.) болады.
Аралас шаңға металлургия және т.б. көптеген химиялық өндірістерде түзілетін шаң жатады.
Органикалық шаң табиғи өсімдік және жануар тектес (ағаш, мақта, жүн т.б. шаңдар) және жасанды-пластмасса, резина, бояғыштар т.б. синтетикалық заттардың шаңдары жатады.
Түзілу тәсілі бойынша бөлінеді.
Конденсация
Конденсация аэрозольдері қатты заттарды термиялық айдау процесстерінде: балқыту, электрлік дәнеркерлеу процесстерінде түзіледі.
Дезинтеграция
Дезинтеграция аэрозольдері қатты материалды ұсақтау, бөлшектеу және шашылмалы заттарды тиеу, түсіру, тасымалдау кезінде түзіледі.
Дисперстілігі бойынша:
1) көрінетін шаң - 10 мкм-ден жоғары;
2)микроскопиялық шаң - 0,25-10 мкм;
3) Ультрамикро скопиялық – 0,25-тен төмен шаң бөлшектерін ажыратады.
Өндірістік аэрозолдердің физико-химиялық қасиеттері.
  • И.А.Фукстың жіктемесі бойынша меншікті шаң түріне, дисперстілігіне байланыссыз қатты бөлшекті дезинтеграция аэрозолдері жатады, түтіндерге - қатты дисперсті фазалы конденсация аэрозолдері жатады, тұмандарға - шығу тегі мен дисперстілігіне байланыссыз сұйық дисперсті фазасы болатын барлық аэрозолдер жатады.
  • Шаң бөлшектерінің ауадағы күйін, адам ағзасындағы тағдырын және тигізетін әсерін анықтайтын негізгі қасиеттеріне шаңның шығу тегі мен химиялық құрамы (минералды құрамымен қоса), дисперстілік дәрежесі, ерігіштігі, радиобелсенділік дәрежесі, электрлік қасиеттері, шаңның меншікті беткейі, газдардың шаң бөлшектерімен сіңірілуі, микро-организмдерді тасымалдау қасиеті,жарылыс қауіптілігі және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет